• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 13.01.2017 г

Отправить по почте

"Сертификаттау және үлгі сертификатын беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 маусымдағы № 678 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1513 қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 13 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 29.12.2016 жылғы № 901 Қаулысына сәйкес
1. «Сертификаттау және үлгі сертификатын беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 маусымдағы № 678 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 42, 550-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Сертификаттау және үлгі сертификатын беру қағидасында:
«13) мемлекеттік сынау – әуе кемесі үлгісінің ұшуға жарамдылық нормаларының талаптарына сәйкестігін көрсету»;
«3-1. Азаматтық әуе кемесінің үлгісін сертификаттағаны үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалатын тәртіппен және мөлшерде алым алынады. Азаматтық әуе кемесінің үлгісін сертификаттау мемлекеттік бюджетке көрсетілген алым төленгеннен кейін жүзеге асырылады.»;
«6. Қазақстан Республикасының авиациялық кәсіпорындарында жасалған азаматтық әуе кемелері Қазақстан Республикасының қолданыстағы ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігі тұрғысынан зауыттық, мемлекеттік және пайдаланып сынаудан өткеннен кейін оларды сериялық өндірістің алдында азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган сертификаттауға тиіс.»;
«8. Әуе кемесінің үлгісін зауыттық сынауды жүргізу басталғанға дейін әзірлеуші мен жасап шығарушы аталған дананың жұмыс бабындағы конструкторлық құжаттамаға сәйкестігін куәландыратын формуляр, паспорт немесе оларға балама құжатты ресімдейді. Әуе кемесін мемлекеттік сынау көрсетілген құжаттар болған жағдайда ғана басталады.»;
«3) мемлекеттік сынауды жүргізу үшін әуе кемесін әкелу мүмкіндігін белгілеу мақсатында жүргізіледі.»;
«12. Зертханалық, стендтік, жер үстіндегі, ұшудағы және арнайы сынауды қоса алғанда, зауыттық сынаудың бағдарламасын әзірлеуші әзірлейді және ол тіркелген сәттен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісіледі.»;
«16. Әуе кемесінің үлгісін пайдаланып сынауды әзірлеуші әзірлеген және бекіткен кестеге сәйкес әзірлеуші әртүрлі климаттық жағдайларда өткізеді.
Әуе кемесінің үлгісін мемлекеттік сынау азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның қатысуымен әзірлеуші бекіткен жоспарға сәйкес жүргізіледі. Мемлекеттік сынау жүргізілетін мерзімдер туралы әзірлеуші сынау басталғанға дейін күнтізбелік бес күн бұрын уәкілетті органды хабардар етеді. Мемлекеттік сынаудың нәтижесі бойынша уәкілетті орган мен әзірлеуші еркін нысанда бірлескен қорытынды дайындайды.
17. Зауыттық, мемлекеттік және пайдаланып сынау аяқталғаннан кейін өтініш беруші азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
1) әуе кемесі үлгісінің өтініш беруші бекіткен ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігінің зауыттық және пайдаланып сынау нәтижелері бойынша түзетілген кестесін;
2) зауыттық, мемлекеттік және пайдаланып сынау нәтижелерi бойынша нақтыланған пайдалану құжаттамасының жиынтығын;
3) әуе кемесi үлгiсiнiң жұмыс бабындағы конструкторлық құжаттамасының бақылау және ағымдағы жиынтықтары (жиынтықтардың нөмiрлерi көрсетiледi) зауыттық және пайдаланып сынау жұмыстарының нәтижелерi бойынша түзетiлгенi, әуе кемесi үлгiсiнiң үлгiлiк конструкциясын көрсететiнi, осы үлгiдегi әуе кемесiнiң үлгiсiн сериялық шығару үшiн жарамды екенi, бекiтiлгенi және өтiнiш берушi мен дайындаушыда сақталатыны туралы хабарламаны жібереді.»;
«22. Сертификаттау жұмыстарын жүргiзу және үлгi сертификатын беру үшiн өтiнiш берушi азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды:
1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігінің немесе анықтаманың көшірмелерін;
4) материалдың негiзгi мөлшерi мен маркасы көрсетiлген негiзгi күш тораптарының, оның iшiнде қанатын бекiту, тiрек тораптарының, қозғалтқыштың, шассидiң сызбаларын (эскиздерiн);
5) отын және тежегiш жүйесiнiң, электр жабдығының, басқару жүйесiнiң схемаларын;
7) әуе кемесінің үлгісін зауыттық, мемлекеттік және пайдаланып сынау нәтижелері;
8) схемалар, жүйелер, негiзгi сипаттамалар, пайдаланудың межеленген шарттары мен диапозонында үлгi сертификатталатын шектеулер қысқаша баяндалған техникалық құжаттаманы, сондай-ақ ұшуға жарамдылық нормаларының осы үлгiге қолданылатын тарауларының, бөлiмдерi мен тармақтарының, оның ұшуға жарамдылығына қатысты арнайы техникалық шарттардың және қоршаған ортаны қорғауға қойылатын талаптардың тiзбесi;
9) азаматтық әуе кемесінің үлгісін сертификаттағаны үшін алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесін ұсына отырып өтiнiш бередi.
Азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган әуе кемесінің үлгісін сертификаттауды жүргізеді.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесi бойынша азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес екi данада әуе кемесі үлгісінің ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестiгi (сәйкессіздігі) туралы акт жасайды, онда әуе кемесі үлгісінің нақты жай-күйі, тұжырымдар, ұсынымдар және Үлгі сертификатын беру мүмкiндiгi (мүмкiн еместiгi) туралы қорытынды көрсетiледі, актінің бір данасы өтініш берушіге беріледі. Әуе кемесінің үлгісі ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкес болмаған жағдайда, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган сәйкессіздік туралы актінің негізінде өтініш берушіге үлгі сертификатын беруден бас тартып, өтініш берушіге берудің мүмкін еместігі туралы қорытынды береді.
23. Азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган зауыттық, мемлекеттік және пайдаланып сынаудың әуе кемесі үлгiсінiң үлгiлiк конструкциясының ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестiгiн белгiлейтiн оң нәтижелерінің негiзiнде әуе кемесі үлгісінің ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігі туралы актіні алған сәттен бастап күнтiзбелiк 15 (он бес) күн iшiнде үлгi сертификатын бередi.»;
«26-1. Азаматтық әуе кемесі үлгісінің бекітілген конструкциясы (үлгілік конструкциясы) немесе пайдалану-техникалық құжаттамасы өзгеріп, ол ұшуға жарамдылығына әсер еткен жағдайда, әуе кемесінің бұл түрін үлгі сертификатына қосымша алу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган қосымша сертификаттауға тиіс. Қосымша сертификаттау 22-тармақта баяндалған тәртіппен жүргізіледі.»;
«29. Анықталған кемшiлiктердi әзiрлеушi жойып, әуе кемесi үлгісінiң ұшуға жарамдылық нормаларының талаптарына сәйкестiгiн растайтын зауыттық, мемлекеттік және пайдаланып сынау өткiзілгеннен кейiн ғана Үлгi сертификатының қолданысын қалпына келтiрудi азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.»;
осы қаулыға қосымшаға сәйкес көрсетілген Қағидаға 3-қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы қаулының 1-тармағының 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін жетінші, сегізінші және отыз үшінші абзацтарын қоспағанда, осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2013 жылғы 31 желтоқсандағы
 № 1513 қаулысына
 қосымша
Сертификаттау және үлгi
сертификатын беру қағидасына
3-қосымша
Бекiтемiн
Азаматтық авиация саласындағы
 уәкiлеттi органның басшысы
 не ол уәкiлеттiк берген адам
_____________________________
 (қолы, Т.А.Ә.)
20__ жылғы «___» ____________
Әуе кемесi үлгiсiнiң ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестiгi  (сәйкес еместігі) туралы акті
(азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның атауы)
20__ жылғы «___» № _____ бұйрығына сәйкес мынадай құрамдағы комиссия:
Әуе кемесі үлгісінің пайдалану құжаттамасын сараптау және ұшуға
жарамдылығын бағалау нәтижелері бойынша _____________________________