Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасының жер қойнауын геологиялық зерттеу туралы есептерді ресімдеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 431 бұйрығы
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1455 қаулысымен бекітілген Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу туралы есептер беру қағидасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының жер қойнауын геологиялық зерттеу туралы есептерді ресімдеу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті (Б.Қ. Нұрабаев) заңнамада белгіленген тәртіпте:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін ;
Toggle Dropdown
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуінен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
Toggle Dropdown
3) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің интернет-ресурсында осы бұйрықты орналастыруды қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Н.Е. Сауранбаевқа жүктелсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушы А. Рау
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Орынбасары-
Индустрия және жаңа
технологиялар министрінің
2013 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 431 бұйрығымен
бекітілген
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының жер қойнауын геологиялық зерттеу туралы есептерді ресімдеу жөніндегі нұсқаулық
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы «Қазақстан Республикасының жер қойнауын геологиялық зерттеу туралы есептерді ресімдеу жөніндегі нұсқаулық» (бұдан әрі - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1455 қаулысымен бекітілген Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу туралы есептер беру қағидасының 4-тармағына сәйкес әзірленген (бұдан әрі - Қағида) және жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу бойынша тоқсандық есептер мен жүргізілген геологиялық барлау жұмыстары туралы соңғы есептерді ұсыну тәртібін нақтылайды.
Toggle Dropdown
2. Есептердің құрылымы және ресімделуі
Toggle Dropdown
2. Есептер мәтіндік және графикалық (графикалық қосымшалары болғанда) және ғарыштық суреттен тұрады.
Toggle Dropdown
3. Есептер мынадай құрылымдық элементтерден тұрады:
Toggle Dropdown
1) заттаңба (есеп мәтінінің мұқабасында);
Toggle Dropdown
2) титул парағы;
Toggle Dropdown
3) орындаушылардың тізімі;
Toggle Dropdown
4) реферат;
Toggle Dropdown
5) геологиялық тапсырма (техникалық тапсырма);
Toggle Dropdown
6) мазмұны;
Toggle Dropdown
7) иллюстрациялардың, кестелердің тізімі (олар болған кезде);
Toggle Dropdown
8) мәтіндік қосымшалардың тізімі (олар болған кезде);
Toggle Dropdown
9) графикалық қосымшалардың тізімі (олар болған кезде);
Toggle Dropdown
10) мағыналық бөлігі;
Toggle Dropdown
11) есепте пайдаланылған ақпарат көздерінің тізімі (әдебиет);
Toggle Dropdown
12) мәтіндік қосымшалар (олар болған кезде);
Toggle Dropdown
13) кестелер, иллюстрациялар (олар болған кезде);
Toggle Dropdown
14) графиктік қосымшасы (бар болған кезде);
Toggle Dropdown
15) метрологиялық сараптаманың қорытындысы;
Toggle Dropdown
16) патенттік зерттеулер туралы қорытынды (олар болған кезде);
Toggle Dropdown
17) формуляр;
Toggle Dropdown
18) рецензия (рецензиялар);
Toggle Dropdown
19) есептің қаралу хаттамасы (хаттамалары);
Toggle Dropdown
20) бастапқы геологиялық материалдарды тапсыру актісі;
Toggle Dropdown
21) аумақты қайтару актісі;
Toggle Dropdown
22) атқарылған жұмыс көлемі мен шығындарды есептен шығару туралы анықтама;
Toggle Dropdown
23) есептер сақтауға жіберілетін ұйымдардың тізімі.
Toggle Dropdown
4. Геологиялық есептің мәтіні компьютерде А4 (297 х 210 мм) пішімінде теріледі. А3 пішімі кестелер үшін пайдаланылады. Компьютерлік теру кезінде Word мәтіндік редакторы, № 14 көлемдегі Times Kaz қаріпі, № 14 көлемдегі Times Nеw Roman қаріпі, № 12 көлем кестелерге, бірдей жол аралық қашықтық пайдаланылады.
Toggle Dropdown
5. Есептер мынадай параметрлерді есепке алумен ресімделеді:
Toggle Dropdown
1) сол жақтан - 3,0 см;
Toggle Dropdown
2) оң жақтан - 1,5 см;
Toggle Dropdown
3) колонтитулдар - 2,0 см.
Toggle Dropdown
6. Есептердің беттерін нөмірлеу - өтпелі және әр кітаптың шегінде өздік. Титул парағы нөмірленбейді.
Toggle Dropdown
7. Есептің көлемі 300 беттен артық болғанда, бөлімдерге бөлінеді және 300 беттен аспайтын көлемде жеке кітап түрінде жинақталады. Заттаңбада және титул парағында кітаптың нөмірі қойылады және үлкен әріптермен жазылады.
Toggle Dropdown
8. Түптеу кезінде есеп кітабы тек қана жіппен тігіледі.
Toggle Dropdown
9. Есептердің әр кітабының қатты түптемесі (мұқабасы) болуы керек. Көлемі 30 бетке дейін кітаптар үшін кітап мәтінімен степлермен бекітілген жұмсақ картон мұқаба рұқсат етіледі.
Toggle Dropdown
10. Пайдалы қазбалар кен орындарының паспорты немесе кен орындары мен көрініс-белгілерінің каталогі бар болса, олар жеке кітап ретінде есептерге қоса беріледі.