Toggle Dropdown
Автомобиль жолдары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 7 ақпандағы № 64 қаулысы
Toggle Dropdown
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған:
Toggle Dropdown
1) «Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілген қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
2) «Облыстық және аудандық маңызы бар, сондай-ақ елді мекендердегі жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
3) «Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының арналармен, байланыс және электр беру желілерімен, мұнай құбырларымен, газ құбырларымен, су құбырларымен және теміржолдармен, басқа да инженерлік желілермен және коммуникациялармен қиылысуына рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
4) «Республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы жолдарға кiрме жолдарды және оларға жалғасатын жолдарды салуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. «Жол шаруашылығын құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 қыркүйектегі № 845 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 31, 269-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Toggle Dropdown
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль жолдарын пайдалану қағидаларында:
Toggle Dropdown
10-1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«10-1. Концессияға немесе Ұлттық оператордың сенімгерлік басқаруына берілген автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін қоса алғанда, жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының мұқтажы үшін жерлер жол органына тұрақты жер пайдалануға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және жөндеу жұмыстарын жүзеге асыратын қызметтерді жеткізушіге уақытша жер пайдалануға бөлінеді.»;
Toggle Dropdown
12-тармақта:
Toggle Dropdown
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«1) жол органымен:
Toggle Dropdown
автомобиль жолдарының арналармен, байланыс және электр беру желілерімен, мұнай құбырларымен, газ құбырларымен, су құбырларымен және теміржолдармен, басқа да инженерлік желілермен және коммуникациялармен қиылысуына;
Toggle Dropdown
ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты көлік құралдарының жүріп өтуіне;
Toggle Dropdown
ескерткіштер қоюға, қоршау орнатуға, сәнді екпелерді отырғызуға;
Toggle Dropdown
көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің жүруіне кедергі келтіретін автомобиль жолдарындағы кез келген жұмыстарды жүргізуге;
Toggle Dropdown
автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде және жол бойындағы белдеуінде сыртқы жарық түсіру тіреулерін орнатуға;»;
Toggle Dropdown
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
«1-1) Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператормен:
Toggle Dropdown
халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орнатуға;
Toggle Dropdown
оларға кіру үшін кірме жолдар қажет болған кезде жол сервисі объектілерін жол бойындағы белдеулерге немесе объектілерді олардың шегінен тыс жерлерде орналастыруға;
Toggle Dropdown
республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы жолдарға кiрме жолдарды және оларға жалғасатын жолдарды салуға.»;
Toggle Dropdown
12-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«12-1. Жол органы, Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор келісуді өтініш берілген сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізілетін автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орнатуға келісуді қоспағанда, жеті жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді (техникалық шарттар мен паспорттар беруді жүзеге асырады).
Toggle Dropdown
Әкімшілік полицияның бөлімшелері келісуді жеті жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.»;
Toggle Dropdown
15 және 16-тармақтар алынып тасталсын:
Toggle Dropdown
19-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«19. Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператормен келісілгеннен кейін жолдардың барлық санаттары үшін қонақүйлер, мотельдер, кемпингтер, техникалық қызмет көрсету станциялары, тамақтану және сауда пункттері жер төсемінің жиегінен 50 м-ден жақын емес қашықтықта жобаланады және орналастырылады.
Toggle Dropdown
Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператормен келісілгеннен кейін таяу жердегі автожанармай құю станциялары барлық санаттары үшін жер төсемінің жиегінен 25 м-ден жақын емес қашықтықта жобаланады және орналастырылады.»;
Toggle Dropdown
23-3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«23-3. Республикалық маңызы бар жалпы ортақ пайдаланымдағы жолдарға кiрме жолдарды және оларға жалғасатын жолдарды салуға Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператордың келісімін алу үшін автомобиль жолдарын пайдаланушылар мынадай құжаттарды ұсынады:»;
Toggle Dropdown
осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшалар осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
көрсетілген қаулымен бекітілген Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру қағидаларында:
Toggle Dropdown
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары бөлінген белдеуінің жол органдары, Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор немесе концессионер пайдаланбайтын жер учаскелерін:
Toggle Dropdown
1) халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде – жол органы;
Toggle Dropdown
2) облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде – облыстың немесе ауданның жергілікті атқарушы органы жолдардың көліктік-пайдалану сапасының төмендеуіне жол бермеу, көлік құралдары жүрісінің қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтауы шартымен сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшін жеке және заңды тұлғаларға шарт бойынша қысқа мерзімді уақытша жер пайдалануға беруі мүмкін.»;
Toggle Dropdown
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«5. Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат алу үшін Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық операторға немесе облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары иелігіне қарайтын жергілікті атқарушы органдарға осы Қағидаларға қосымшада белгіленген нысан бойынша өтініш береді. Өтінішке түстік шешімі мен мөлшері бар объектінің эскизі, сондай-ақ объектілер иелерінің өкілі жүгінген кезде уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдік етуге құзыреттілігін куәландыратын құжат қоса беріледі.
Toggle Dropdown
Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор немесе жергілікті атқарушы органдар өтінішке сәйкес объектілердің орналасу орнын айқындайды (немесе басқа орын ұсынады), сондай-ақ сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінің өлшемдері мен көркемдік орындалуының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексереді.
Toggle Dropdown
7-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«7. Паспортты халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары бойынша Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор немесе облыстық немесе аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары бойынша жергілікті атқарушы орган бес жұмыс күні ішінде береді.
Toggle Dropdown
15-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
Құжаттамаларды тиісінше ресімдемей және оны Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық операторында немесе жергілікті атқарушы органдарда келіспей, сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін өз бетінше орналастыруға тыйым салынады.
Toggle Dropdown
осы Қағидаларға қосымша осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Toggle Dropdown
3. Мыналардың:
Toggle Dropdown
1) «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі және жергілікті атқарушы органдардың автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жол шаруашылығын құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру туралы» 1998 жылғы 5 қыркүйектегі № 845 және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы № 1315 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы 2012 ж., № 74, 1089-құжат);
Toggle Dropdown
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 10 маусымдағы № 591 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 37, 543-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағының күші жойылды деп танылсын.