• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 21.07.2015 г

Отправить по почте

Табиғи монополиялар субъектілерінің нормативтік техникалық ысыраптарын, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекіту қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының м.а. 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 283-НҚ бұйрығы

Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Ұлттық экономика министрінің 21.07.2015 жылғы № 550 Бұйрығына сәйкес
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабы 2) тармақшасына , 13-бабы 1-тармағының 5-1) тармақшасына  және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына  сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
1. Қоса беріліп отырған Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар субъектілерінің нормативтік техникалық ысыраптарын, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекіту қағидалары  бекітілсін.
«Табиғи монополиялар субъектілерінің нормативтік техникалық ысыраптарын, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекіту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 4 тамыздағы № 191-НҚ бұйрығының  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4379 тіркелген, «Ресми газет» газетінде 2006 жылғы 23 қыркүйекте № 39(300) жарияланған);
«Табиғи монополиялар субъектілерінің нормативтік техникалық ысыраптарын, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекіту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 4 тамыздағы № 191-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 18 ақпандағы № 49-НҚ бұйрығының  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5681 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2009 жылғы 12 маусымда № 88 (1511), Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2009 жылғы № 7 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Стратегиялық жоспарлау, жиынтық талдау және халықаралық ынтымақтастық департаменті (А.В. Мартыненко):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді ;
2) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (С.П. Базарбаев) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
1) оны белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін, кейін жарияланғаны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Заң департаментіне (С.С. Метенова) ұсынсын;
2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.Ж. Дүйсебаевқа жүктелсін.
6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛГЕН»

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрінің орынбасары -

Мұнай және газ министрі

Индустрия және жаңа

_____________ Ұ. Қарабалин

технологиялар министрі

2013 жылғы 8 қараша

______________ Ә. Исекешев

 

2013 жылғы 4 желтоқсан

 

 

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрі

_______________ А. Мамытбеков

2013 жылғы 24 қыркүйек

Қазақстан Республикасының

Статистика агенттігінің

төрағасы

_______________ Ә. Смайылов

2013 жылғы 11 қазан

«КЕЛІСІЛГЕН»

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының Көлік және

коммуникация министрі

_______________ А. Жұмағалиев

2013 жылғы 24 қараша

Қазақстан Республикасының

Экономика және бюджеттік

жоспарлау министрі

_______________ Е. Досаев

2013 жылғы 4 қазан

 

Қазақстан Республикасы
 Табиғи монополияларды
 реттеу агенттігі төрағасы
 міндетін атқарушының
 2013 жылғы 17 қыркүйектегі
 № 283-НҚ бұйрығымен
 бекітілген
Табиғи монополиялар субъектілерінің нормативтік техникалық ысыраптарын, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекіту қағидалары
1. Осы Табиғи монополиялар субъектілерінің нормативтік техникалық ысыраптарын, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекіту қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына  сәйкес әзірленді.
2. Осы Қағидалар табиғи монополиялар субъектілерінің нормативтік техникалық ысыраптарын, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекітудің тәртібін айқындайды.
1) өтінім - табиғи монополия субъектісінің уәкілетті органға нормативтік техникалық ысыраптарды, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекіту туралы ресми өтініші;
2) өтінімнің электрондық нысаны - табиғи монополия субъектісінің (бұдан әрі - Субъект) бірінші басшысы немесе аталған құжатты куәландыруға өкілеттіктері бар оның орнын алмастыратын тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, қағаз түпнұсқасындағы құжаттың түрін және ондағы деректерді электрондық цифрлық нысанда толығымен көрсететін құжат.
Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданылады.
2. Нормативтік техникалық ысыраптарды, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекіту тәртібі
4. Субъект уәкілетті органға нормативтік техникалық ысыраптарды, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекітуге арналған өтінімді қағаз немесе электрондық нысанда ұсынады.
5. Нормативтік техникалық ысыраптарды, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекітуге арналған өтінімге:
5-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.12.2014 жылғы № 192 Бұйрығымен (17.09.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.04.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1) нормативтік техникалық ысыраптардың ұсынылатын деңгейі;
2) шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларының ұсынылатын деңгейлері;
3) ұсынылған нормативтік техникалық ысыраптардың, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларының (нормативтік техникалық ысыраптардың, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларының тиісті есептері) негіздемесі;
нормативтік техникалық ысыраптар үшін – нормативтік техникалық ысыраптардың ұсынылатын деңгейі, бекітілген нормативтік техникалық ысыраптар және ағымдағы кезең мен өтінім берілетін күннің алдындағы екі және одан астам жыл ішіндегі ысыраптардың нақты шамалары;
шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормалары үшін – шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларының ұсынылатын деңгейі, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының бекітілген техникалық және технологиялық нормалары және ағымдағы кезең мен өтінім берілетін күннің алдындағы екі және одан астам жыл ішіндегі шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының нақты шамалары;
5) нормативтік техникалық ысыраптарды, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекіту қажеттілігі туралы түсіндірме жазбалар және шамасы мен мерзімдерін көздейтін нормативтен тыс ысыраптарды (болған жағдайда) жою және нормативтік техникалық ысыраптарды төмендету бойынша іс-шаралар жоспары қоса беріледі.
6. Нормативтік техникалық ысыраптардың, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларының жиынтық кестесі бірыңғай қаріппен (мөлшері № 14 «Times New Roman» қарпі пайдаланылады) басылады.
Өтінімге қоса берілетін есептер және негіздейтін материалдар тігіледі, нөмірленеді, мөрмен расталады және Субъектінің бірінші басшысы не оның орнын алмастыратын тұлға (бірінші басшының міндетін жүктеу туралы Субъекті бұйрығының көшірмесі қоса беріледі) қол қояды.
7. Уәкілетті орган өтінім алған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынылған материалдардың толықтығын тексереді және Субъектіні өтінімді қарауға қабылдағаны немесе өтінімді қараудан бас тартқаны туралы бас тартудың себептерін келтіре отырып, жазбаша хабардар етеді.
8. Уәкілетті орган Субъектінің өтінімін қарауға қабылдаудан мынадай жағдайларда бас тартады:
1) осы Қағидалардың 5-тармағында  көрсетілген құжаттарды және ақпаратты ұсынбау немесе оларды толық емес көлемде ұсыну;
2) құжаттарды осы Қағидалардың 6-тармағының  талаптарын бұза отырып ұсыну.
9. Уәкілетті орган өтінімді күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды. Өтінімді қарау мерзімі өтінім уәкілетті органға түскен күнінен кейінгі күннен бастап есептеледі. «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 7-бабының 5) тармақшасына  сәйкес қосымша материалдар сұратылған және ұсынылған жағдайда, өтінімді қарау мерзімі сұратып отырған ақпаратты алғанға дейін тоқтатыла тұрады.
10. Уәкілетті орган Субъект ұсынған материалдарға және есептерге талдау жүргізудің негізінде нормативтік техникалық ысыраптардың, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларының ұсынылып отырған деңгейіне сараптаманы жүргізеді, қызметтің ұқсас түрімен айналысатын Субъектілер қызметінің көрсеткіштеріне салыстырмалы талдау жүргізеді.
11. Уәкілетті орган нормативтік техникалық ысыраптардың, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларының ұсынылып отырған деңгейіне сараптаманы уәкілетті органның жанындағы сараптамалық кеңестің мүшелерін, мемлекеттік органдарды, тұтынушыларды, қоғамдық бірлестіктерді, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасын және өтінім берген Субъектіні тарта отырып жүргізеді.
1
12. Уәкілетті орган жүргізілген сараптаманың нәтижелері бойынша Субъект ұсынған деңгейлерді бекіту туралы шешім немесе уәкілетті орган белгілеген шамаға дейін түзетуді ескере отырып бекіту туралы шешім қабылдайды, оның ішінде нормативтік техникалық ысыраптардың, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларының мәлімделген шамаларын олар толық көлемде ұсынылмаған жағдайда ескермейді не нормативтік техникалық ысыраптарды, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекітуден бас тартады. Нормативтік техникалық ысыраптардың, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларының ұсынылып отырған деңгейі бекітуден бас тартылған жағдайда Субъектіге дәлелді қорытынды жолданады.
Бұл ретте нормативтік техникалық ысыраптарды, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекітуден бас тартуға Субектінің шынайы емес ақпаратты қамтитын құжаттарды ұсынуы негіз болады.
1
13. Уәкілетті органның нормативтік техникалық ысыраптарды, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекіту туралы шешімі уәкілетті органның бұйрығымен ресімделеді.
14. Субъект нормативтік техникалық ысыраптарды, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекітуге арналған өтінімдерді мына кезеңдерге ұсынады:
14-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.12.2014 жылғы № 192 Бұйрығымен (17.09.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.04.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
нормативтік техникалық ысыраптар бойынша – бес және одан астам жылға;
шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормалары бойынша – бес және одан астам жылға.
Субъект тарифінің (бағасының, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейін бекіткен кезде нормативтік техникалық ысыраптардың, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларының қолданыс мерзімі инвестициялық бағдарламаларды және (немесе) инвестициялық жобаларды іске асыру кезеңіне сүйене отырып айқындалады.
15. Нормативтік техникалық ысыраптарды, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын уәкілетті орган Субъектінің ұйымдастыру-техникалық жағдайлары (озық технологияны, өндірістік процестердің механизациясын, авоматизациясын енгізу, материалдардың, шикізаттың, отынның жаңа түрлерін пайдалану) өзгерген, өндірістің ерекшелігі мен құрылымы өзгерген жағдайда, сондай-ақ Субъектіні тексерулер, уәкілетті органның жанындағы сараптамалық кеңес мүшелері қорытындылары немесе ысыраптардың, шикізат, материалдар, отын және энергия шығыстарының нақты шамаларын талдау нәтижелері бойынша қайта қарайды.
16. Субъект уәкілетті органға нормативтік техникалық ысыраптар туралы ақпаратты осы Қағидаларға қосымшаға  сәйкес есепті кезеңнен кейінгі жылдың бірінші айының 20 күнінен кешіктірмейтін мерзімде жыл сайын ұсынады.
Табиғи монополиялар субъектілерінің
нормативтік техникалық ысыраптарын,
шикізат, материалдар, отын, энергия
шығысының техникалық және
технологиялық нормаларын
бекіту қағидаларына
қосымша
Қайда  ұсынылады : Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігіне
Тапсыру мерзімі : жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың бірінші айының 20 күнінен кешіктірмейтін мерзімде
_______________________________________________________ _________________________________________
(табиғи монополия субьектісінің атауы, БСН/ЖСН) ( ЭҚЖЖ бойынша қызмет түрінің коды)
р/с № Табиғи монополия субьектісі қызметінің атауы Жалпы көлем (суды алу, желіге босату) Есепті кезеңге арналған нақты ысыраптар Бекітілген нормативтік техникалық ысыраптар Нормативтен тыс ысыраптар (нақты ысыраптар-бекітілген нормативтік техникалық ысыраптар)
мың Гкал, млн. кВт сағ, мың м 3 % мың Гкал, млн. кВт сағ, мың м 3 % мың Гкал, млн. кВт сағ, мың м 3 %
ЭҚЖЖ - ҚР МЖ 03-2007  Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші.
 Ұйымның атауы _____________________________________ Мекенжайы ________________________
 Ұйым басшысының Т.А. Ә. ____________________________ Телефон: __________________________
 Электрондық почта мекенжайы ___________________________________________________________
 Орындаушының аты-жөні және телефоны _________________ Телефон _________________________
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме
Осы түсіндірме табиғи монополиялар субъектілерінің нормативтік техникалық ысыраптар туралы ақпаратты дайындауына арналған.
Табиғи монополия субъектілері көрсетілген ақпаратты уәкілетті органға жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың бірінші айының 20 күнінен кешіктірмей ұсынады.
2. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
2-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.12.2014 жылғы № 192 Бұйрығымен (17.09.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.04.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Нормативтік техникалық ысыраптарды бекітуге арналған өтінімге өзіне нормативтік техникалық ысыраптардың ұсынылатын деңгейін, бекітілген нормативтік техникалық ысыраптарды және ағымдағы кезең мен өтінім берілетін күннің алдындағы екі және одан астам жыл ішіндегі ысыраптардың нақты шамаларын қамтитын жиынтық кесте қоса беріледі.
1-баған – табиғи монополия субъектісі ұсынатын ақпараты бойынша көрсетілетін қызметтің реттік нөмірі көрсетіледі.
3-баған – жалпы көлем көрсетіледі (суды алу, желіге босату).
4-баған – заттай және пайыздық көріністегі нақты ысыраптар көрсетіледі.
5-баған – бекітілген нормативтік техникалық ысыраптар заттай және пайыздық көріністе көрсетіледі.
6-баған – нормативтен тыс ысыраптар (нақты ысыраптар - бекітілген нормативтік техникалық ысыраптар) заттай және пайыздық көріністе көрсетіледі.