Toggle Dropdown
Фитосанитариялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерiстер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 ақпандағы № 78 қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 31.10.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған:
Toggle Dropdown
1) «Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
2) «Карантинге жатқызылған өнімнің Қазақстан Республикасының аумағында орнын ауыстыруға карантиндiк сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
3) «Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
4) «Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензияны беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
Toggle Dropdown
1) «Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен тектi түрлерден қорғау жөнiндегi ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 қазандағы № 1730 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 47-48, 445-құжат):
Toggle Dropdown
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен тектi түрлерден қорғау жөнiндегi ережеде:
Toggle Dropdown
2-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«карантинге жатқызылған өнімді фитосанитариялық сараптау – карантиндік объектілерді, бөтен текті түрлерді және басқа зиянды организмдерді анықтау және олардың түрлік құрамын айқындау мақсатында карантинге жатқызылған өнім легінен іріктеп алынған үлгілерді зерттеу;»;
Toggle Dropdown
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«27. Жеке және заңды тұлғалар фитосанитариялық сертификат алу үшiн уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiне мынадай құжаттарды береді:
Toggle Dropdown
1) осы Ережеге 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiм. Өтінім «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы арқылы өтінім берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық сұрау салу түрінде ұсынылуы мүмкін;
Toggle Dropdown
2) жеке тұлға үшін – өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат, заңды тұлға үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік* немесе анықтама;
Toggle Dropdown
3) уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжат және өтінім беруші атынан өкілдік етуге өкілеттілікті куәландыратын құжат;
Toggle Dropdown
4) импорттаушы елдің фитосанитариялық талаптары болған кезде – импорттаушы елдің мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылған импорттық карантиндік рұқсаты не фитосанитариялық талаптар ескертілген шарттардың көшірмелері.
Toggle Dropdown
*Ескертпе: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалдар мен өкілдіктерді) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.»;
Toggle Dropdown
29-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«29. Фитосанитариялық сертификатты карантинге жатқызылған өнімді тексеру актісі негізінде карантинге жатқызылған өнімді зерттеген өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор береді және өзінің қол қоюымен және белгіленген үлгідегі мөрмен (мөртабанмен) растайды. Карантинге жатқызылған өнімді карантиндік аймақтардан әкеткен жағдайда – карантиндік аймақ оның түрі бойынша белгіленетін карантиндік объектінің болмауын растайтын карантинге жатқызылған өнімді фитосанитариялық сараптамау негізінде беріледі. Фитосанитариялық сертификат карантинге жатқызылған өнімнің әрбір легіне беріледі және оның карантиндік жай-күйін куәландыруға, жүргізілген зарарсыздандыру, осы өнімді жеткізу жөніндегі басқа да қосымша карантиндік талаптардың орындалғаны туралы мәліметтерді қамтуға тиіс.»;
Toggle Dropdown
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«33. Карантиндiк сертификат алу үшiн жеке және заңды тұлғалар мынадай құжаттарды береді:
Toggle Dropdown
1) уәкілетті органға осы Ережеге 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiм не «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы арқылы өтінім берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық сұрау салу түрінде береді, сондай-ақ карантиндік жай-күйін айқындау үшін карантинге жатқызылған өнімді өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторға ұсынады;
Toggle Dropdown
2) жеке тұлға үшін – өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат, заңды тұлға үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік* немесе анықтама;
Toggle Dropdown
3) уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжат және атынан өтінім беруші өкілдік етуге өкілеттілікті куәландыратын құжат.
Toggle Dropdown
*Ескертпе: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалдар мен өкілдіктерді) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.
Toggle Dropdown
Карантиндік сертификатты карантинге жатқызылған өнімді тексеру актісі негізінде карантинге жатқызылған өнімді зерттеген өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор береді және өзінің қол қоюымен мен белгіленген үлгідегі мөрмен (мөртабанмен) растайды. Карантинге жатқызылған өнімді карантиндік аймақтардан әкеткен жағдайда – карантиндік аймақ оның түрі бойынша белгіленетін карантиндік объектінің болмауын растайтын карантинге жатқызылған өнімді фитосанитариялық сараптау негізінде беріледі. Карантиндік сертификат карантинге жатқызылған өнімнің әрбір легіне беріледі және оның карантиндік жай-күйін куәландыруы, осы өнімді жеткізу жөніндегі қосымша карантиндік талаптардың орындалғаны туралы мәліметтерді қамтуға тиіс.
Toggle Dropdown
Карантиндік сертификат немесе оны беруден дәлелді бас тарту оны алуға өтінім берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ресімделеді.»;
Toggle Dropdown
көрсетілген Ережеге 8 және 10-қосымшалар осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Toggle Dropdown
2) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
3. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
Toggle Dropdown
1) «Фитосанитариялық қауіпсіздік және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 мамырдағы № 485 қаулысы 1-тармағының 1), 2)және 3) тармақшалары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 37, 451-құжат);
Toggle Dropdown
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 наурыздағы № 305 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 8-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 35, 472-құжат);
Toggle Dropdown
3) «Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1108 қаулысы 1-тармағының 10), 11) және 12) тармақшалары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 67, 973-құжат).
Toggle Dropdown
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2014 жылғы 12 ақпандағы
№ 78 қаулысымен
бекiтiлген
Toggle Dropdown
«Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет – «Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді, оның ішінде «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
Toggle Dropdown
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 22 (жиырма екі) жұмыс күні;
Toggle Dropdown
құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
Toggle Dropdown
қызмет көрсетудің ең ұзақ рұқсат етілетін уақыты – 30 (отыз) минут;
Toggle Dropdown
5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.