Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 1429 қаулысы
Редакция 19.10.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 1429 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 11.09.2015 жылғы № 774 Қаулысымен (30.12.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.10.2015 жылы № 189 (28667) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидасын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1525 қаулысына өзгеріс енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 506 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 38, 459-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидасында:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 35) және 36) тармақшалармен толықтырылсын:
«35) пилот қашықтан басқаратын әуе кемесі – осы әуе кемесінің бортында болмайтын даярланған маман басқаратын әуе кемесі;
36) белгiленген маршрут – уәкiлеттi органдармен, мүдделi ведомстволармен және ұйымдармен келiсiлген және авиациялық жұмыстар жүргiзуге арналған әуе трассасы мен жергiлiктi әуе желiсiнен тыс маршрут.»;
7-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) әуе қозғалысына қызмет көрсету маршруттары (әуе трассалары, ЖӘЖ және белгіленген маршруттар);»;
11 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Әуе қозғалысына қызмет көрсету маршруты, тиiстi жағдайларда, әуе трассасын, жергiлiктi әуе желiсiн немесе белгіленген маршрутты бiлдiредi. Әуе қозғалысына қызмет көрсету маршруттарының индекстерiн белгiлеу қағидаттары осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес белгiленедi.»;
«13. Жергiлiктi әуе желiлерi және белгіленген маршруттар төменгi әуе кеңiстiгiнде орналасады. ҰКШЕ бойынша ұшу үшін жергiлiктi әуе желiсiнiң және белгіленген маршруттың енi 4 километрден белгiленедi.»;
мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын:
«17-1. Атыс, ракета ұшыру, жарылыс жұмыстарын, ұшқышсыз ұшатын аппараттардың, басқарылмайтын аэростаттардың ұшуын жүргізумен және меншік иесінің немесе объектіні пайдалануға жауапты органның ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндіретін өзге де қызметімен байланысты жұмыстар жүзеге асырылатын әрбір объект (полигон, атыс орны, оқу орталығы, карьер, кен орны, кеніш, қима, аэрологиялық станция) үшін ӘҚБ органдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі нұсқаулық әзірленеді, ол жауапкершілік ауданында объект тұрған ӘҚБ органымен келісіледі.»;
22 және 23-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«22. Қауіпті аймақтар мыналармен байланысты қызметтің мынадай түрлері бойынша белгіленеді:
1) оқ-дәрілер сақталатын объектілерде олармен жұмыстар жүргізу;
2) атмосферада ғылыми зерттеуді жүзеге асыру;
3) электрмагниттік сәулелену;
4) жарықтық сәулелену;
5) басқарылмайтын зондтарды жіберу аудандары;
6) тасымалдағыш зымырандардан бөлінетін бөліктердің құлау аймақтары.
23. Ұшуды шектеу аймақтары барлық атыс түрлері, зымырандарды ұшыру, жарылыс жұмыстары жүргізілетін аудандар, мемлекеттік табиғи қорықтар, ұлттық саябақтар, тарих және мәдениет ескерткіштері, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдардың ұсынысы бойынша қорғалатын объектілер үстінде белгіленеді.»;
мынадай мазмұндағы 26-1, 26-2 және 26-3-тармақтармен толықтырылсын:
«26-1. Тыйым салынған аймақтарды, қауіпті аймақтарды және ұшу шектелген аймақтарды бастапқы белгілеген кезде әр аймаққа белгі тағайындалады.
26-2. Берілген белгі осы аймаққа қатысты барлық кейінгі өзгерістерде аймақты белгілеу үшін пайдаланылады.
26-3. Белгілеу әріптер мен цифрлардың мынадай тобынан құралады:
2) тиісінше Р әрпі – тыйым салынған аймақ үшін, R әрпі – ұшуды шектеу аймағы үшін және D әрпі – қауіпті аймақ үшін;
3) Қазақстан Республикасының аумағы шегінде қайталанбайтын нөмір.»;
33, 55, 58 және 59-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«33. Авиациялық жұмыстар, парашютпен секіру, пилотсыз ұшу аппараттарының, пилот қашықтан басқаратын әуе кемелерінің ұшуы, байлаулы аэростаттарды елді мекендердің үстіне көтеру әуе кеңістігін пайдаланушыларда ӘҚБ БО-ның елді мекеннің үстімен ұшуға рұқсаты болған жағдайда және әуе кеңістігін пайдаланушының олардың аумағы шегінде ұшуды жоспарлаған республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын хабардар ете отырып орындалады.»;
«55. Әуе кеңістігін пайдалану жоспары мыналарға бөлінеді:
1) әуе кемелерінің ұшу жоспарлары;
2) пилотсыз ұшу аппараттарының, пилот қашықтан басқаратын әуе кемелерінің, басқарылатын аэростаттардың, дирижабльдердің ұшу жоспарлары;
3) басқарылмайтын аэростаттарды (зонд-шарларды) жіберу, атыстар өткізу, зымырандар жіберу және жарылыс жұмыстарын жүргізу жоспарлары.»;
«58. Ұшу жоспары А және (немесе) С сыныбындағы әуе кеңістігін пайдалануға рұқсат алу үшін, сондай-ақ G сыныбындағы әуе кеңістігін пайдалану кезінде әуе қозғалысына қызмет көрсету (әуе қозғалысын басқару) органдарына хабарлау және пайдаланушының сұрау салуы бойынша ұшу-ақпараттық қызмет көрсету мақсатында ұсынылады.
Пилотсыз ұшу аппаратының, пилот қашықтан басқаратын әуе кемесінің немесе басқарылатын аэростаттың ұшу жоспары туралы хабарлама әуе кеңістігінің сыныбына қарамастан, әуе кеңістігін пайдалануға рұқсат алу үшін беріледі.
Пайдаланушылар күзетілетін объектілер үстінен барлық пилотсыз ұшу аппараттарының, пилот қашықтықтан басқаратын әуе кемелерінің немесе басқарылатын аэростаттардың ұшуын Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметімен осындай ұшу басталғанға дейін кемінде 5 жұмыс күні қалғанда келіседі.
59. Әуе кеңiстiгiн пайдаланушы:
1) А және (немесе) С сыныбындағы әуе кеңiстiгiндегi әуе трассалары, жергiлiктi әуе желiлерi және белгіленген маршруттар бойынша ұшуды орындайтын әуе кемелерi;
2) А және (немесе) С сыныбындағы әуе кеңiстiгiнiң әуе трассалары мен жергiлiктi әуе желiлерiнен тыс жерлерде ұшуды орындайтын азаматтық әуе кемелерi;
3) G сыныбындағы әуе кеңiстiгiнде ұшуды орындайтын азаматтық әуе кемелерi ұшуды орындаған жағдайда, ұшу жоспарын ӘҚБ БО интернет-ресурсына және ӘҚҚ органының жақын жердегі «Брифинг» тобына ұсынады.»;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |