Toggle Dropdown
"Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 ақпандағы № 45 қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 13.03.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 4 ақпандағы
№ 45 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
«Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – Мемлекеттік қызмет).
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірлеген.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттік қызметті «Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Toggle Dropdown
Өтінімдер қабылдауды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті (бұдан әрі – Комитет) жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Toggle Dropdown
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап күнтізбелік 90 күннен аспайды;
Toggle Dropdown
2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар пакетін тапсыруы үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту ауқыты 1 сағаттан аспайды;
Toggle Dropdown
3) көрсетілетін қызметті алушыға рұқсат етілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты 30 минуттан аспайды.
Toggle Dropdown
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
Toggle Dropdown
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – қағаз тасымалдағыштағы мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптаманың қорытындысы.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.
Toggle Dropdown
7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Toggle Dropdown
8. Жұмыс кестесі:
Toggle Dropdown
көрсетілетін қызметті беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 13:00-дан 14:30-ге дейінгі түскі асқа үзіліспен сағат 09:00-ден 18:30-ге дейін көрсетіледі.
Toggle Dropdown
Комитет: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 13:00-дан 14:30-ге дейінгі түскі асқа үзіліспен сағат 09:00-ден 18:30-ге дейін көрсетіледі.
Toggle Dropdown
Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
9. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес үлгілік нысан бойынша мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі өтінім екі данада ұсынылады.
Toggle Dropdown
Сондай-ақ өтінім үлгісі көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген интернет-ресурстарына орналастырылған.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Toggle Dropdown
10. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Комитеттің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымдық адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым жазбаша түрде:
Toggle Dropdown
Комитет басшысының не оның міндетін атқарушының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша;
Toggle Dropdown
көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша беріледі.
Toggle Dropdown
Шағымды қабылдаған адамның аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі және орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің басшысына жіберіледі.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Toggle Dropdown
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жүгіне алады.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Toggle Dropdown
11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
Toggle Dropdown
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар
Toggle Dropdown
12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
Toggle Dropdown
1) Министрліктің: www.edu.gov.kz;
Toggle Dropdown
2) Комитеттің: www.scedu.kz;
Toggle Dropdown
3) көрсетілетін қызметті берушінің: www.ncste.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
Toggle Dropdown
13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметі, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
Toggle Dropdown
14. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: +7 (7172) 74-16-59, +7 (7172) 57-91-31. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.
Toggle Dropdown
«Мемлекеттік ғылыми-техникалық
сараптама өткізуге арналған
құжаттарды қабылдау»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
қосымша
Toggle Dropdown
Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүргізуге өтінімнің үлгілік нысаны
Toggle Dropdown
1. Жобаның мақсаттары мен міндеттері [500 сөзден аспайды]
Toggle Dropdown
Бұл бөлімде жобаның мақсаты және жоба мақсатына қол жеткізу тәсілі, оларды іске асыру мен күтілетін нәтижелердің қысқаша түсініктемесімен қоса қойылған міндеттер сипатталады.
Toggle Dropdown
2. Жобаның ғылыми жаңашылдығы және практикалық маңыздылығы [500 сөзден аспайды]
Toggle Dropdown
Бөлім мынадай ақпаратты қамтиды:
Toggle Dropdown
1) жобаның ұлттық және халықаралық деңгейдегі жаңашылдығы мен маңыздылығы;
Toggle Dropdown
2) жобаны іске асыруға және оның нәтижесін алуға әлеуметтік сұраныс және (немесе) экономикалық және индустриялық мүдделілік.
Toggle Dropdown
3. Зерттеу әдістері [1000 сөзден аспайды]
Toggle Dropdown
Бөлім мынадай ақпаратты қамтиды:
Toggle Dropdown
1) жобада пайдаланылатын әдістерді қойылған мақсаттарға қол жеткізу тәсілдерін негіздеу, таңдалған амалдарды негіздеу ретінде сипаттау;
Toggle Dropdown
2) жобаны орындаудың сыни межелері, баламалы жолдары.
Toggle Dropdown
4. Жобаны іске асыру және басқару тобы [2500 сөзден аспайды]
Toggle Dropdown
Бөлім мынадай ақпаратты қамтиды:
Toggle Dropdown
1) зерттеу тобының құрамын, олардың ұстанымдарын, біліктілігі мен жобадағы жұмыс бағыттарын және жоба кезеңдерін қамтитын жұмыс жоспарын сипаттау;
Toggle Dropdown
2) жобаны іске асырудың әр жылына міндетті түсіндіруді келтіре отырып, жобаның жалпы құнын негіздеу (мың теңгеде);
Toggle Dropdown
3) жобаны іске асыру үшін қолданыстағы материалдық-техникалық базаны сипаттау.
Toggle Dropdown
5. Күтілетін нәтижелер [500 сөзден аспайды]
Toggle Dropdown
Бөлімде мынадай ақпарат көрініс табады:
Toggle Dropdown
1) рецензияланатын ғылыми журналдарда жарияланымдарды жүзеге асыру және жобаның алынған нәтижелерін патенттеу мүмкіндіктері;
Toggle Dropdown
2) күтілетін ғылыми және әлеуметтік-экономикалық әсер;
Toggle Dropdown
3) алынған нәтижелердің қолдануға жарамдылығы;
Toggle Dropdown
4) алынған нәтижелерді мақсатты тұтынушылар;
Toggle Dropdown
5) жұмыс нәтижелерін әлеуетті тұтынушылар, ғалымдар қоғамдастығы және қалың бұқара арасында тарату.
Toggle Dropdown
6. Библиография
Toggle Dropdown
Бөлімде «Жобаның ғылыми жаңашылдығы және практикалық маңыздылығы» деген 2-бөлімде сілтемелері берілген жарияланымдар көрсетіледі.
Toggle Dropdown
Әр жарияланым журналдың толық атауын, басылым нөмірін, шығарылған жылын, бет нөмірлерін, мақаланың толық атауын, мақаланың барлық авторларының есімдерін қамтуы тиіс.