Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1514 қаулысы
Редакция 10.08.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6, 16-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиар болып белгіленсін.
3. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін бiлiктiлiк талаптарының 7-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң, бірақ 2014 жылғы 1 қаңтардан кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1514 қаулысымен
бекітілген
Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі