• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 11.12.2015 г

Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекцияларының ережелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 2014 жылғы 27 қаңтардағы № 20-Ө бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 7 ақпанда № 9135 тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 11.12.2015 жылғы № 18-06/1085 Бұйрығына сәйкес
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 3-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және 29-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 1413 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің мына облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекцияларының ережелері бекітілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті Ақмола облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже;
2) «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті Ақтөбе облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже;
3) «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті Алматы облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже;
4) «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті Атырау облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже;
5) «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті Шығыс Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже;
6) «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті Жамбыл облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже;
7) Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті Батыс Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже;
8) Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті Қарағанды облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже;
9) Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті Қостанай облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже;
10) Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті Қызылорда облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже;
11) Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті Маңғыстау облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже;
12) Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті Павлодар облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже;
13) Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті Солтүстік Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже;
14) Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті Оңтүстік Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже.
2. Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекцияларының Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Н. Қаппаров
Қазақстан Республикасы
Қоршаған орта және
су ресурстары министрінің
2014 жылғы 27 қаңтардағы
№ 20 Ө бұйрығымен
бекітілген
«Қазақстан Республикасы  Қоршаған орта және су ресурстары  министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің Ақмола облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің Ақмола облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрi - Инспекция) Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің (бұдан әрі - Комитет) орман шаруашылығы, жануарлар дүниесi (балық ресурстарынан және басқа да су жануарларынан басқа), ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы атқару, бақылау және қадағалау функцияларын орындауға уәкілетті аумақтық бөлімшесі болып табылады.
Инспекция Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының, «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің, «Көкшетау» және «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи парктерінің, Сандықтау оқу-өндірістік орман шаруашылығының, шаруашылық жүргізу құқығындағы «Жасыл аймақ» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының қызметін және Шығыс мемлекеттік зоологиялық табиғи қаумалының қорғалуын бақылау мен қадағалауды, сондай-ақ қызметін үйлестіруді жүзеге асыруға уәкілетті.
2. Инспекция өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын  , Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметiнiң актілерін, өзге де нормативтiк құқықтық актілердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
3. Инспекция Комитетке ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы жазылған мөрi мен мөртабандары, белгiленген үлгідегi бланкілерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.
4. Инспекция өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседi.
5. Егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілетті болса, Инспекцияның мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуына құқығы бар.
6. Инспекцияның құрылымы және штаттық кестесін Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің жалпы саны шегінде Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Жауапты хатшысы Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары Министрінің келісімі бойынша бекітеді.
7. Инспекцияның заңдық мекен-жайы: 020000 Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Громов көшесі, 21.
8. Инспекцияның толық атауы – «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнің Ақмола облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы» республикалық мемлекеттiк мекемесi.
9. Инспекцияның құрылтай құжаттары «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің кейбір мәселелері»туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 ақпандағы № 172 қаулысы және осы Ереже болып табылады.
10. Инспекцияны ұстауға жұмсалатын шығындарды қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
11. Инспекцияның функциялары болып табылатын міндеттердi орындау мәселесінде Инспекцияға кәсiпкерлiк субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Инспекцияға заңнамалық актілермен оған табыстар әкелетiн қызметті жүзеге асыру жөнінде құқықтар берiлген жағдайда мұндай қызметтен алынған табыстар республикалық бюджеттің кiрiсiне жiберiледi.
2. Инспекцияның негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары
12. Инспекцияның негізгі мiндеттерi:
1) өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiнiң, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ресурстарын ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету;
2) орман және аңшылық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты iске асыруға қатысу;
3) орман ресурстары мен жануарлар дүниесi ресурстарын күзетуге, қорғауға, молықтыруға және пайдалануға, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жай-күйiне және қызметiне мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;
4) өсімдіктер, жануарлар дүниесінің биологиялық әртүрлілігін, кәдімгі, бірегей және сирек ландшафтарды сақтау;
5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін қорғау мен молықтырудың Қазақстан Республикасының заңнамасы белгілеген режимін қамтамасыз ету болып табылады.
13. Инспекция мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;
2) орман шаруашылығымен айналысатын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдарының орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру мәселелері бойынша қызметін үйлестіру және әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;