• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Персоналды басқару тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының "Персоналды басқару тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы" 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 02-01-02/9 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 10.11.2014 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Персоналды басқару тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының "Персоналды басқару тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы" 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 02-01-02/9 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 06-7/187 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 10 қаңтарда № 9063 тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2014 жылғы 10 желтоқсаннан бастап ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 10.11.2014 жылғы № 23 Бұйрығына сәйкес
Редакция 25.02.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығымен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесінің 45-тармағын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН :
1. Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Персоналды басқару тиімділігін бағалау әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының «Персоналды басқару тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы» 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 02-01-02/9 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7384 болып тіркелген, 2012 жылғы 3 шілдедегі № 209-210 (27028-27029) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
Аталған бұйрықпен бекітілген Персоналды басқару тиімділігін бағалау әдістемесін осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызмет персоналын басқару бөлімі (Сәрсенов Ж.Ш.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді және кейіннен оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төраға А. Байменов
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
Төрағасының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 06-7/187 бұйрығына
1-қосымша
1-қосымша өзгертілді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 25.02.2014 жылғы № 04-2-4/42 Бұйрығымен (25.12.2013 ж. редакцияны қараңыз) (мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) ҚР Әділет министрлігінде 28.03.2014 жылы тіркелді
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Персоналды басқару тиімділігін бағалау әдістемесі
1. Жалпы ережелер 
1. Персоналды басқару тиімділігін бағалау әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығымен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесін (бұдан әрі - Жүйе) іске асыру мақсатында әзірленген.  
2. Әдістеме Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - Ұлттық Банк) персоналды басқару жөніндегі шаралардың тиімділігін анықтауға арналған.  
3. Персоналды басқару тиімділігін бағалауды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) жүзеге асырады.  
Ұлттық Банкі мен оның бөлімшелері және ведомстволары персоналды басқару тиімділігін бағалау объектісі болып табылады.  
4. Персоналды басқару тиімділігін бағалауды өткізу үшін Агенттікте орталық мемлекеттік және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жөніндегі Сараптамалық комиссияның кіші тобы болып табылатын жұмыс тобы (бұдан әрі - Жұмыс тобы) құрылады. Жұмыс тобының құрамы Агенттіктің бұйрығымен бекітіледі.
5. Персоналды басқару тиімділігін бағалау есепті (күнтізбелік) жылдың қорытындылары бойынша жыл сайын Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі бекіткен Кестеге (бұдан әрі - Кесте) сәйкес жүзеге асырылады.
6. Персоналды басқару тиімділігін бағалауды өткізу үшін ақпаратты Агенттікке Ұлттық Банкінің орталық аппараты кестесіне сәйкес қағаз және электрондық тасымалдағыштарда ұсынады.
7. Персоналды басқару тиімділігін бағалау нәтижелері туралы қорытынды Агенттікпен Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірленеді.
Персоналды басқару тиімділігін бағалау нәтижелері туралы қорытындыларды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға және бағаланушы органдарға ұсынылады.
8. Персоналды басқару тиімділігін бағалау үшін өлшемдер мен көрсеткіштер бойынша баллдар Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес беріледі.
9. Персоналды басқару тиімділігін бағалау Агенттікке осы Әдістемеге 3-7 қосымшаларға сәйкес Ұлттық Банк жолдаған ақпаратты талдау, Ұлттық Банктің қызметкерлері арасында сауалнама жүргізу арқылы жүргізіледі.
10. Мыналар персоналды басқару тиімділігін бағалау үшін ақпарат көздері болып табылады:
1) Ұлттық Банкінің статистикалық деректері және автоматтандырылған электрондық өткізу жүйесінің мәліметтері;
2) осы Әдістеменің өлшемдеріне сәйкес келетін бағыттар бойынша уәкілетті органдар жүргізген тексерістердің барысында алынған мәліметтер;
3) Ұлттық Банкінің қызметшілеріне жүргізілген сауалнамалардың нәтижелері;
4) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің ақпараты.
11. Жүйенің 51-тармағына сәйкес Агенттік Ұлттық Банктің есептік ақпараттарындағы мәліметтерге қайта тексеру жүргізеді.
12. Ұлттық Банктің персоналды басқару тиімділігін бағалау мынадай өлшемдер бойынша іске асырылады:
1) адам ресурстарын пайдалану тиімділігі;
2) Ұлттық Банк қызметшілерін оқыту;
3) сыбайлас жемқорлық деңгейі;
4) Ұлттық Банк қызметшілерінің қанағаттану деңгейі.
2. «Адам ресурстарын пайдаланудың тиімділігі» өлшемі   
13. Осы өлшем бойынша бағалау орталық мемлекеттік органдар осы Әдістемеге 3, 4, 5, 6-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша ұсынатын ақпарат негізінде жүргізіледі.  
14. Баға мына формуламен есептеледі:
К1 = Р1 + Р2 + Р3 + Р4
К1 - осы өлшем бойынша Ұлттық Банктің бағасы;
Р1 - «кадрлардың ауысушылығы деңгейі» көрсеткіші;
Р2 - «Ұлттық Банк штатының жасақталуы» көрсеткіші;  
Р3 -«Ұлттық Банк қызметшілерін жоғарылату» көрсеткіші;
Р4 - «Ұлттық Банкте нақты жұмыс уақытының ұзақтығы» көрсеткіші.
Осы өлшем бойынша ең жоғарғы мәні 38 балл болып саналады.
15. «Кадрлардың ауысушылығы деңгейі» көрсеткіші бойынша баға мына формуламен есептеледі:
P1 =   
k - алынған нәтижелерді өлшем мәніне келтіруге арналған коэффициент (14-ке тең);
a - есепті кезеңде жұмыстан шығарылған қызметшілер саны;
b - Ұлттық Банктің штат кестесіне сәйкес лауазымдар саны;
5 - қатаңдық көрсеткіші.