Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :










Отправить по почте

"Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан Стратегиялық объектілер жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 қарашадағы № 1125 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 135 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 31.12.2015 жылғы № 1173 Қаулысына сәйкес
1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан Стратегиялық объектілер жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 қарашадағы № 1125 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 13-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Стратегиялық объектілер жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
| Әбіш Самат Сатыбалдыұлы | – | Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары |
| Баймолдина Зәуреш Хамитқызы | – | Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары |
| Мырзағалиев Мағзұм Маратұлы | – | Қазақстан Республикасының Мұнай және газ вице-министрі; |
| Иманғалиев Есенғазы Нұртөлеуұлы | – | Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі; |
мына:
| «Сағынтаев Бақытжан Әбдірұлы | – | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі, төраға» |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
| «Сағынтаев Бақытжан Әбдірұлы | – | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға»; |
көрсетілген құрамнан Берік Зиябекұлы Толымбаев, Дулат Рашидұлы Құсдәулетов, Ғұсман Кәрімұлы Әмірин, Мұрат Абдуламитұлы Әбенов шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |