• Менің таңдаулыларым
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы кен-металлургия саласы, қатты пайдалы қазбалар бойынша геология және жер қойнауын пайдалану жөніндегі кеңес туралы
Назар аударыңыз! Құжаттың 03.03.2025 күші жойылды

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Түсініктемелер жазу, айту
  • Белгі бауына қою
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца(beta)

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы кен-металлургия саласы, қатты пайдалы қазбалар бойынша геология және жер қойнауын пайдалану жөніндегі кеңес туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 қазандағы № 659 Жарлығы

Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Президентінің 03.03.2025 жылғы № 805 Жарлығына сәйкес 
Редакция 29.06.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасында кен-металлургия саласының, қатты пайдалы қазбалар бойынша геология және жер қойнауын пайдалану тұрақтылығы мен оларды тиімді дамыту мәселелері бойынша ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан кен-металлургия саласы, қатты пайдалы қазбалар бойынша геология және жер қойнауын пайдалану жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Кеңес туралы ереже;
2) Кеңестің құрамы бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2013 жылғы 3 қазандағы
№ 659 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы кен-металлургия саласы, қатты пайдалы қазбалар бойынша геология және жер қойнауын пайдалану жөніндегі кеңес туралы ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы кен-металлургия саласы, қатты пайдалы қазбалар бойынша геология және жер қойнауын пайдалану жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасында кен-металлургия саласын, қатты пайдалы қазбалар бойынша геология мен жер қойнауын пайдалануды тұрақты және тиімді дамыту мақсатында құрылады.
2. Кеңес Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
3. Кеңес өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ Кеңес туралы осы ережені басшылыққа алады.
2. Кеңестің міндеттері мен құқықтары
4. Кеңестің негізгі міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының кен-металлургия саласын, қатты пайдалы қазбалар бойынша геология және жер қойнауын пайдалануды дамытудың стратегиялық бағыттары бойынша;
2) Қазақстанның кен-металлургия саласында жұмыс істейтін шетелдік және отандық инвесторлармен өзара іс-қимыл бойынша ұсыныстарды тұжырымдау болып табылады.
5. Кеңестің белгіленген тәртіппен және өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша:
1) Қазақстан Республикасының кен-металлургия саласын, қатты пайдалы қазбалар бойынша геология және жер қойнауын пайдалануды дамытудың стратегиялық бағыттары бойынша ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізуге;
2) Кеңестің құзыретіне кіретін мәселелерді шешу үшін жұмыс топтарын қалыптастыруға;
3) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан Кеңестің құзыретіне жататын мәселелер бойынша қажетті ақпаратты сұратуға;
4) осы Ереженің 4-тармағында белгіленген міндеттерді іске асыру мақсатында мүдделі мемлекеттік органдардың мамандарын, консультанттарды тартуға;
5) Кеңестің құзыреті шеңберінде оның тиімді қызметін жүзеге асыру үшін қажетті өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
3. Кеңесті қалыптастыру және оның қызметін ұйымдастыру
6. Кеңестің құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
7. Кеңесті Кеңес төрағасы басқарады. Кеңес төрағасы:
1) Кеңес қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
2) Кеңес отырыстарында төрағалық етеді;
3) Кеңес отырыстарын өткізу орнын және уақытын айқындайды;
4) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 20.10.2017 жылғы № 568 Жарлығына сәйкес (14.03.2017 ж. редакцияны қараңыз)
4-тармақша алынып тасталды ҚР Президентінің 29.06.2024 жылғы № 591 Жарлығына сәйкес (03.01.2024 ж. редакцияны қараңыз)
5) кен-металлургия саласын, қатты пайдалы қазбалар бойынша геология және жер қойнауын пайдалануды дамытудың стратегиялық бағыттары бойынша Кеңес қабылдаған ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізеді.
Төраға болмаған кезде оның функцияларын төраға тиісті өкілеттіктерді беретін орынбасары орындайды.
8. Кеңес мүшелері:
1) Кеңес отырысының күн тәртібі және мәселелерді талқылау тәртібі бойынша ұсыныстар енгізуге;
2) Кеңес отырысына материалдарды, оның шешімдерінің жобаларын дайындауға қатысуға құқылы.
9. Кеңес отырыстары қажеттілігіне қарай, Кеңес төрағасы айқындайтын мерзімдерде, бірақ жылына бір реттен сиретпей өткізіледі. Кеңес отырыстары оның мүшелерінің тікелей қатысуымен өткізіледі және оның құрамының кемінде үштен екісі қатысқан кезде заңды болып саналады. Кеңес мүшелерінің өз өкілеттіктерін өзге лауазымды адамдарға беруіне жол берілмейді.
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 20.10.2017 жылғы № 568 Жарлығына сәйкес (14.03.2017 ж. редакцияны қараңыз)
10. Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Кеңестің жұмыс органы болып табылады.
10-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 17.09.2014 жылғы № 911 Жарлығымен (12.02.2014 ж. редакцияны қараңыз)
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 26.02.2019 жылғы № 862 Жарлығына сәйкес (20.10.2017 ж. редакцияны қараңыз)
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 03.01.2024 жылғы № 429 Жарлығына сәйкес (15.02.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
11. Кеңестің жұмыс органы:
1) Кеңес отырыстарын өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді және Кеңес мүшелерінің ұсыныстары мен бұрын қабылданған шешімдер негізінде Кеңес отырыстарын өткізу үшін тиісті материалдарды дайындауды жүзеге асырады;
2) Кеңес мүшелерінің ұсыныстары мен олар бұрын қабылдаған шешімдер негізінде отырыстың күн тәртібінің жобасын қалыптастырады;
3) Кеңестің хаттамалық шешімдерінің орындалуына мониторингті жүзеге асырады;
4) Кеңес мүшелеріне Кеңестің кезекті отырысының өткізілетін орны, уақыты мен күн тәртібі туралы хабарлайды және оларды қажетті материалдармен уақтылы қамтамасыз етеді;
5) Кеңестің хаттамалық шешімдерін ресімдеуді және келісуді жүзеге асырады;
6) Кеңестің шешімдері қабылданған күннен бастап екі апта ішінде Кеңес мүшелеріне және қажет болған жағдайда басқа мүдделі мемлекеттік органдар мен өзге ұйымдарға хаттаманың көшірмесін және өзге де қажетті материалдарды жібереді.
12. Кеңес отырыстарының қорытындылары бойынша хаттамамен ресімделетін шешімдер қабылданады, оған Кеңестің отырысқа қатысқан барлық мүшелері қол қояды.
13. Кеңестің шешімдері қарапайым көпшілік дауыспен қабылданады және ұсынымдық сипатқа ие. Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.
Кеңес мүшелерінің ерекше пікірге құқығы бар, ол айтылған жағдайда жазбаша түрде баяндалуы және хаттамаға қоса берілуі тиіс.
4. Кеңестің қызметін тоқтату
14. Кеңестің қызметін тоқтатуға Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі негіз болып табылады.
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2013 жылғы 3 қазандағы
№ 659 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы кен-металлургия саласы, қатты пайдалы қазбалар бойынша геология және жер қойнауын пайдалану жөніндегі кеңестің ҚҰРАМЫ
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 12.02.2014 жылғы № 750 Жарлығымен (24.07.2013 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 17.09.2014 жылғы № 911 Жарлығымен (12.02.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 14.03.2017 жылғы № 446 Жарлығымен (17.09.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 20.10.2017 жылғы № 568 Жарлығымен (14.03.2017 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 26.02.2019 жылғы № 862 Жарлығымен (20.10.2017 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 01.06.2019 жылғы № 57 Жарлығымен (26.02.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 28.10.2019 жылғы № 195 Жарлығымен
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 30.04.2020 жылғы № 314 Жарлығымен (28.10.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 15.02.2022 жылғы № 810 Жарлығымен (30.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Құрам жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 03.01.2024 жылғы № 429 Жарлығына сәйкес (15.02.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Құрам жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 29.06.2024 жылғы № 591 Жарлығына сәйкес (03.01.2024 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасы Президентінің әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін кеңесшісі, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі, хатшы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасының Әділет министрі
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Қазақстан Республикасының Көлік министрі
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі
Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі
«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
«Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
«Қазгеология» ұлттық геологиялық барлау компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы (келісім бойынша)