• Мое избранное
"Қазақстан Республикасының азаматтық және эксперименттік авиациясы әуе кемелерінің экипаж мүшелерінің жұмыс уақыты мен демалысын ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 сәуірдегі № 437 Қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 12.09.2015 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

"Қазақстан Республикасының азаматтық және эксперименттік авиациясы әуе кемелерінің экипаж мүшелерінің жұмыс уақыты мен демалысын ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 сәуірдегі № 437 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 1425 қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 12 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 01.09.2015 жылғы № 728 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. «Қазақстан Республикасының азаматтық және эксперименттік авиациясы әуе кемелерінің экипаж мүшелерінің жұмыс уақыты мен демалысын ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 сәуірдегі № 437 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 34, 409-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық және эксперименттік авиациясы әуе кемелерінің экипаж мүшелерінің жұмыс уақыты мен демалысын ұйымдастыру қағидасында:
2-тармақта:
1), 16) және 20) тармақшалар алынып тасталсын;
4), 6) және 13) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«4) әуе кемесінің бортындағы демалу орны – күшейтілген ұшу экипажының мүшесі үшін бизнес-салонның соңғы қатарындағы кресло, күшейтілген экипаждың қызмет көрсететін персоналы үшін экономикалық сынып салонының соңғы қатарындағы кресло. Ұшатын жұмыс уақыты 13 сағаттан асқан жағдайда, күшейтілген ұшу экипажының мүшелеріне арналған демалу орны тігінен 800 (сексен) және одан артық бұрышқа шалқаятын, экипаж кабинасынан және жолаушылардан оқшауланған, желдеткішпен қамтамасыз етілген жиналмалы ыңғайлы креслолармен жабдықталуға тиіс. Қос экипажға арналған демалу орны, экипаж кабинасынан және жолаушылардан оқшауланған, желдеткішпен қамтамасыз етілген жатып демалу орындарымен жабдықталуға тиіс;»;
«6) ең көп жұмыс уақыты – көрсетілген кезеңдердегі жұмыс уақытының жиынтығын құрайтын тізбекті кез келген 7 (жеті) тәулікте (апта), тізбекті кез келген 28 (жиырма сегіз) тәулікте (ай), тізбекті кез келген 365 (үш жүз алпыс бес) тәулікте (жыл) сенімді кәсіптік қызмет үшін экипаждың (экипаж мүшесінің) психофизиологиялық функцияларының қажетті деңгейі сақталатын жалпы жұмыс кезеңі;»;
«13) демалыс күні – негізгі әуежайда немесе оның шегінен тысқары жерде демалу уақыты, ол жергілікті уақыт бойынша 2 (екі) түнді қамтиды және кемінде тізбекті 36 (отыз алты) демалыс сағатын құрайды;»;
17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«17) күшейтілген ұшу экипажы – мүшелерінің саны әуе кемесін басқару үшін ең төменгі қажеттіліктен асатын және ұшу экипажының әрбір мүшесі ұшу кезінде демалу мақсатында өзіне белгіленген жұмыс орнын тастап, ұшу экипажының әуе кемесін басқару кезіндегі лауазымдық міндеттерге сәйкес келетін біліктілігі бар басқа мүшесімен ауыса алатын ұшу экипажы;»;
25), 26), 27), 29), 30) және 35) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«25) ұшу алдындағы демалу уақыты – лауазымдық міндеттерін атқарғанға дейінгі үзіліссіз және белгілі бір уақыт кезеңі, онда ұшу экипажының немесе кабина экипажының мүшелері барлық лауазымдық міндеттерін атқарудан босатылады, ұшу алдындағы демалу уақыты ұшудан кейінгі демалу уақытымен сәйкес келуі немесе оның бір бөлігі болуы мүмкін;
26) ұшу арасындағы демалу уақыты – лауазымдық міндеттерін атқару кезеңінен кейінгі және оған дейінгі үзіліссіз және белгілі бір уақыт кезеңі, онда ұшу экипажының немесе кабина экипажының мүшелері барлық лауазымдық міндеттерін атқарудан босатылады;
27) ұшатын жұмыс уақыты – экипаж мүшесі өзінің ұшуды немесе ұшулар сериясын орындауды қамтитын лауазымдық міндеттерін атқару үшін келген кезде басталатын және өзі экипаж мүшесі болып табылатын ұшу аяқталғаннан кейін әуе кемесі толықтай тоқтаған кезде аяқталатын уақыт кезеңі;»;
«29) ұшу уақыты: ұшақтар үшін – ұшып көтерілу мақсатында қалып жиналып, әуе кемесі қозғала бастаған сәттен бастап ұшу аяқталғаннан кейін ұшақ толықтай тоқтап, қалыптар орнатылған және барлық қозғалтқыштар немесе әуе бұрандаларының айналуы ажыратылған сәтке дейінгі жалпы уақыт;
тікұшақтар үшін – ұшып көтерілу мақсатында тікұшақтың тірек бұрандаларының қалағы айнала бастаған және қозғала бастаған сәттен бастап ұшу аяқталғаннан кейін тікұшақ толықтай тоқтаған және тірек бұрандаларының айналуы тоқтаған сәтке дейінгі жалпы уақыт;
30) ұшудан кейінгі демалу уақыты – лауазымдық міндеттер атқарылған кезеңнен кейінгі үзіліссіз және белгілі бір уақыт кезеңі, онда ұшу экипажының немесе кабина экипажының мүшелері барлық лауазымдық міндеттерін атқарудан босатылады, ұшудан кейінгі демалу уақыты ұшу алдындағы демалу уақытымен сәйкес келуі немесе оның бір бөлігі болуы мүмкін;»;
«35) пайдаланудағы болжанбаған мән-жайлар – жоспарлауға болмайтын оқиғалар, мысалы пайдаланушыға байланысты болмайтын алдын ала болжанбаған ауа райы жағдайы, жабдықтардың бұзылуы немесе әуе қозғалысының кідіруі;»;
мынадай мазмұндағы 36) тармақшамен толықтырылсын:
«36) қолайлы үй-жай – ұшу экипажының және кабина экипажының қанағаттанарлықтай демалу мүмкіндігін қамтамасыз ететін жиһаздалған бөлме.»;
7-тармақта:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) резервте кезекшілікте болған, ұшып кетуді күту кезінде қолайлы үй-жайларда өткізілген уақыт;»;
11) тармақшадағы «уақыты ретінде айқындалады.» деген сөздер «уақыты;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
«12) экипаж (экипаж мүшесі) тікелей тренажер кабинасында әуе кемесінің кешенді тренажеры пайдаланылатын жұмысқа жұмсаған уақыты ретінде айқындалады.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Экипаж мүшесінің жұмыс уақытының ең көп ұзақтығы осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес белгіленеді.»;
9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Экипаждың (экипаж мүшесінің) ұшу уақытына:
1) ұшақтар үшін – ұшып көтерілу мақсатында қалып жиналып, әуе кемесі қозғала бастаған сәттен бастап ұшу аяқталғаннан кейін ұшақ толықтай тоқтап, қалыптар орнатылған және барлық қозғалтқыштар немесе әуе бұрандаларының айналуы ажыратылған сәтке дейінгі жалпы уақыт;
2) тікұшақтар үшін – ұшып көтерілу мақсатында тікұшақтың тірек бұрандаларының қалағы айнала бастаған және қозғала бастаған сәттен бастап ұшу аяқталғаннан кейін тікұшақ толықтай тоқтаған және тірек бұрандаларының айналуы тоқтаған сәтке дейінгі жалпы уақыт.
10. Коммерциялық әуе тасымалын орындау кезінде экипаж мүшесінің айына және жылына ұшу уақытының ең көп ұзақтығы осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
Коммерциялық әуе тасымалын орындау кезінде экипаж мүшесінің айына және жылына ұшу уақытының ең көп ұзақтығы экипаж мүшесінің жазбаша келісімімен тізбекті кез келген 365 (үш жүз алпыс бес) тәулік үшін 900 (тоғыз жүз) сағат және тізбекті кез келген 28 (жиырма сегіз) тәулік үшін 100 (жүз) сағат болып белгіленеді.»;
мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:
«12-1. Экипаж мүшесінің ұшатын жұмыс уақытына:
1) кемінде 1 (бір) сағат ұшу алдындағы дайындық уақыты;
2) экипаж мүшесінің ұшатын уақыты;
3) ұзақтығы 2 (екі) сағаттан аспайтын демалуға және ас ішуге арналған үзіліс уақытын қоспағанда, әуежайларда (аралық және базалық) тұру уақыты;
4) қандай да бір себептер бойынша кешіккен жағдайда, ұшып шығуды күту уақыты;
5) пайдаланушының нұсқауы бойынша кейіннен аралық демалыссыз ұшуды орындай отырып, экипаждың лауазымдық міндеттерін орындау орнына баруына жұмсалған уақыт кіреді.
Коммерциялық әуе тасымалын орындау кезінде экипаж құрамын ескере отырып, экипаж мүшесінің ұшу уақытының ең көп ұзақтығы осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес белгіленеді.»;
13, 14, 15 және 22-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Ұшатын жұмыс уақыты қолайсыз кезеңде басталатын, аяқталатын немесе оны тұтастай қамтитын жағдайларда, ұшатын жұмыс уақытының ең көп ұзақтығы экипаж мүшесінің қолайсыз кезеңде болу уақытының мөлшеріне азайтылады, бірақ 2 (екі) сағаттан аспайды.
Ұшатын жұмыс уақыты қолайсыз кезеңнің 50 %-дан астамын қамтитын жағдайларда, ұшудан кейінгі демалу уақытының ұзақтығы ұшатын жұмыс уақытының екі еселенген мөлшерінен кем болмауға тиіс.
14. Пайдалануда болжанбаған мән-жайлар туындаған кезде пайдаланушы әуе кемесі және экипаж командирімен келісім бойынша ұшатын тәуліктік жұмыс уақытының ең көп ұзақтығын 1 (бір) сағатқа ұзарта алады.
15. Пайдаланушының шешімі бойынша ұшатын ең көп жұмыс уақытын ұзарту жүргізілгені туралы пайдаланушы мұндай шешім қабылдаудың себептерін көрсетіп, ұзартқаннан кейін 28 (жиырма сегіз) күнтізбелік күннен кешіктірмей уәкілетті органды хабардар етеді.»;
«22. Ұшу кестесі ұшудың жоспарланатын уақыты рұқсат етілген ең көп ұшатын жұмыс уақытынан аспайтындай түрде жасалуға тиіс. Осы мақсатта пайдаланушы жоспарланатын ұшу кестесін өзгерту не экипажды жоспарлауды өзгерту бойынша дереу шаралар қабылдайды.
Егер ұшу экипажы мүшесінің ұшу қауіпсіздігіне кері әсер ететіндей шамада шаршап тұрғаны белгілі болса немесе болжанса, пайдаланушы ұшу экипажының бұл мүшесіне әуе кемесін басқаруды тапсырмайды.»;
30 және 31-тармақтар алынып тасталсын;
34, 35 және 37-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«34. Базалық әуежайда ұшу алдындағы демалудың ең аз уақыты, ұзақтығы жағынан қайсысы неғұрлым ұзағырақ болғанына байланысты алдыңғы жұмыс уақытына немесе 12 (он екі) сағатқа тең болуға тиіс.
35. Базалық әуежайдан тыс жерде ұшу алдындағы демалудың ең аз уақыты, ұзақтығы жағынан қайсысы неғұрлым ұзағырақ болғанына байланысты алдыңғы жұмыс уақытына немесе 10 (он) сағатқа тең болуға тиіс.»;
«37. Экипаж мүшелеріне аптасына бір демалыс күні беріледі, ол кемінде 36 (отыз алты) тізбекті демалыс сағатын құрайды және 2 (екі) түнді қамтуға тиіс, әрбір түн жергілікті уақыт бойынша сағат 22.00-ден 08.00-ге дейінгі аралықтағы 8 (сегіз) сағаттан тұратын кезеңді білдіреді.
Демалыс күні демалыс күнінің аяқталуы мен келесі демалыс күнінің басталуының арасындағы кезең 168 (жүз алпыс сегіз) сағаттан аспайтындай түрде беріледі. Ұшу алдындағы және ұшудан кейінгі демалу кезеңі демалыс күнінің бір бөлігі болуы мүмкін.»;
42-тармақ алынып тасталсын;
44, 45, 49, 53, 55 және 63-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«44. Экипаж мүшесінің демалыс уақыты экипаждың алдыңғы қызметіне тікелей жұмсалған жұмыс уақыты аяқталған және барлық лауазымдық міндеттерін атқарудан босатылған сәттен бастап есептеледі.
45. Пайдаланушы экипаж (экипаж мүшесі) үшін әдеттегі кестеге сәйкес салыстырмалы түрде ұзақ күту кезеңдері көзделген әуеайлақтардағы, межеленген пункттердің әуежайларындағы және аралық аялдама пункттеріндегі қолайлы үй-жайларда демалуды қамтамасыз етеді.»;
«49. Пайдаланудағы болжанбаған мән-жайлар кезінде әуе кемесі командирінің шешімімен ұшатын жұмыс уақытының ең көп ұзақтығы 2 (екі) сағаттан аспайтын, ал күшейтілген ұшу экипажы пайдаланылған жағдайда, 3 (үш) сағаттан аспайтын уақытқа ұзартылуы мүмкін.»;
«53. Егер ұшатын жұмыс уақытының ұлғайтылуы немесе экипаж мүшелерінің демалу уақытының қысқартылуы 1 (бір) сағаттан асып кетсе, пайдаланушы әуе кемесі командирі есебінің көшірмесін қоса беріп және қабылданған шешімнің себептерін көрсетіп, көрсетілген оқиғалар орын алған күннен бастап 28 (жиырма сегіз) күнтізбелік күннен кешіктірілмейтін мерзімде бұл туралы уәкілетті органды хабардар етеді.»;
«55. Үй резервіндегі кезекшілік уақыты ұзақтығы 12 (он екі) сағат болатын үзіліссіз бір кезеңнен аспауы тиіс. Үй резервтерінің саны шектелмейді.
Ұшу тапсырмасын орындау үшін экипаж (экипаж мүшесі) үй резервіндегі кезекшіліктен шақырылып алынған жағдайда, үй резервінде өткізілген уақыт жұмыс уақыты болып есептеледі, бірақ алдағы ұшатын жұмыс уақытына қосылмайды, бір ай үшін жеке есептеледі және үстеме жұмысқа жатқызылмайды.»;
«63. Оқу және (немесе) жаттығу ұшуларын орындау кезінде ұшатын жұмыс уақытының ұзақтығы, ұшу уақыты және қонуға бет алу саны бойынша мынадай шектеулер белгіленеді:
1) ұшатын жұмыс уақытының ұзақтығы 10 (он) сағаттан аспайды;
2) ұшатын жұмыс уақытындағы ұшу уақыты 6 (алты) сағаттан аспайды;
3) қонуға бет алу саны 25 (жиырма бес) реттен аспайды;
4) сертификатталған ең ауыр ұшып көтерілу салмағы бес мың жеті жүз килограмнан аз ұшақтар мен сертификатталған ең ауыр ұшып көтерілу салмағына қарамастан тікұшақтар үшін қонуға бет алу саны 40 (қырық) реттен аспайды.»;
мынадай мазмұндағы 66-1-тармақпен толықтырылсын:
«66-1. Авиациялық жұмыстарды орындау кезінде ұшу экипажының мүшелері үшін ұшатын жұмыс уақыты ішінде қонудың мынадай шекті саны белгіленеді:
1) ұшақта – 45 қону;
2) тікұшақта – 55 қону.»;
71-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) сертификатталған ең ауыр ұшып көтерілу салмағы 5 700 (бес мың жеті жүз) килограмм және одан жоғары ұшақтардың экипаждары үшін – жұмыс уақытының 13 (он үш) сағат 00 (нөл нөл) минутқа дейінгі ұзақтығымен 11 (он бір) сағатқа дейін.
1 (бір) тәулікте ұшу уақытын белгіленген нормадан тыс арттыруға 1 (бір) жылдың ішінде 3 (үш) айдан артық жол берілмейді.
Бір ай ішіндегі ұшу уақытының ұзақтығы авиациялық жұмыстарды орындайтын экипаждың жазбаша келісімімен 100 сағатқа дейін, бірақ бір жыл ішіндегі ұшу уақытының жалпы ұзақтығы осы Қағидаға 4-қосымшада белгіленген нормалардан асып кетпеуі үшін жылына үш реттен асырмай ұзартылуы мүмкін.»;
72-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«72. Еңбекті ұйымдастырудың вахталық әдісі кезінде әуе кемесінің экипаждары жұмысының ұзақтығы экипаждың барлық мүшелерінің пікірлері мен денсаулық жағдайларын ескере отырып және жұмыс уақыты мен демалу уақыты нормалары сақталған кезде 28 (жиырма сегіз) күнтізбелік күн ішінде 15 (он бес) күннен аспауға тиіс.
Вахталық әдіс кезінде әуе кемесінің экипаждары жұмысының ұзақтығы экипаж мүшелерінің жазбаша келісімімен күнтізбелік отыз күнге дейін ұзартылуы мүмкін.»;
көрсетілген Қағидаға 1, 2 және 4-қосымшалар осы қаулыға 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес көрсетілген Қағидаға 5-қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                          С. Ахметов 
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1425 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының азаматтық
және эксперименттік авиациясы әуе
кемелерінің экипаж мүшелерінің
жұмыс уақыты мен демалысын
ұйымдастыру қағидасына
1-қосымша
Экипаж мүшесінің жұмыс уақытының ең көп ұзақтығы
 
Уақыт кезеңі Сағаттар
Апта 60 сағат
Ай 190 сағат
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1425 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасының азаматтық
және эксперименттік авиациясы әуе
кемелерінің экипаж мүшелерінің
жұмыс уақыты мен демалысын
ұйымдастыру қағидасына
2-қосымша
Коммерциялық әуе тасымалдарын орындау кезінде экипаж мүшесінің айына және жылына ұшу уақытының ең көп ұзақтығы
 
Әуе кемелері Ұшу уақыты (сағат)
28 (жиырма сегіз) тізбекті тәулік 365 (үш жүз алпыс бес) тізбекті тәулік
Ұшақтар үшін 90 сағат
100 сағат (экипаж мүшесінің келісімімен)
800 сағат
900 сағат (экипаж мүшесінің келісімімен)
Тікұшақтар үшін 80 сағат
90 сағат (экипаж мүшесінің келісімімен)
800 сағат
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1425 қаулысына
3-қосымша
Қазақстан Республикасының азаматтық
және эксперименттік авиациясы әуе
кемелерінің экипаж мүшелерінің
жұмыс уақыты мен демалысын
ұйымдастыру қағидасына
4-қосымша
Авиациялық жұмыстарды орындау кезінде жұмыс және ұшу уақытының рұқсат етілетін ең көп нормалары (сағат)
 
Әуе кемесінің түрі Жұмыс уақыты Ұшу уақыты
тәулік ай жыл тәулік ай жыл
1 пилоты бар ұшақты пайдалану 10 190 1470 7 80 700
2 пилоты бар ұшақты пайдалану 10 190 1470 8 90 800
1 пилоты бар тікұштақты пайдалану 10 190 1470 7 80 700
Бортоператорларға арналған 2 пилоты бар тікұшақты пайдалану 10 190 1470 8 90 800
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1425 қаулысына
4-қосымша
Қазақстан Республикасының азаматтық
және эксперименттік авиациясы әуе
кемелерінің экипаж мүшелерінің
жұмыс уақыты мен демалысын
ұйымдастыру қағидасына
5-қосымша
Коммерциялық әуе тасымалдарын орындау кезінде экипаж құрамын ескере отырып, экипаж мүшесінің ұшатын жұмыс уақытының ең көп ұзақтығы
 
Экипаж құрамы Бір экипаж Күшейтілген экипаж Қос экипаж
Уақыты 13 сағат 15 сағат 17 сағат