• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 19.09.2015 г

Отправить по почте

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1586 қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 19 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 07.09.2015 жылғы № 751 Қаулысына сәйкес
«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» ҚР Әділет министрінің 28.04.2015 жылғы № 246 Бұйрығын қараңыз
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1) «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты;
2) «Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлін тiркеу және мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлін тiркеу туралы куәлiктiң телнұсқасын беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты;
3) «Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты;
4) «Жылжымайтын мүлiк объектiлерi жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тiркеу органы куәландырған тiркеу iсi құжаттарының көшiрмелерiн беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты;
5) «Жылжымайтын мүлiктiң жоқ (бар) екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты;
6) «Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлі жөнінде анықтама беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты;
7) «Жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтар және тоқтатылған құқықтар туралы анықтамалар беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты;
8) «Жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты;
9) «Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң техникалық паспортын беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты;
10) «Жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортының телнұсқасын беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.