• Мое избранное
Нотариаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 22.08.2015 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Нотариаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1557 қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 22 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 07.08.2015 жылғы № 620 Қаулысына сәйкес
«Нотариаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» ҚР Әділет министрінің 24.04.2015 жылғы № 232 Бұйрығын қараңыз
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6–бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
2) «Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
3) «Нотариустардың өтініштерін қабылдау, мөрлерін тіркеу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
  • 1
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1557 қаулысымен
бекітілген
  • 1
«Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті аумақтық әділет органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап:
аттестаттаудан өткізу қажеттілігіне қарай жүзеге асырылады, бірақ тоқсанында кемінде бір рет;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
3) қызмет көрсету үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыт – 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттау комиссиясының (бұдан әрі – Комиссия) аттестаттаудан өткені туралы не аттестатталмағаны туралы шешімі. Комиссияның шешімін беру қағаз жеткізгіште жүзеге асырылады.
Комиссияның аттестаттаудан өткені туралы не аттестаттамағаны туралы шешімі осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1, 2-қосымшаларда белгіленген нысандар бойынша аттестаттау өткізілгеннен кейін келесі күннен кешіктірілмей беріледі.
7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сай демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, дүйсенбіден бастап жұмаға дейін, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезек тәртібінде, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
  • 1
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) өтініш;
2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесін;
3) жоғары заңгерлік білімі туралы дипломының (тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесі;
4) бүкіл Қазақстан Республика бойынша мәліметтерді көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша берілген соттылығының жоқтығы туралы анықтама;
5) нотариуста тағылымдамадан өткені туралы қорытынды;
6) еңбек кітапшасының көшірмесі (тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған);
7) бүкіл Қазақстан Республикасы бойынша мәліметтерді көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша берілген наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден медициналық анықтамалар;
Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өтуге қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті берушіге күні, уақыты, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында айқындалған құжаттардың толықтығын қамтамасыз етеді.
3. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
Шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша не Министрліктің басшысының атына 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, № 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 13-кіреберіс, № 1021 және (немесе) № 925 кабинеттер мекенжайы бойынша, сондай-ақ 8 (7172) 74-07-68, 74-07-97 телефондары бойынша беріледі.
Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркелген күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жауапты орындаушыны белгілеу және тиісті шараларды қабылдау үшін жолданады.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен кейін бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау мен бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау мен бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
11. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқығы бар.
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар
12. Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің.www.adilet@.gov.kz интернет-ресурстарында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қолжеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.
14. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 24-07-49, 24-12-91. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: (1414).
  • 1
«Нотариаттық қызметпен айналысу
құқығына аттестаттаудан өткізу»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
Комиссияның нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткерді аттестаттау туралы шешімі