• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жіберу қағидасын бекіту туралы" 2010 жылғы 18 қазандағы № 1069 және "Азаматтық авиация саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 Қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2012 жылғы 13 қыркүйектегі № 1195 Қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 13.01.2017 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жіберу қағидасын бекіту туралы" 2010 жылғы 18 қазандағы № 1069 және "Азаматтық авиация саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2012 жылғы 13 қыркүйектегі № 1195 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 1426 қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 13 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 29.12.2016 жылғы № 901 Қаулысына сәйкес
= red >Редакция 25.04.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жіберу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 қазандағы № 1069 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 55, 533-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жіберу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 25.04.2014 жылғы № 400 Қаулысымен (30.12.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.06.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Осы қаулы Қағиданың 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағы 2) тармақшасының бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші және он сегізінші абзацтарын, сондай-ақ 4-тармағын, 8-тармағының 1) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі    С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1426 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 18 қазандағы
№ 1069 қаулысымен
бекітілген
Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жіберу қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жіберу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 21) тармақшасына, Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның (Чикаго, 1944 ж.) 6-қосымшасына сәйкес әзірленді және пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жіберу тәртібін айқындайды.
1. Осы Қағидада мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) өтінім – өтініш берушінің сертификаттау рәсімінен өту үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға жазбаша өтініші;
2) өтініш беруші – авиациялық жұмыстарды орындауға куәлік алу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға өтініш берген жеке немесе заңды тұлға;
3) сертификаттық тексеру – азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жүзеге асыратын өтініш беруші құралдарының, жабдықтарының, пайдалану рәсімдерінің, технологиялық процестерінің, құжаттамасының, ұйымдық құрылымының, әкімшілік, ұшу және жердегі персоналы құзыретінің сертификаттау талаптарына сәйкестігін тексеру;
4) сертификаттық талаптар – азаматтық авиацияны сертификаттау саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптар;
5) ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқау – ұшу тәртібін, ұйымдастырылуын, қамтамасыз етілуін және орындалуын регламенттейтін құжат;
6) техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушы нұсқауы – аталған пайдаланушының әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету бойынша барлық жоспарлы және жоспарлы емес жұмыстарын уақтылы және қанағаттанарлық орындалуын басқару мүмкіндігін қамтамасыз ететін пайдаланушы рәсімдерінің сипатын қамтитын құжат;
7) авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлік – пайдаланушының осы Қағиданың талаптарына және сертификаттық талаптарға сәйкестігін куәландыратын, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган берген құжат;
8) техникалық қызмет көрсету бағдарламасы – техникалық қызмет көрсету бойынша нақты жоспарлы жұмыстардың сипатын және оларды орындау мерзімділігін, сондай-ақ сол әуе кемелеріне қатысты пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті олармен байланысты рәсімдерді қамтитын құжат.
3. Авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлік үш жыл мерзімге беріледі және оны басқа тұлғаға беруге болмайды.
4. Авиациялық жұмыстарды орындайтын пайдаланушыны сертификаттағаны үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде айқындалған тәртіппен және мөлшерде алым алынады. Авиациялық жұмыстарды орындайтын пайдаланушыны сертификаттау мемлекеттік бюджетке көрсетілген алым төленгеннен кейін жүзеге асырылады.
5. Пайдаланушы авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікте белгіленген пайдалану талаптары мен шектеулерді сақтайды.
2. Сертификаттауды жүргізу тәртібі
6. Сертификаттау мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) өтініш берушінің азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға өтінімді құжаттармен қоса беруі;
2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның алдын ала бағалауы және өтінім бойынша шешім қабылдауы;
3) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның сертификаттық тексеру жүргізуі;
4) шешім қабылдау және авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлік беру (беруден бас тарту).
7. Жалпы сертификаттау мерзімі 2 (екі) айдан аспауы тиіс.
3. Өтінім беру, алдын ала бағалау және өтінім бойынша шешім қабылдау
8. Өтініш беруші осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға өтінім жібереді.
Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) авиациялық жұмыстарды орындайтын пайдаланушыны сертификаттау үшін төленген алымды растайтын құжат;
2) заңды тұлғаны тіркеу туралы куәліктің көшірмесі, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* көшірмесі немесе анықтама.
Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
3) өтініш беруші жарғысының және құрылтай шартының көшірмелері;
4) өтініш берушінің мынадай ақпараты:
өтініш беруші қызметінің негізгі орны;
ұшудың болжамды түрлері;
ұшу жұмысын ұйымдастыру;
ұшу жарамдылығын қолдау жүйесі;
ұшуды қамтамасыз ету;
ұшу персоналының және техникалық персоналдың әзірлігі;
техникалық қызмет көрсету объектілерінің әзірлігі;
әуе кемелерінің әзірлігі;
5) басқарма құрылымы және лауазымы, Т.А.Ә., білімі, біліктілігі және жұмыс тәжірибесі көрсетілген жауапты тұлғалар;