• Мое избранное

Отправить по почте

Аккредиттеу туралы Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 8 қазандағы № 304 бұйрығы

«Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 25-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 мамырдағы № 477 қаулысымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу ережесінің 11-тармағына және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жанындағы Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссияның 2013 жылғы 30 қыркүйектегі № 7 отырысының хаттамалық шешіміне сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Кеме иелері және теңіз индустриясы кәсіпкерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғаларының коммерциялық емес бірлестігі (бұдан әрі - заңды тұлғалар бірлестігі) аккредиттелсін.
2. Көрсетілген заңды тұлғалар бірлестігіне аккредиттеу туралы куәлік берілсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Заң департаментіне (С.М. Қаппасов) жүктелсін.