• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 22.10.2015 г

Отправить по почте

"Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер және шетелдiктерге тұруға ықтиярхаттар беру", "Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тiркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру", "Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауды және одан шығуды тiркеу" және "Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 ақпандағы № 111 қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 22 қазаннан бастап ҚР Үкіметінің 12.10.2015 жылғы № 821 Қаулысына сәйкес
"Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тiркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру", "Азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктердің тұруына ықтиярхат беру", "Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды және одан шығуды тiркеу" және "Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" ҚР Ішкі істер министрінің 30.05.2015 жылғы № 495 Бұйрығын қараңыз
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1) «Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер және шетелдiктерге тұруға ықтиярхаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
2) «Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тiркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
3) «Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдауды және одан шығуды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
4) «Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 19 ақпандағы
№ 111 қаулысымен
бекітілген
1
«Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер мен шетелдiктерге тұруға ықтиярхаттар беру»  мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты
1. «Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер мен шетелдiктерге тұруға ықтиярхаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірлеген.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің аумақтық көші-қон полициясының бөлiмшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
1) қажетті құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік 30 (отыз) күн;
2) құжаттарды тапсыру үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты – 30 (отыз) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға рұқсат етілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты – 30 (отыз) минут.
6. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесі – азаматтығы жоқ адамның куәлiгі және шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты.
7. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет ақылы болып табылады. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет үшiн мемлекеттiк баж алынады, ол «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнің (Салық кодексi) 540-бабына сәйкес:
азаматтығы жоқ адамның куәлiгiн ресiмдеу кезiнде - мемлекеттiк баж төленген күнге белгiленген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнің 400 пайызын;
шетелдiктiң Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатын ресiмдеу кезiнде - мемлекеттiк баж төленген күнге белгiленген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнің 20 пайызын құрайды.
Мемлекеттiк баж төлемнiң мөлшерi мен күнiн растайтын құжат (түбіртек) беретiн Қазақстан Республикасының банктік мекемелері арқылы төленеді.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiмен көрсетіледі.
1
9. Көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі жүгінген кезде мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажетті құжаттардың тізбесі:
1974 жылғы үлгідегі (бұрынғы Кеңестiк Социалистiк Республикалар Одағының) паспорты;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаны туралы анықтама;
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу және азаматтығын өзгерту, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес азаматтықты өзгерту туралы анықтама;
туу туралы куәлік (он алты жасқа дейінгі адамдарға ресімдеу кезінде);
Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері беретін оралуға куәлік (шетелде уақытша жүрген азаматтығы жоқ адамның куәлігі жоғалған кезде);
2) шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатын ресімдеу үшін:
Көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды ұсынғаннан кейін осы мемлекеттік қызмет стандартына қосымшаға сәйкес формуляр ресімделеді.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін  қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының  шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі