• Мое избранное
Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2014 - 2016 жылдарға арналған республикалық бюджеттен халықты әлеуметтік қорғауға және оған көмек көрсетуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2015 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2014 - 2016 жылдарға арналған республикалық бюджеттен халықты әлеуметтік қорғауға және оған көмек көрсетуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 ақпандағы № 97 қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 19.02.2015 жылғы № 82 Қаулысына сәйкес
«2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2013 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2014 - 2016 жылдарға арналған республикалық бюджеттен халықты әлеуметтік қорғауға және оған көмек көрсетуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері бюджет қаражатының уақтылы және мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 17 ақпандағы
№ 97 қаулысымен
бекітілген
Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық  бюджеттен халықты әлеуметтік қорғауға және оған көмек көрсетуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары
1. Жалпы ережелер 
1. Осы Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджеттен халықты әлеуметтік қорғауға және оған көмек көрсетуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Қағидалар облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің мынадай:
100 «Арнаулы әлеуметтік қызметтер стандарттарын енгізу»;
101 «Үкіметтік емес секторда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру» кіші бағдарламаларын қоспағанда, 038 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалалары бюджеттеріне халықты әлеуметтік қорғауға және көмек көрсетуге арналған ағымдағы нысаналы трансферттер» республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша халықты әлеуметтік қорғауға және көмек көрсетуге республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібін айқындайды.
3. Ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану бюджет заңнамасына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі – азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі шараларды қаржыландыруды және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыратын еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық уәкілетті орган;
2) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары – өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарды мемлекеттік қолдаудың мемлекет Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асыратын шаралары;
3) ассистенттер – шартты ақшалай көмек алу үшін кент, село, селолық округ әкіміне (бұдан әрі – селолық округ әкімі) жүгінген үміткермен консультациялар өткізу, әңгімелесу, отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын іске асыру кезеңінде адамды (отбасын) сүйемелдеу, атқарылған жұмыс туралы мониторинг жүргізу және есеп жасау үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі шарт негізінде тартатын адамдар;
4) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – атаулы әлеуметтік көмек) – жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен жеке адамдарға (отбасыларға) мемлекет ақшалай нысанда беретін төлем;
5) өтініш берілген күні – барлық қажетті құжаттармен уәкілетті органға немесе селолық округ әкіміне шартты ақшалай көмек тағайындауға өтініш берілген ай;
6) өтініш беруші (үміткер) – «Өрлеу» жобасына қатысу үшін өз атынан және отбасы атынан өтініш білдіретін адам;
7) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттар – шартты ақшалай көмек алу үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне өтініш білдірген үміткермен консультациялар өткізу, әңгімелесу, отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын іске асыру кезеңінде адамды (отбасын) сүйемелдеу, атқарылған жұмыс туралы мониторинг жүргізу және есеп жасау үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі шарт негізінде тартатын, халықты әлеуметтік қорғау, ауыл шаруашылығы органдары мен ұйымдарының және өзге де ұйымдардың мамандарымен өзара іс-қимыл жасайтын адамдар;
8) шартты ақшалай көмек (бұдан әрі – ШАК) – отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартының талаптары бойынша жан басына шаққандағы орташа айлық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан төмен жеке тұлғаларға немесе отбасыларға мемлекет беретін ақшалай нысандағы төлем;
9) «Өрлеу» жобасы – отбасының еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуы және қажет болған жағдайда, еңбекке қабілеттілерін қоса алғанда, отбасы мүшелерінің (адамның), әлеуметтік бейімделуден өтуі шартымен отбасыға (адамға) шартты ақшалай көмек беру бағдарламасы;
10) жан басына шаққандағы орташа табыс – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
11) отбасының жиынтық табысы – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылы 28 тамызда № 5757 болып тіркелген) Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу ережесіне сәйкес есептелетін, шартты ақшалай көмек тағайындауға өтініш берген айдың алдындағы 12 айда ақшалай, сол сияқты заттай нысанда алынған табыстың жалпы сомасы;
12) әлеуметтік келісімшарт – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының жұмыссыз, өз бетінше жұмыспен айналысатын және табысы аз азаматтары қатарындағы жеке тұлға мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасындағы тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім;
13) отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты – «Өрлеу» жобасына қатысу үшін отбасы атынан әрекет ететін еңбекке қабілетті жеке тұлға мен уәкілетті орган арасындағы тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім;
14) арнаулы әлеуметтік қызметтер – «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өмірде қиын жағдайға тап болған еңбекке қабілетті адамға немесе отбасы мүшелеріне туындаған әлеуметтік проблемаларды еңсеру үшін жағдайларды қамтамасыз ететін және оның қоғам өміріне қатысуына басқа азаматтармен тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған қызметтер кешені;
15) уәкілетті орган – шартты ақшалай көмек тағайындауды, отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын әзірлеуді, жасасуды және сүйемелдеуді жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы;
16) облыстың уәкілетті органы – «Өрлеу» жобасын іске асыруды үйлестіруді және оның мониторингін жүзеге асыратын облыстың жергілікті атқарушы органының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы;
17) учаскелік комиссия – атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнайы комиссия.
5. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне халықты әлеуметтік қорғауға және көмек көрсетуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер мынадай бюджеттік кіші бағдарламалар бойынша пайдаланылады:
103 «Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру» (бұдан әрі – 103 кіші бағдарлама);
104 «Өрлеу жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті енгізу» (бұдан әрі – 104 кіші бағдарлама).
6. Республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі Нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімнің, белгіленген тәртіппен бекітілген 038 бюджеттік бағдарлама мен 103 және 104 кіші бағдарламаларды қаржыландырудың жеке жоспарының негізінде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттерді аударуды жүргізеді.
2. 2014 – 2015 жылдарға арналған республикалық бюджеттен  берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді Ақмола, Шығыс  Қазақстан және Жамбыл облыстарының облыстық бюджеттерінің  «Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті енгізуге  пайдалану тәртібі 
7. Ақмола, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарының бюджеттеріне «Өрлеу» жобасы бойынша ШАК-ті енгізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер:
1) ШАК төлеуге;
2) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттар мен ассистенттердің қызметтеріне ақы төлеуге;
3) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттар мен ассистенттердің іссапар шығыстарына;
4) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттарды оқытуға;
5) баспа, оның ішінде ақпараттық-түсіндіру сипатындағы өнімдерді шығаруға пайдаланылады.
8. Облыстың уәкілетті органы келіп түсетін нысаналы трансферттерді мынадай бюджеттік бағдарламалар бойынша көздейді:
047 «Аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне «Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті енгізуге арналған ағымдағы нысаналы трансферттер»;
048 «Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті енгізу».
047 «Аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне «Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті енгізуге арналған ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламасы бойынша ағымдағы нысаналы трансферттерді облыстың уәкілетті органы аудандардың бюджеттеріне, облыстық маңызы бар қалалардың бюджеттеріне аударуды заңнамада белгіленген тәртіппен жүргізеді.
048 «Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті енгізу» бюджеттік бағдарламасы бойынша әлеуметтік жұмыстар жөніндегі консультанттарды оқытуға арналған шығыстар жүргізіледі.
9. Уәкілетті орган келіп түсетін нысаналы трансферттерді 025 «Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті енгізу» бюджеттік бағдарламасы бойынша қарастырады. Аталған бағдарлама бойынша осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген шығыстар (әлеуметтік жұмыстар жөніндегі консультанттардың біліктілігін арттыруға арналған шығыстарды қоспағанда) жүргізіледі.
ШАК төлеу осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген мөлшерде 025 «Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті енгізу» бюджеттік бағдарламасының тиісті кіші бағдарламалары бойынша жүргізіледі.