• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 13.01.2017 г

Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Сертификаттау және азаматтық әуе кемелерін пайдаланушы сертификатын беру қағидасын бекіту туралы" 2010 жылғы 18 қазандағы № 1070 және "Азаматтық авиация саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2012 жылғы 13 қыркүйектегі № 1195 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 1431 қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 13 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 29.12.2016 жылғы № 901 Қаулысына сәйкес
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Сертификаттау және азаматтық әуе кемелерін пайдаланушы сертификатын беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 қазандағы № 1070 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 56, 535-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Сертификаттау және азаматтық әуе кемелерін пайдаланушы сертификатын беру қағидасы (бұдан әрі – Қағида) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 25.04.2014 жылғы № 400 Қаулысымен (30.12.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.06.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Қағиданың 5-тармағын, Қағидаға 2-қосымшаның 1-тармағын, осы қаулының 1-тармағы 2) тармақшасының бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші және он сегізінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1431 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 18 қазандағы
№ 1070 қаулысымен
бекітілген
Сертификаттау және азаматтық әуе кемелерін пайдаланушы сертификатын беру қағидасы
1. Осы Сертификаттау және азаматтық әуе кемелерін пайдаланушы сертификатын беру қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның (Чикаго, 1944 ж.) 6-қосымшасына сәйкес әзірленді.
2. Осы Қағидада коммерциялық әуе тасымалдарын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалардың азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларын сертификаттау, оларға пайдаланушы сертификатын (бұдан әрі – пайдаланушы сертификаты) беру, тоқтата тұру және қайтарып алу тәртібі айқындалады.
3. Пайдаланушы сертификаты қолданылу саласы мен мерзімі көрсетіліп, 2 жыл мерзімге беріледі және басқа тұлғаға беруге жатпайды.
4. Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушы сертификатын алғаш рет алған Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғасы Халықаралық азаматтық авиация ұйымында (ИКАО) тіркеледі, онда оған үш әріптік код пен телефонның шартты түрде шақыру белгісі беріледі. Тіркеу азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның Халықаралық азаматтық авиация ұйымына (ИКАО) сұрау жіберуі арқылы жүзеге асырылады.
5. Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде айқындалатын тәртіппен және мөлшерде алым алынады. Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау мемлекеттік бюджетке көрсетілген алым төленгеннен кейін жүзеге асырылады.
6. Қағидада мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) өтінім – өтініш берушінің сертификаттау рәсімдерінен өту үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға жазбаша өтініші;
2) өтініш беруші – азаматтық әуе кемесін пайдаланушының сертификатын алу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға өтініш берген Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы;
3) сертификаттық тексеру – азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жүзеге асыратын өтінім берушінің құралдарын, жабдықтарын, пайдалану рәсімдерін, технологиялық процестерін, құжаттамасын, ұйымдық құрылымын, әкімшілік, ұшу және жер бетіндегі персоналының құзыретін сертификаттау талаптарына сәйкестігі тұрғысынан тексеру;
4) сертификаттау талаптары – азаматтық авиацияны сертификаттау саласындағы нормативтік құқықтық актілермен белгіленген талаптар;
5) ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқау – өзінің міндеттерін орындау кезінде пайдалану персоналының пайдалануы үшін қағидаларды, нұсқаулықтар мен ұсынымдарды қамтитын құжат;
6) техникалық қызмет көрсетуді реттеу бойынша пайдаланушының нұсқауы – осы пайдаланушының әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі жоспарлы және жоспардан тыс жұмыстардың бәрінің уақтылы және қанағаттанарлықтай түрде орындалуын басқару мүмкіндігін қамтамасыз ететін пайдаланушы рәсімдерінің сипаттамасын қамтитын құжат;
7) техникалық қызмет көрсету бағдарламасы (регламент) – Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі жоспарлы жұмыстар мен рәсімдердің сипатын, кезеңділігін қамтитын, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжат.
1) өтініш беруші азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға құжаттармен бірге өтінім береді;
2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган өтінім бойынша алдын ала бағалайды және шешім қабылдайды;
3) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган сертификаттық тексеру жүргізеді;
4) шешім қабылданады және пайдаланушы сертификаты беріледі (беруден бас тартылады);
8. Пайдаланушы сертификатын алғаш рет алуға өтінім коммерциялық әуе тасымалын жүзеге асыруды бастаудың жоспарланған күніне дейін күнтізбелік 60 күн бұрын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға беріледі.
Кейінгі сертификаттау кезінде өтініш беруші азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға пайдаланушы сертификатының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін не коммерциялық әуе тасымалын жүзеге асыруды бастаудың жоспарланған күніне дейін күнтізбелік 30 күн бұрын өзгерістер мен жаңартулар орын алған азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттау талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттармен бірге өтінім береді.
9. Сертификаттау мен пайдаланушы сертификатын беру жалпы мерзімі 2 (екі) айдан аспайды.
3. Өтінім беру, алдын ала бағалау және өтінім бойынша шешім қабылдау
10. Өтінім беруші осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға өтінім жібереді.
Өтінімге осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес құжаттар қоса берілді.
11. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган ұсынылған құжаттарды қарайды және олар бойынша күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімде осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес тиісті шешім қабылдайды, ол туралы өтінім берушіге хабарлайды.
12. Өтінімді және құжаттарды алдын ала бағалау өтініш берушінің құжаттарында ұсынылған рәсімдермен және әдістермен жалпы танысуды және олардың Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 319 қаулысымен бекітілген Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттау талаптарына сәйкестігін тексеруді қамтиды.
1) басқарудың ұйымдық құрылымы және негізгі қағидаттары;
2) осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес ұшуды ұйымдастыру мен қамтамасыз етудегі басшы құрамның тәжірибесі, сондай-ақ ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етумен тікелей байланысты басшы құрам мен мамандар бойынша деректердің болуы;
3) штатының жинақталуы және авиация персоналының даярлық дәрежесі;
4) өтініш берушінің басқа ұйымдармен әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуге және оларды жөндеуге, сондай-ақ авиация персоналын оқытуға жасасқан келісімдерінің болуы;
5) әуе кемелерін экипажымен немесе экипажсыз (мұндай болған жағдайда) жалға алу келісімдерінің (шарттарының) болуы;
6) әуе кемелерін ұшуда, техникалық пайдалану, ұшуларды орындауды қамтамасыз ету және авиация персоналы үшін қажетті ғимараттар мен құрылыстардың болуы;
7) осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқаудың болуы және оның мазмұны;
8) осы Қағидаға 6-қосымшаға сәйкес техникалық қызмет көрсетуді реттеу бойынша пайдаланушы нұсқауының болуы және оның мазмұны;
9) ұсынылатын әуе тасымалдарының көлемін, әуе кемелерінің үлгісін, басқару және басшылық ету әдістерін, өтінім берушінің басшы орындарындағы мамандардың құқықтары мен міндеттерін бағалау;