• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 24.10.2015 г

Отправить по почте

"Әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларының шектi мәндерiн және оларға бөлшек сауда бағаларының шектi рұқсат етiлген мөлшерiн белгiлеудiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 маусымдағы № 665 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1506 қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 24 қазаннан бастап ҚР Үкіметінің 15.10.2015 жылғы № 829 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 маусымдағы № 665 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 41, 538-құжат):
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларын реттеу мәселелерi жөнiндегi комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Сағынтаев
Бақытжан Әбдірұлы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға;
Шолпанқұлов
Берік Шолпанқұлұлы
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі;
көрсетілген құрамнан Қайрат Нематұлы Келімбетов, Болат Бидахметұлы Жәмішев шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі    С. Ахметов