Toggle Dropdown
2
Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 қаулысы
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 14-1-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау және өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидалары бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 24 ақпандағы
№ 138 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидалары
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидалары «Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабы 1-тармағына сәйкес әзірленді және ауылдарға, кенттерге, ауылдық округтерге, қаладағы аудандарға, қалаларға, аудандарға, шағын аудандарға, алаңдарға, даңғылдарға, бульварларға, көшелерге, тұйық көшелерге, саябақтарға, скверлерге, көпірлерге және елді мекендердің басқа да құрамдас бөліктеріне (бұдан әрі – елді мекендердің құрамдас бөліктері) атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау және өзгерту кезінде тиісті аумақтағы халықтың пікірін ескерудің тәртібін анықтайды.
Toggle Dropdown
2. Жергілікті атқарушы органдар облыстарға, аудандарға, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларға, астанаға, қаладағы аудандарға, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеруді ұйымдастырады және мәслихаттардың қарауына енгізеді.
Toggle Dropdown
3. Кенттерге, ауылдық округтерге, ауылдарға, аудандық маңызы бар қалаларға, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеруді жергілікті атқарушы органдар мен кенттердің, ауылдық округтердің, ауылдардың, аудандық маңызы бар қалалардың әкімдері жергілікті қоғамдастық жиналыстарын өткізу арқылы ұйымдастырады.
Toggle Dropdown
2. Облыстарға, аудандарға, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларға, қаладағы аудандарға, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру тәртібі
Toggle Dropdown
4. Тиісті жергілікті атқарушы органдар облыстарға, аудандарға, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларға, қаладағы аудандарға, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру үшін қажетті материалдарды тиісті мәслихаттардың қарауына енгізеді.
Toggle Dropdown
5. Тиісті аумақ халқының пікірі мәслихаттың тұрақты комиссияларының өткізілген көпшілік тыңдауларының негізінде ескеріліп, хаттамамен ресімделеді.
Toggle Dropdown
6. Тиісті мәслихаттардың тұрақты комиссияларының хаттамалары жеті жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таралатын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Toggle Dropdown
7. Тиісті мәслихаттардың тұрақты комиссияларының хаттамасымен ресімделген облыстарға, аудандарға, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларға, қаладағы аудандарға, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының ескерілген пікірі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тиісті ономастика комиссияларының қарауына ұсынылады.
Toggle Dropdown
3. Ауылдарға, кенттерге, ауылдық округтерге, аудандық маңызы бар қалаларға, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру тәртібі
Toggle Dropdown
8. Ауылдарға, кенттерге, ауылдық округтерге, аудандық маңызы бар қалаларға, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру үшін жергілікті атқарушы органдар ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің, аудандық маңызы бар қалалардың әкімдерімен бірлесе отырып:
Toggle Dropdown
1) жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізу мерзімін анықтайды және оның өткізілетін күніне дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей өздерінің интернет-ресурсында орналастырылады (бар болса) және тиісті аумақта таралатын бұқаралық ақпарат құралдарында жиналыстың күн тәртібі, өткізілетін күні, орны және уақыты көрсетілген хабарландыру орналастырады;
Toggle Dropdown
2) өздерінің интернет-ресурстарында (бар болса) және бұқаралық ақпарат құралдарында қажетті құжаттар мен материалдарды орналастырады.
Toggle Dropdown
9. Ауылдарға, кенттерге, ауылдық округтерге, аудандық маңызы бар қалаларға, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру ашық дауыс беру арқылы жүзеге асырылып, оның қорытындысы бойынша шешім қабылданады. Дауыс беру қорытындысы жиналыс өткен жерде жарияланып, хаттамамен ресімделеді.
Toggle Dropdown
10. Хаттамада «қолдап» немесе «қарсы» дауыс бергендердің жалпы саны көрсетіледі. Хаттамаға жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысқандардың тізімі қоса тіркеледі.
Toggle Dropdown
11. Жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамалары ол өткізілгеннен кейін жеті жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарында (бар болса) және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таралатын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Toggle Dropdown
12. Жергілікті өкілді және атқарушы органдар тиісті аумақ халқының пікірін ескерудің қорытындысы бойынша бірлескен шешіммен тиісті ономастика комиссияларының қарауына ауылдарға, кенттерге, ауылдық округтерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту бойынша ұсыныс енгізеді.
Toggle Dropdown
13. Ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің, аудандық маңызы бар қалалардың әкімдері тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қорытындысы бойынша аудандық жергілікті атқарушы органдарға елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту бойынша ұсыныс енгізеді.
Toggle Dropdown
14. Аудандық жергілікті атқарушы органдар тиісті ономастикалық комиссиялардың қарауына ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің, аудандық маңызы бар қалалардың елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту бойынша ұсыныс енгізеді.