• Менің таңдаулыларым
"Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасау және беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 644 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Назар аударыңыз! Құжаттың 31.07.2014 күші жойылды

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Түсініктемелер жазу, айту
  • Белгі бауына қою
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца(beta)
  • 1

"Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасау және беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 644 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 13 қарашадағы № 523 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 11 желтоқсанда № 8947 тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2014 жылғы 5 қазаннан бастап ҚР Қаржы министрінің 31.07.2014 жылғы № 324 Бұйрығына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
«Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасау және беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 644 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5489 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасау және беру ережесінде:
1-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бөлім. Жалпы ереже»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Ереже бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептіліктің нысандарын, кезеңділігін, мерзімін, жасалу мен беру тәртібін анықтайды, олар мынадай:
республикалық, тиісті мемлекеттік бюджеттердің, мемлекеттік және шоғырландырылған бюджеттердің атқарылуы туралы (бұдан әрі – бюджеттің атқарылуы туралы есеп);
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасын бақылау шотындағы ақша қозғалысы туралы;
мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттер бойынша мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуінен түскен түсімдері мен ақша шығыстары жоспарларының атқарылуы туралы;
мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттер бойынша демеушілік және қайырымдылық көмектен түскен түсімдер және ақшаны жұмсау туралы;
шетел валютасындағы қаражаттың қозғалысы туралы
мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттердің кредиторлық берешегі туралы;
мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттердің дебиторлық берешегі туралы есеп түрлерін қамтиды.»;
2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-бөлім. Бюджеттің атқарылуы туралы есепті жасау және беру тәртібі»;
3-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-бөлім. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры қолма-қол ақшасының бақылау шотындағы ақша қозғалысы туралы есепті жасау мен ұсыну тәртібі»;
4-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-бөлім. Мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттер бойынша тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы, демеушілік және қайырымдылық көмектен түсетін ақшаның түсімі мен жұмсалуы туралы, шетел валютасындағы қаражаттың қозғалысы туралы есепті жасау мен ұсыну тәртібі»;
66, 67, 68-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«66. Жаңа қаржы жылының 1 шілдесіндегі және 1 қаңтарындағы жағдай бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары және ведомство бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің теңгерімдері деректерінің негізінде тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы және осы Ережеге 10, 11 және 20-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша жергілікті және республикалық бюджеттер жөнінде демеушілік және қайырымдылық көмектен түсетін ақша түсімдері мен жұмсалуы туралы есептерді, шетел валютасындағы қаражаттың қозғалысы туралы есепті жасайды және мыналар:
1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары – ведомствоға;
1 шілдедегі жағдай бойынша – есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 10-ы күнінен кешіктірмей, өткен қаржы жылындағы жағдай бойынша - есепті қаржы жылынан кейінгі екінші айдың 15-і күнінен кешіктірмей ұсынады;
2) ведомство - республикалық және жергілікті бюджет бойынша (облыстар бөлінісінде) мемлекеттік бюджеттің атқарылуы туралы есепті, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы және демеушілік және қайырымдылық көмектен түсетін ақша түсімдері мен жұмсалуы туралы есептерді қалыптастыруға жауапты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесіне:
ағымдағы қаржы жылының 1 шілдесіндегі жағдай бойынша – есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 20-сы күнінен кешіктірмей, өткен қаржы жылындағы жағдай бойынша - есепті қаржы жылынан кейінгі үшінші айдың 1-і күнінен кешіктірмей ұсынады.
67. Төмен тұрған бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар жоғары тұрған бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға соңғысы белгілеген мерзімде мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуінен түсетін, олардың иелігінде қалатын ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы, демеушілік және қайырымдылық көмектен түсетін ақшаның түсімі мен жұмсалуы туралы, шетел валютасындағы қаражаттың қозғалысы туралы есептерді ұсынады.
68. Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы, демеушілік және қайырымдылық көмектен түсетін ақшаның түсімі мен жұмсалуы туралы, шетел валютасындағы қаражаттың қозғалысы туралы есептер толық көлемде есепті деректер агрегирленген форматта қағаз тасығышта растала отырып (бюджет шығыстары экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері бойынша деректерсіз) және тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуге байланысты, демеушілік және қайырымдылық көмек түрінде алынған ақшаның қозғалысына және шетел валютасындағы ақшаның қозғалысына әсер еткен негізгі факторларды сипаттайтын түсіндірме жазбасы бар ілеспе хатпен АЖ арқылы ұсынылады.»;
69-тармақ алынып тасталсын;
70-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«70. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның мемлекеттік бюджеттің атқарылуы туралы есепті қалыптастыруға жауапты құрылымдық бөлімшесі ведомство ұсынған есептердің негізінде осы Ережеге 10 және 11-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттер (жиынтық) бойынша мемлекеттік, республикалық және жергілікті (жиынтық) бюджеттер бойынша (қолдармен бекітусіз) тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы және демеушілік және қайырымдылық көмектен түсетін ақшаның түсімі мен жұмсалуы туралы есептерді қалыптастырады.»;
мынадай мазмұндағы 75-1-тармақпен толықтырылсын:
«75-1. Шетел валютасындағы қаражаттың қозғалысы туралы есеп осы Ережелерге 20-қосымшаға сәйкес (4-в-нысаны) нысан бойынша жасалады және былайша толтырылады:
1 және 2-бағандарда бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің коды мен атауы көрсетіледі;
3-бағанда жылының басындағы шетел валютасындағы қаражатын ақша қалдығы көрсетіледі;
4-бағанда жыл басынан бастап өсу қорытындысымен ағымдағы қаржы жылының есепті кезеңіндегі ақша түсімінің сомасы көрсетіледі;
5-бағанда – бағамдық айырма көрсетіледі;
6-бағанда айырбастау үшін түскен бюджет қаражатының сомасы;
7- бағанда 3, 4, 5, 6-бағандардың сомасы;
8 және 9-бағандарда бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің коды мен атауы көрсетіледі;
10-бағанда жыл басынан бастап өсу қорытындысымен ағымдағы қаржы жылының есепті кезеңіндегі ақшаның жүргізілген жұмсалуының сомасы көрсетіледі;
11-бағанда бюджет кірісіне аударылған сома көрсетіледі;
12-бағанда өзге аударымдар көрсетіледі;
13-бағанда есепті кезеңнің аяғындағы шетел валютасындағы қаражатын қалдығы көрсетіледі.»;
5-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«5-бөлім. Мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттердің кредиторлық берешегі туралы есепті жасау және беру ережесін бекіту туралы»;
80-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«80. Кредиторлық берешек туралы есептерді тоқсан сайын:
жедел – 1 сәуір және 1 қазандағы жағдай бойынша: