Toggle Dropdown
1
Исламдық арнайы қаржы компанияларының бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 20 наурыздағы № 25 қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 28.01.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
Исламдық арнайы қаржы қомпанияларының бухгалтерлік есепті жүргізу тәртібін белгілеу мақсатында, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 32-6-бабының 13-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Исламдық арнайы қаржы компанияларының бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
3. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.):
Toggle Dropdown
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қабылдасын;
Toggle Dropdown
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігіне және «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
Toggle Dropdown
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін.
Toggle Dropdown
Ұлттық Банк Төрағасы Г. Марченко
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2009 жылғы 20 наурыздағы
№ 25 қаулысымен бекітілген
Toggle Dropdown
Исламдық арнайы қаржы компанияларының бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулық
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Нұсқаулық «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі, «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының заңдарына, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес әзірленді және исламдық арнайы қаржы компанияларының (бұдан әрі – ұйым) бухгалтерлік есепті жүргізуін нақтылайды.
Toggle Dropdown
2. Осы Нұсқаулықта «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі, «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңдарында, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарында көзделген ұғымдар пайдаланылады.
Toggle Dropdown
3. Осы Нұсқаулықтың талаптарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына қайшы келмейтін қосымша бухгалтерлік жазбалар жасауға жол беріледі.
Toggle Dropdown
2-тарау. Исламдық жалдау сертификаттарын бухгалтерлік
Toggle Dropdown
есепке алу
Toggle Dropdown
4. Исламдық жалдау сертификаттарын оларды орналастыру нәтижесінде алынған ақша сомасына шығарған кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Toggle Dropdown
Дт 1030 «Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты»
Toggle Dropdown
Кт 4030 94 «Айналысқа шығарылған исламдық жалдау сертификаттары».
Toggle Dropdown
5. Исламдық жалдау сертификаттарын орналастыру нәтижесінде алынған ақшаға мүлікті сатып алған кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Toggle Dropdown
Дт 1280 92 «Исламдық арнайы қаржы компаниясының бөлінген активтері»
Toggle Dropdown
Кт 1030 «Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты».
Toggle Dropdown
6. Мүлікті жалға берген кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Toggle Dropdown
Дт 1280 93 «Исламдық арнайы қаржы компаниясының жалға (қаржы лизингіне) берілген бөлінген активтері»
Toggle Dropdown
Кт 1280 92 «Исламдық арнайы қаржы компаниясының бөлінген активтері».
Toggle Dropdown
7. Исламдық жалдау сертификаттарын орналастыру нәтижесінде алынған ақшаға сатып алынған және жалға берілген (операциялық жалдау) негізгі құрал-жабдықтардың амортизациясы кезінде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Toggle Dropdown
Дт 7450 «Операциялық жалдау бойынша шығыстар»
Toggle Dropdown
Кт 1280 94 «Исламдық арнайы қаржы компаниясының жалға берілген бөлінген активтерінің амортизациясы».
Toggle Dropdown
8. Исламдық жалдау сертификаттарын орналастыру нәтижесінде алынған ақшаға сатып алынған мүлікті жалдау (қаржы лизингі) шарты бойынша төлемдерді есептеу кезінде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
Toggle Dropdown
1) операциялық жалдау шарттары бойынша:
Toggle Dropdown
Дт 1270 91 «Мүлікті жалға беруден есептелген кірістер»
Toggle Dropdown
Кт 6260 «Операциялық жалдаудан кірістер»;
Toggle Dropdown
2) қаржылық жалдау шарттары бойынша:
Toggle Dropdown
Дт 1280 93 «Исламдық арнайы қаржы компаниясының жалға (қаржы лизингіне) берілген бөлінген активтері»
Toggle Dropdown
Кт 6130 «Қаржылық жалдаудан кірістер».
Toggle Dropdown
9. Исламдық жалдау сертификаттарын орналастыру нәтижесінде алынған ақшаға сатып алынған мүлікті жалдау шарты бойынша төлемдерді алған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
Toggle Dropdown
1) операциялық жалдау шарттары бойынша:
Toggle Dropdown
Дт 1060 91 «Арнайы қаржы компанияларының кастодиан банктегі ағымдағы шоттарындағы бөліп көрсетілген активтері»
Toggle Dropdown
Кт 1270 91 «Мүлікті жалға беруден есептелген кірістер»;
Toggle Dropdown
2) қаржылық жалдау шарттары бойынша:
Toggle Dropdown
Дт 1060 91 «Арнайы қаржы компанияларының кастодиан банктегі ағымдағы шоттарындағы бөліп көрсетілген активтері»
Toggle Dropdown
Кт 1280 93 «Исламдық арнайы қаржы компаниясының жалға (қаржы
Toggle Dropdown
лизингіне) берілген бөлінген активтері».
Toggle Dropdown
10. Айналысқа шығарылған исламдық жалдау сертификаттары бойынша
Toggle Dropdown
шығыстарды есептеген кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Toggle Dropdown
Дт 7310 93 «Исламдық жалдау сертификаттары бойынша кірісті төлеуге байланысты шығыстар»
Toggle Dropdown
Кт 4160 01 «Айналысқа шығарылған бағалы қағаздар бойынша сыйақы түрінде есептелген шығыстар».
Toggle Dropdown
11. Айналысқа шығарылған исламдық жалдау сертификаттары бойынша кірістерді төлеген кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Toggle Dropdown
Дт 4160 01 «Айналысқа шығарылған бағалы қағаздар бойынша сыйақы түрінде есептелген шығыстар»
Toggle Dropdown
Кт 1060 91 «Арнайы қаржы компанияларының кастодиан банктегі ағымдағы шоттарындағы бөліп көрсетілген активтері».
Toggle Dropdown
12. Оригинатор ұйымнан мүлікті сатып алған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
Toggle Dropdown
1) сатып алынатын мүлік сомасына:
Toggle Dropdown
Дт 1030 «Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты»
Toggle Dropdown
Кт 1280 93 «Исламдық арнайы қаржы компаниясының жалға (қаржы
Toggle Dropdown
лизингіне) берілген бөлінген активтері «;
Toggle Dropdown
2) және бір мезгілде өтелген исламдық жалдау сертификаттары сомасына:
Toggle Dropdown
Дт 4030 94 «Айналысқа шығарылған исламдық жалдау сертификаттары»
Toggle Dropdown
Кт 1030 «Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты».
Toggle Dropdown
3-тарау. Исламдық қатысу сертификаттарын бухгалтерлік есепке алу
Toggle Dropdown
13. Исламдық қатысу сертификаттарын шығару сомасына орналастырған кезде ұйым мынадай бухгалтерлік жазбаны жүзеге асырады:
Toggle Dropdown
Дт 1030 «Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты»
Toggle Dropdown
Кт 4030 95 «Айналысқа шығарылған исламдық қатысу сертификаттары».
Toggle Dropdown
14. Исламдық қатысу сертификаттарын орналастыру нәтижесінде алынған қаражатты (жалға және/немесе қолданыстағы) инвестициялық жобаға инвестициялаған немесе кәсіпкерлік қызметті жай серіктестік шарты негізінде не акционерлік қоғамның немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғаны құрумен қаржыландырған кезде (бұдан әрі - инвестициялық жоба) мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Toggle Dropdown
Дт 1280 95 «Исламдық арнайы қаржы компаниясының инвестициялық жобалардағы бөлінген активтері»
Toggle Dropdown
Кт 1030 «Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты».
Toggle Dropdown
15. Ұйымға тиесілі акцияларды (қатысу үлесін) инвестициялық жобаға қатысу үшін оригинаторға сенімгерлік басқаруға берген кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Toggle Dropdown
Кіріс 8760 «Оригинаторға сенімгерлік басқаруға берілген акциялар (қатысу үлестері)»
Toggle Dropdown
16. Инвестициялық жоба бойынша кірісті алған кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Toggle Dropdown
Дт 1060 91 «Арнайы қаржы компанияларының кастодиан банктегі ағымдағы шоттарындағы бөліп көрсетілген активтері»
Toggle Dropdown
Кт 6120 «Дивидендтер бойынша кірістер»
Toggle Dropdown
6400 «Ұйымдардың үлестік қатысу әдісі бойынша есепке алынатын пайда үлесі».
Toggle Dropdown
17. Исламдық қатысу сертификаттарын шығару проспектінің талаптарына сәйкес оригинаторға инвестициялық жоба бойынша кірісті төлеген кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
Toggle Dropdown
Дт 7310 94 «Исламдық қатысу сертификаттары бойынша кірісті төлеуге байланысты шығыстар»
Toggle Dropdown
Кт 1060 91 «Арнайы қаржы компанияларының кастодиан банктегі ағымдағы шоттарындағы беліп керсетілген активтері»
Toggle Dropdown
және бір мезгілде, ұйым кірісінің сомасына:
Toggle Dropdown
Дт 1030 «Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты
Toggle Dropdown
Кт 1060 91 «Арнайы қаржы компанияларының кастодиан банктегі ағымдағы шоттарындағы бөліп көрсетілген активтері».
Toggle Dropdown
18. Исламдық қатысу сертификаттарын шығару проспектінде оригинатордың төленетін комиссиялық сыйақы сомасына комиссиялық сыйақыны алуы көзделген жағдайда мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Toggle Dropdown
Дт 7470 26 «Сенімгерлік операциялар бойынша қызмет көрсету үшін комиссиялық шығыстар»
Toggle Dropdown
Кт 1060 91 «Арнайы қаржы компанияларының кастодиан банктегі ағымдағы шоттарындағы бөліп көрсетілген активтері».
Toggle Dropdown
19. Исламдық қатысу сертификаттарын орналастыру нәтижесінде алынған және инвестициялық жобаға инвестицияланған қаражатты қайтарған кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Toggle Dropdown
Дт 1060 91 «Арнайы қаржы компанияларының кастодиан банктегі ағымдағы шоттарындағы бөліп көрсетілген активтері»
Toggle Dropdown
Кт 1280 95 «Исламдық арнайы қаржы компаниясының инвестициялық, жобалардағы бөлінген активтері».
Toggle Dropdown
20. Исламдық қатысу сертификаттарын өтеген кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Toggle Dropdown
Дт 4030 95 «Айналысқа шығарылған исламдық қатысу сертификаттары»
Toggle Dropdown
7310 94 «Исламдық қатысу сертификаттары бойынша кірісті төлеуге байланысты шығыстар»
Toggle Dropdown
Кт 1060 91 «Арнайы қаржы компанияларының кастодиан банктегі ағымдағы шоттарындағы бөліп көрсетілген активтері».
Toggle Dropdown
21. Ұйымға тиесілі акцияларды (қатысу үлесін) оригинатордың сенімгерлік басқаруынан алған кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Toggle Dropdown
Шығыс 8760 «Оригинаторға сенімгерлік басқаруға берілген акциялар (қатысу үлестері)».
Toggle Dropdown
4-тарау. Резервтік қорды құру жөніндегі операцияларды бухгалтерлік есепке алу
Toggle Dropdown
22. Исламдық бағалы қағаздарды орналастырудан алынған ақшаны инвестициялау нәтижесінде туындайтын залалдарды жабуға арналған резервтік қорды құрған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
Toggle Dropdown
Дт 7440 91 «Исламдық бағалы қағаздар бойынша резервтік қорды қалыптастыру бойынша шығыстар»
Toggle Dropdown
Кт 4030 96 «Исламдық бағалы қағаздар бойынша резервтік қор».
Toggle Dropdown
23. Исламдық бағалы қағаздарды орналастырудан алынған ақшаны инвестициялау нәтижесінде туындайтын залалдарды жабуға арналған резервтік қорды азайтқан (жойған) кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Toggle Dropdown
Дт 4030 96 «Исламдық бағалы қағаздар бойынша резервтік қор»
Toggle Dropdown
Кт 6240 91 «Исламдық бағалы қағаздар бойынша резервтік қорды қалпына келтіруден (жоюдан) кірістер».
Toggle Dropdown
24. Исламдық бағалы қағаздарды ұстаушыларға исламдық бағалы қағаздарды орналастырудан алынған ақшаны инвестициялау нәтижесінде туындайтын залалдарды өтеген кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Toggle Dropdown
Дт 4030 96 «Исламдық бағалы қағаздар бойынша резервтік қор»
Toggle Dropdown
Кт 1060 91 «Арнайы қаржы компанияларының кастодиан банктегі ағымдағы шоттарындағы бөліп көрсетілген активтері».