Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық мүлкінің құрамына берілетін аудандық коммуналдық мүліктің үлгі тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 148 қаулысы
Редакция 25.11.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 15-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық мүлкінің құрамына берілетін аудандық коммуналдық мүліктің үлгі тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 24 ақпандағы
№ 148 қаулысымен
бекітілген
Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық мүлкінің құрамына берілетін аудандық коммуналдық мүліктің үлгі тізбесі
1. Мектепке дейінгі білім беру (балабақшалар) және мәдени-демалыс қызметі (мәдениет үйлері) салаларында қызметін жүзеге асыратын аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың мүліктік кешендері.
2. Аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітілген мүлік.
3. Жалпыға ортақ пайдаланылатын объектілер және өзге де мүлік (автомобиль жолы, елді мекеннің көшесі, саябақ, гүлзар, демалыс орны, ескерткіш).