• Мое избранное
Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 22.10.2015 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 2

Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 131 қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 22 қазаннан бастап ҚР Үкіметінің 12.10.2015 жылғы № 821 Қаулысына сәйкес
«Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» ҚР Ішкі істер министрінің 14.04.2015 жылғы № 341 Бұйрығын қараңыз
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Ауыл шаруашылығы министрлігі тіркейтін көлік құралдарын қоспағанда, автокөлік құралдарын тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік тіркеу белгілерін беру»;
2) «Ауыл шаруашылығы министрлігі беретін куәліктерді қоспағанда, азаматтарға жүргізуші куәліктерін беру»;
3) «Ауыл шаруашылығы министрлігі жүзеге асыратын тіркеуді қоспағанда, көлік құралдарын сенімхат бойынша басқаратын адамдарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі            С. Ахметов 
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
2014 жылғы 24 ақпандағы
 № 131 қаулысымен
 бекітілген
  • 1
«Ауыл шаруашылығы министрлігі тіркейтін көлік құралдарын қоспағанда, автокөлік құралдарын тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік тіркеу белгілерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 
1. Жалпы ережелер 
1. «Ауыл шаруашылығы министрлігі тіркейтін көлік құралдарын қоспағанда, автокөлік құралдарын тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік тіркеу белгілерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) ішкі істер органдарының тіркеу-емтихан бөлімшелері (бұдан әрі – ТЕБ);
2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің автоматтандырылуын бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – орталық) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі 
  • 1
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) ТЕБ-ке:
осы стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 6 сағаттан аспайды;
қажетті құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минуттан аспайды;
қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минуттан аспайды;
2) орталыққа жүгінген кезде:
осы стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 2 сағаттан аспайды;
электрондық кезек талонын алған сәттен бастап құжаттарды тапсырғанға дейін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минуттан аспайды;
орталық қызметкерінің бір өтінімді ресімдеуіне рұқсат етілген ең ұзақ уақыт – 20 минуттан аспайды.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – көлік құралын тіркеу туралы куәлік және нөмірлік тіркеу белгілері.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға немесе сенімхат негізінде әрекет ететін оның өкіліне жеке басты куәландыратын құжатты көрсеткен кезде:
1) ТЕБ-те: көлік құралын тіркеу туралы куәлікті беру тізіліміне қол қойғызып;
2) орталықта: қолхаттың негізінде орталық қызметкері күн сайын береді.
7. Мемлекеттік қызмет ақылы түрде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсеткені үшін мемлекеттік баж алынады, ол «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 540-бабына сәйкес:
1) көлік құралын тіркеу туралы куәлікті (бұдан әрі – КҚТК) беру үшін – мемлекеттік баж төлеу күніне белгіленген ең төменгі айлық есептік көрсеткіштің (бұдан әрі – АЕК) 125 пайызын;
2) автомобильге мемлекеттік нөмірлік тіркеу белгісін (бұдан әрі – МНТБ) беру үшін – АЕК-тің 280 пайызын;
3) мотокөлікке, автомобиль тіркемесіне МНТБ беру үшін – АЕК-тің 140 пайызын;
4) «Транзит» МНТБ беру үшін АЕК-тің 35 пайызын құрайды.
Бұдан басқа, Салық кодексінің 456-бабында көлік құралдарын тіркеу үшін тіркелетін (қайта тіркелетін) әрбір көлік құралы үшін, сондай-ақ КҚТК телнұсқасын алған кезде айлық есептік көрсеткіштің төрттен бір бөлігін құрайтын мемлекеттік алым көзделген.
Мемлекеттік баж және мемлекеттік алым банк мекемелері арқылы төленеді, олар төлемнің көлемі мен төленген күнін растайтын төлем құжатын береді. Орталықта картридер көмегімен (оларда интернет банкинг болған жағдайда) төлем карталары арқылы «электрондық үкімет» порталының төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮПШ) арқылы төлем жүргізуге болады.
Салық кодексінің 546-бабына сәйкес автомобильге, автомобиль тіркемесіне, мотокөлікке мемлекеттік нөмірлік тіркеу белгісін беру кезінде Кеңес Одағының батырлары, Социалистік Еңбек ерлері, Даңқ орденінің үш дәрежесімен және Еңбек Даңқы орденінің үш дәрежесімен, «Алтын Қыран», «Отан» ордендерімен наградталған, «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарын алған адамдар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жастан мүгедектердің ата-анасының бірі, Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар мемлекеттік баж төлеуден босатылады.
8. Жұмыс кестесі:
1) ТЕБ – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа сейсенбіден бастап сенбіге дейін (сейсенбі – жұма сағат 09.00-ден бастап сағат 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден бастап сағат 14.30-ға дейін, құжаттарды қабылдау сағат 17-00-ге дейін, сенбі сағат 08-00-ден бастап сағат 16-00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 12-00-ден бастап сағат 13-00-ге дейін, құжаттарды қабылдау сағат 15-00-ге дейін);
2) орталықтар – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда сағат 09-00-ден бастап сағат 20-00-ге дейін үзіліссіз.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
ТЕБ-ке жүгінген кезде:
1) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған көлік құралын тіркеу актісі;
2) жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, кәмелетке толмағандар үшін туу туралы куәлік) және өкілеттіктерді басқа сенім білдірген адамға берген кезде жеке тұлғадан нотариатта расталған сенімхат;