Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
"Қазақстанның су ресурстарын басқару мемлекеттік бағдарламасы және "Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 1423 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 13.03.2017 жылғы № 113 Қаулысына сәйкес
«Қазақстанның су ресурстарын басқару мемлекеттік бағдарламасы және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Жоба
Қазақстанның су ресурстарын басқару мемлекеттік бағдарламасы және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасын ұзақ мерзімді кезеңде су ресурстарымен тұрақты қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстанның су ресурстарын басқару мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бір ай мерзімде әзірлеп бекітсін;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Бағдарламаны іске асыруды мониторингілеу нәтижелерін «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығында белгіленген мерзімде және тәртіппен енгізсін.
3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей, жарты жылда бір рет Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
5. «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 25-26, 185-құжат; 2011 ж., № 3-4, 39-құжат; 2012 ж., № 9, 171-құжат; № 47, 626-құжат; 2013 ж., № 11, 200-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесі» мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 10-жолмен толықтырылсын:
«
10. | Қазақстанның су ресурстарын басқару мемлекеттік бағдарламасы | Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі | | 2014 – 2040 жылдар | |
»;
6. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
7. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 1423 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Қазақстанның су ресурстарын басқару мемлекеттік бағдарламасы
1. Бағдарламаның Паспорты
Атауы | Қазақстанның су ресурстарын басқарудың мемлекеттік бағдарламасы |
Әзірлеу үшін негіздеме | Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 18 желтоқсандағы № 449 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шараларының жалпы ұлттық жоспары. |
Әзірлеуші | Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі . |
Бағдарламаның мақсаты | Қазақстан Республикасында су қауіпсіздігін қамтамасыз ету және су ресурстарын тиімді пайдалану |
Міндеттері | 1. Су саласындағы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету; 2. Су саласындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың пайда болу қаупі кезінде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. |
Іске асырудың мерзімі мен кезеңдері | 2014 – 2020 жылдар I – ші кезең 2014 – 2020 жылдар II – ші кезең 2021 – 2040 жылдар |
Мақсатты индикаторлар | 1. 2020 жылға ЖІӨ бірлігіне суды тұтынуды төмендету нақты шамада 33 % 2012 жылғы деңгейге және 2040 жылға 77 % 2012 жылғы деңгейге сәйкес. 2. Бассейн бойынша ең жылдам тапшылықты басқару жалпы 2020 жылға және әр бассейн бойынша 2030 жылға тапшылықтың болмауы. 3. Орталық ауыз сумен қамту жүйесінде тұрақты қол жетімділігі бар суды тұтынушылардың үлесі 2020 жылға 100 % кем емес, сондай-ақ 2020 жылға 20 % төмен емес және 2040 жылға ауылдық аудандарда 50 % төмен емес. 4. Су ресурстарын басқарудың қолданыстағы тиімді жүйесі ең үздік әлемдік тәжірибелерге және 2020 жылға су ресурстарын шоғырландырып басқару принциптеріне сәйкес. |
Қаржыландыру көздері мен көлемдері | Мемлекеттік бюджет және су пайдаланушылар мен су тұтынушылардың қаржысы, мемлекет қатыстырылған ұлттық компаниялар мен ұйымдардың, отандық және халықаралық қаржы ұйымдарының қарыз қаражатын қоса алғанда. Республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландыру көлемі жоспарланған кезеңге тиісті бюджеттер қалыптастырылған кезде нақтыланатын болады. 2014 жылдан 2040 жылға дейін инвестициялық бағамы 8,2 трлн.теңгені құрайды, оның 5,4 трлн.теңгесі республикалық және жергілікті бюджеттен, ал 2,8 трлн.теңге жеке қаржыландырудан және халықаралық даму институттарының қаражатынан және басқа қаражаттар. Республикалық және жергілікті бюджет шығындары бюджеттік инвестицияларға және капиталдық шағындарға бағытталады, сонымен қатар республикалық және коммуналдық су шаруашылығы объектілерінің және иесіз инфрақұрылымды, гидромелиоративтік инфрақұрылымды және жайылымдарды суландыру жүйелеріне инвентаризация, паспортизация және мемлекеттік тіркеу Бағдарламаны жүзеге асырудың бастапқы кезеңінде қарастырылған. Республикалық және жергілікті бюджет қаражатының көлемі тиісті бюджетті жоспарланған кезеңде құрған кезде анықталады. |
2. Кіріспе
Қазақстанның су ресурстарын басқарудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі — Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 18 желтоқсандағы № 449 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шараларының жалпы ұлттық жоспарына сәйкес әзірленді.
Су ресурстарының тапшылығы мен осалдығы жағдайында су қауіпсіздігінің проблемасы мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігінің компоненті ретінде қарастырылады.
Бағдарлама экожүйені сақтау үшін су ресурстары тапшылығын болдырмау, экономиканың жоспарланған өсімін қамтамасыз ету, сондай-ақ су ресурстарын басқару жүйесін жетілдіру мәселелерін шешуге бағытталған. Сонымен қатар бюджетке және тарифтердің өсу қарқынына ауыртпалық жасауына тікелей қатысты болғандықтан, іске асырылатын бастамалардың ең төменгі салыстырмалы құнын қамтамасыз ету маңызды.
Қазіргі уақытта Қазақстан су ресурстарының тапшылығын бастан кешіре бастады және 2040 жылға қарай су қажеттілігінің 50% көлемінде күрделі су тапшылығына1 тап болады. Қазақстанның 8 бассейнінің екеуінде – Арал-Сырдария және Нұра-Сарысу бассейндерінде су тапшылығы бар, ал 2030 жылға қарай су тапшылығы алты бассейнде басым болады. Су тапшылығы халықтың өмір сүру деңгейіне және экологиялық жүйеге едәуір әсер етеді, бірақ, өте маңыздысы, - өзімен экономикалық өсуге елеулі қауіп тудырады. Дегенмен, 1,3 трлн. теңге өзіндік құнында инфрақұрылымды жетілдіру және дамыту есебінен 2040 жылға су ресурстарының күтілген тапшылығын қысқарту, су ресурстарын тиімді пайдалану бойынша өзі қаржыландыратын шаралар, сондай-ақ 4,5 трлн. теңге құнымен елді мекендерді сумен қамту және су тарту жүйесін жетілдіру мүмкіндігі бар.
Су ресурстары тапшылығын жою үшін су ресурстарының пайдалану тиімділігі сияқты, қол жетімді көлемдерін өсіруді басқару қажет. Бірінші топтағы шаралары тұтынушылар санаттары бойынша суды салыстырмалы тұтынуды ұтымды ету және төмендетуге бағытталған. Бұл топқа су жинау алаңының орманды жерін ұлғайту және инфрақұрылымның барлық түрі бойынша суды жеткізуде шығынның деңгейін төмендетуге бағытталған шаралар енгізілген. Екінші топтың шаралары инфрақұрылым жобаларын іске асыру мен жер асты су ресурстарын барлау, халықаралық ынтымақтастықты күшейту арқылы су ресурстарының қол жетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Егер суды тұтынудың тиімділігін көтеру және қол жетімді су ресурстарын ұлғайту бойынша жеткілікті шаралар қабылданбаса, су тапшылығы келесі салдарға әкелуі мүмкін:
1) Солтүстік Арал, Орталық Қазақстанның өзен дельтасында және батпақты жүйелерінде, Балқаш көлінде ерекше, балық аулау кәсібі мен өзен және көл экожүйесінің әрі қарай деградациясымен табиғатты қорғау мақсатында су жіберуді төмендету және т.б.;
2) ауыл шаруашылығында ерекше, экономика мақсаттарында су тұтынуды нормалау, сондай-ақ гидроэнергетикалық салада, өнеркәсіпте, бұдан басқа елді мекендерді сумен қамтуда үзілістердің болуы;
3) пайдалануға жаңа сумен қамту көздерін енгізу қажеттілігіне байланысты сумен қамтамасыз етуге шығындарды (екінші қайта пайдалану, салинациналған зауыттар, магистралдық құбыр өткізгіштер) және бассейндер арасындағы су ресурстарын бұруды көтеру.
Көрсетілген шараларға толықтыру ретінде бірінші және екінші топтарға қазіргі заманғы жағдайда климаттың өзгеруі Қазақстан үшін орманның қызметі, су ресурстарын орнықты жағдайда сақтау және ұстау, атмосферадан көмірқышқыл газын жұту сияқты іс-әрекеттер түбегейлі болып отыр. Өзендердің сортаңдану және олардың ағысы көлемінің қысқару барысын болдырмау мақсатында таулы, тоғайлы және жайылымды ормандарды сақтауды, сондай-ақ су бұру алаңдарының орманды өсіруді қамтамасыз ету қажет. Экологиялық жүйелерді орнықты дамыту және биологиялық әртүрлілікті сақтау мақсатында жүйелі негізде ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан су айдындарына қатысты проблемалық мәселелерді шешуді қамтамасыз ету қажет.
Сонымен қатар су ресурстарын шоғырландырып басқару тәжірибесі мен принциптерін нығайту, су ресурстарын басқару бойынша мекемелерде персоналдың біліктілік деңгейін көтеру бойынша мемлекеттік қолдауды кеңінен қамтамасыз ету, сондай-ақ халықаралық-құқықтық келісімдер негізінде, трансшекаралық ынтымақтастықты нығайту өте маңызды.
__________________
1ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің, СРК және оның бассейндік инспекциялары, қазақстандық және халықаралық институттар мәліметтерінің негізінде жасалған Жұмыс тобының талдамасы, оның ішінде Қазақстанмен шекаралас мемлекеттердің экономикалық өсімінің болашағы.
2Экономиканың орнықты дамытуда.
3. Ағымдағы жағдайды талдау
Су ресурстары тапшылығының қаупін төмендету мақсатында соңғы жылдары Қазақстанның су ресурстарын басқаруда позитивтік уәждеме белгіленген, атап айтсақ, су ресурстарын бассейндік принципте басқаруға ауысу, ол ең үздік халықаралық тәжірибелерге сәйкес келеді, сондай-ақ су шаруашылығы мен гидромелиоративтік инфрақұрылымды өсімді қаржыландыру су шығынын төмендетуге және инфрақұрылымның қауіпсіздігін көтеруге мүмкіндік береді.
Сол уақытта, су ресурстарын басқарудың жақсаруына қарамастан, едәуір проблемалар әлі де шешілмеген болып қалады:
1) қол жетімді ресурстарды азайту сияқты, тұтыну өсіміне де негізделген, соңғы 30 жылдың ішінде 10 км3-ден 12 км3 дейін көлемде су ресурстарының қолданыстағы тапшылығы күтілуде (50 % экономиканы дамытудағы тұтынушылықтан қолданыстағы траекторий және суды тұтынуы бойынша ағымдағы тәжірибені сақтау)3;
2) тапшылықты болдырмау бойынша көптеген күш-жігер негізінде суға тұтынушылықты қысқарту емес, инфрақұрылымды дамытуға негізделген. Мега-жобалар су ресурстарындағы тапшылық мәселелерін шешудің негізі болып табылады;
3) Қазақстанда басқа да мемлекеттермен салыстырғанда су ресурстарын пайдаланудың (өнімділігінің) төменгі тиімділігі: еліміздің экономикасына АҚШ немесе Ресейге қарағанда жиынтықты ішкі өнімнің (бұдан әрі-ЖІӨ) долларына су үш есе артық, Австралияға қарағанда алты есе артық талап етіледі;
4) қолданыстағы тарифті құру құрылымы, ауыл шаруашылығында ерекше, су ресурстарын тиімді пайдалануды ынталандырмайды және меншік иелерінің операциялық және капиталды шығындарын инвесторлардың жабуына мүмкіндік бермейді;
5) су ресурстарын тиімді пайдалануды ынталандыру бойынша күш барлық секторларда жеткіліксіз, алайда бәрінен бұрын – ауыл шаруашылығында, ондағы шығындар 66 пайызға дейін құрайды;
6) магистралдық және тарату каналдарына қосуға техникалық шартта қосылатын каналдардың техникалық жағдайы ескерілуі тиіс (мысалы, каналдың ПӘК 0,8 төмен болмауы тиіс);
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |