Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
-
Продукты:
Судебная практика
Отправить по почте
"Салықтық өтініштердің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 қарашадағы № 1390 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 ақпандағы № 106 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 10 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 28.08.2015 жылғы № 685 Қаулысына сәйкес
1. «Салықтық өтініштердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 қарашадағы № 1390 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 4, 75-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген салық төлеушінің (салық агентінің) салық есептілігін кері қайтарып алу туралы салықтық өтінішінің нысаны осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардың және ұсталған (төленген) салықтардың сомалары туралы анықтаманы алуға салықтық өтініш нысаны осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 ақпандағы № 106 қаулысына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 қарашадағы № 1390 қаулысымен бекітілген
нысан
Салық төлеушінің (салық агентінің) салық есептілігін кері қайтарып алу туралы салықтық өтініші
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 ақпандағы № 106 қаулысына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 қарашадағы № 1390 қаулысымен бекітілген
нысан
Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардың және ұсталған (төленген) салықтардың сомалары туралы анықтаманы алуға салықтық өтініш
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |