Toggle Dropdown
2
Өнеркәсіптік меншік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 92 қаулысы
Toggle Dropdown
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған:
Toggle Dropdown
1) «Өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалануға байланысты басқаға беру шарттарын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
2) «Лицензиялық, қосалқы лицензиялық шарттарды, өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалануға байланысты төлемдер туралы шарттарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
3) «Патенттік сенім білдірілген өкілдерді мемлекеттік тіркеу және аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
4) «Тауар таңбасына куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
5) «Тауар шығарылған жердің атауына куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
6) «Өнеркәсіптік үлгіге патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
7) «Пайдалы модельге патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
8) «Өнертабысқа патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
9) «Инновациялық патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
10) «Селекциялық жетістікке патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 13 ақпандағы
№ 92 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
2
«Өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалануға байланысты басқаға беру шарттарын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. «Өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалануға байланысты басқаға беру шарттарын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Зияткерлік меншік құқығы комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау және оның нәтижелерін беру Министрліктің Зияткерлік меншік құқығы комитетінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – сараптама ұйымы) арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Toggle Dropdown
2
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған кезден бастап:
Toggle Dropdown
он бес жұмыс күні ішінде келіп түскен құжаттардың алдын ала сараптамасы жүргізіледі, оның барысында қажетті құжаттардың бар болуы және оларға белгіленген талаптардың сақталуы тексеріледі;
Toggle Dropdown
жиырма күндік мерзімде мәні бойынша сараптама жүргізіледі, оның барысында шарт материалдарын зерттеу жүргізіледі;
Toggle Dropdown
сараптаманың нәтижесі оң болса шартты тіркеуге кедергі келтіретін негіздердің жоқ екендігі туралы қорытындыны сараптама ұйымы бес жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге шешім қабылдау үшін жібереді (сараптама ұйымы шартты тіркеуден бас тарту туралы қорытынды шығарған жағдайда, бұл қорытынды көрсетілетін қызметті алушыға екі жұмыс күні ішінде жіберіледі);
Toggle Dropdown
сараптама ұйымының қорытындысы келіп түскен кезден бастап бес жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті беруші шартты тіркеу немесе тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Toggle Dropdown
Құжаттардың ресімделуіне қойылатын талаптар бұзылған немесе шартты тіркеуге кедергі келтіретін, бірақ жоюға болатын негіздер болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға сұрау жіберіліп, ол жолданған күннен бастап үш ай мерзімде жоқ немесе түзетілген құжаттарды ұсыну немесе қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылады. Мұндай жағдайда мәні бойынша сараптама жүргізудің мерзімдері жоқ немесе түзетілген құжаттар ұсынылған күннен бастап есептеледі;
Toggle Dropdown
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 10 (он) минут;
Toggle Dropdown
3) қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 10 (он) минут.
Toggle Dropdown
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
Toggle Dropdown
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – қағаз түрінде берілетін шартты тіркеу күні мен оның ағымдағы нөмірімен бірге мөртабаны қойылған шартты мемлекеттік тіркеу не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша түрдегі дәлелді жауап.
Toggle Dropdown
7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік баж республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және мемлекеттік баж төленген күні қолданыстағы айлық есептік көрсеткіштің 150 пайызы мөлшерінде заңдық мәні бар әрекеттер жасалған және (немесе) көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды беретін жерде Қазақстан Республикасының банк мекемелері арқылы төленеді, олар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 539-бабында белгіленген төлемнің мөлшерін және күнін растайтын төлем құжаттарын береді.
Toggle Dropdown
Сараптама жүргізу үшін мемлекеттік монополия саласындағы заңнамаға сәйкес белгіленген төлем алынады. Белгіленген тарифтердің құны мен мөлшерлері сараптама ұйымының www.kazpatent.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік баж төлеу үшін қажетті банк деректемелері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшада көрсетілген.
Toggle Dropdown
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14.30-ға дейін. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
Toggle Dropdown
2
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
Toggle Dropdown
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
Toggle Dropdown
2) өнеркәсіптік меншіктің біртектес объектілері мәні болып табылатын, титул парағымен жабдықталған басқаға беру шартының төрт данадағы түпнұсқалары немесе нотариат куәландырған көшірмелері. Шарттың әрбір данасы тігіледі, тігілген және нөмірленген парақтардың саны туралы жазба жасалатын, мөртаңбасы және екі тараптың соған уәкілетті адамдардың (патентті басқаға беру шарттарына қатысты – екі тараптың соған уәкілетті адамдарының не көрсетілетін қызметті алушының) қолдары қойылатын қағаз пломбасымен бекітіледі;
Toggle Dropdown
3) өтініш патенттік сенім білдірілген өкіл немесе өзге де өкіл арқылы берілген жағдайда нотариат бекіткен сенімхат;
Toggle Dropdown
4) мемлекеттік баж төлемін растайтын құжаттар;
Toggle Dropdown
5) ұлттық көрсетілетін қызметті алушылар үшін (Қазақстан Республикасының резиденттері) иеленушіні басқару органдарының шарт жасасу және оған кәсіпорын басшысының қол қоюы жөніндегі өкілеттіктерін беру мәселесі бойынша шешімі.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде қағаз түріндегі өтініштің көшірмесіне құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, сараптама ұйымының кеңсесінде тіркеу туралы белгі жасау оның қабылдануын растау болып табылады.
Toggle Dropdown
2
10. Мына:
Toggle Dropdown
1) оған қатысты шарт жасалатын және оны қалпына келтіру мүмкіндігі жоқ қорғау құжатының қолданысын тоқтату;
Toggle Dropdown
2) сараптама ұйымының сұрау салуы бойынша барлық қажетті материалдардың және мәліметтердің үш айлық мерзімде ұсынылмауы;
Toggle Dropdown
3) тараптардың тауар таңбасын айрықша құқықтарды басқаға беру шартын жасасуға қажетті құқықтарының болмауы;