Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Балық шаруашылығы комитеті облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекцияларының ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 2014 жылғы 24 қаңтардағы № 17-Ө бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 28 қаңтардағы № 9104 тіркелді
Toggle Dropdown
«Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және 29-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 1413 қаулысының 1-тармағы, 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Қоса берілген:
Toggle Dropdown
1) «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;
Toggle Dropdown
2) «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;
Toggle Dropdown
3) «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;
Toggle Dropdown
4) «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;
Toggle Dropdown
5) «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;
Toggle Dropdown
6) «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Балық шаруашылығы комитеті Нұра-Сарысу облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;
Toggle Dropdown
7) «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Тобыл-Торғай облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;
Toggle Dropdown
8) «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Шу-Талас облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
Toggle Dropdown
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Toggle Dropdown
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауына жіберуін;
Toggle Dropdown
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын;
Toggle Dropdown
4) Қазақстан Республикасы әділет органдарында Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Балық шаруашылығы комитеті облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекцияларының қайта тіркеуін қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Министр Н. Қаппаров
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Қоршаған орта және
су ресурстары министрінің
2014 жылғы «24» қаңтардағы
№ 17-Ө бұйрығымен
бекiтiлген
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрi – Инспекция) Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлiгінің Балық шаруашылығы комитеті (бұдан әрі – Комитет) құзыретi шегінде Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданының су айдындарын қоспағанда Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары әкімшілік шекарасының шегіндегі Арал-Сырдария бассейнінің су айдындарында (су қорғау белдеуі мен аймағын, жағалау жиегін және санитарлық қорғау аймағын қоса алғанда) балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы іске асыру, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын аумақтық бөлімше болып табылады.
Toggle Dropdown
2. Инспекция өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
Toggle Dropdown
3. Инспекция республикалық мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы Комитетке ведомстволық бағынысындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында шоттары болады.
Toggle Dropdown
4. Инспекция азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
Toggle Dropdown
5. Инспекцияның, егер Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берiлсе, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
Toggle Dropdown
6. Инспекция өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамаларында белгіленген тәртіппен Инспекция басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген өзге де актілерімен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
Toggle Dropdown
7. Инспекция құрылымын және штат санын Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрімен келіскеннен кейін Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Жауапты хатшысы (бұдан әрі – Жауапты хатшы) бекiтедi.
Toggle Dropdown
8. Инспекцияның орналасқан мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 120000, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Абай даңғылы, 17 үй.
Toggle Dropdown
9. Мемлекеттік органның толық атауы –
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлiгi Балық шаруашылығы комитетiнің Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» республикалық мемлекеттiк мекемесi;
Toggle Dropdown
республиканское государственное учреждение «Арало-Сырдарьинская межобластная бассейновая инспекция рыбного хозяйства Комитета рыбного хозяйства Министерства окружающей среды и водных ресурсов Республики Казахстан».
Toggle Dropdown
10. Осы Ереже Инспекцияның құрылтай құжаты болып табылады.
Toggle Dropdown
11. Инспекцияның қызметiн қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
12. Инспекцияның жұмыс режимі Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасына сәйкес оның жұмыс регламентімен белгіленеді.
Toggle Dropdown
13. Инспекцияның функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәнiне Инспекцияға кәсiпкерлiк субъектілерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Toggle Dropdown
Егер Инспекцияға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілермен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
Toggle Dropdown
14. Инспекция:
Toggle Dropdown
1) Бақылау-инспекциялық жұмысы бөлімінен;
Toggle Dropdown
2) Ихтиологиялық мониторинг және балық аулауды реттеу бөлімінен;
Toggle Dropdown
3) Қаржылық және ұйымдастыру-құқықтық жұмыс бөлімінен;
Toggle Dropdown
4) Арал балық инспекциясы бөлімінен;
Toggle Dropdown
5) Шардара балық инспекциясы бөлімінен;
Toggle Dropdown
6) Қызылорда облысы бойынша балық инспекция бөлімінен тұрады.
Toggle Dropdown
2. Инспекцияның негізгі міндеттері мен функциялары
Toggle Dropdown
15. Инспекцияның міндеті: балық ресурстары мен басқа су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатын іске асыру.
Toggle Dropdown
Функциялары:
Toggle Dropdown
1) Инспекцияның бюджеттік өтінімін дайындау, оны Комитетке ұсыну, сондай-ақ өзге де бюджеттік процесстердің рәсімдерін орындауды қамтамасыз етеді;
Toggle Dropdown
2) мемлекеттік сатып алу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алу рәсімдерін ұйымдастырады және өткізеді;
Toggle Dropdown
3) өзінің құзыреті мәселелері бойынша болжау жасалып отырған жобалардың редакцияларын қоса тіркеп, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзiрлеу немесе оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жөнінде ұсыныстар енгізеді.