Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
-
Продукты:
Консультации
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 ақпандағы № 121 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 8 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 27.07.2015 жылғы № 592 Қаулысына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 ақпандағы № 121 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 815 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 47, 639-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасы осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын адамдарға кәсiпкерлiктi дамытуды мемлекеттiк қолдауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 816 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 47, 640-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын адамдарға кәсiпкерлiктi дамытуға мемлекеттiк қолдауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасы осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 817 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 47, 641-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидаларында:
1, 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі, «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы» заңдарына және «Жұмыспен қамту 2020 жол картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 636 қаулысына (бұдан әрі – Бағдарлама) сәйкес әзірленді.
Қағидалар жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесудің, оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетудің, өз еркімен қоныс аударудың, көшуді ұйымдастырудың, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын көрсетуге арналған нысаналы трансферттерді пайдаланудың және жұмыс берушілердің қатысу тәртібін айқындайды.
2. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға бағытталған шаралар:
1) көшуге субсидиялар беру;
2) қызметтік тұрғын үй беру;
3) еңбекші жастарға жатақханалардан бөлмелер беру;
4) кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарында оқыту (қажет болған кезде);
5) жаңа тұрғылықты жерінде жұмысқа орналасуға жәрдемдесу жолымен іске асырылады.»;
3-тармақта:
2) тармақша алынып тасталсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Бағдарламаға қатысушылар – Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар – жұмыссыздар, жұмыспен ішінара қамтылғандар, табысы аз адамдар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен Бағдарламада қатысу басымдығы белгіленген азаматтардың өзге де санаттары;»;
5) тармақша алынып тасталсын;
9), 10) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«9) қызметтік тұрғын үй – мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан берілетін және өздерінің еңбек қатынастарының сипатына байланысты міндеттерін орындау кезеңіне Қазақстан Республикасының азаматтарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарды қоныстандыруға арналған айрықша құқықтық режимдегі тұрғын үй;
10) өңірлік комиссия – жергілікті өкілді органдар, жұмыс берушілер, кәсіптік одақтар өкілдерінің қатысуымен облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы жанындағы Бағдарламаны іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия;»;
мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
«14) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары – өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және табысы аз халықтың қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарды, мемлекет Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асыратын мемлекеттік қолдау шаралары;»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Қазақстан Республикасы азаматтарының басқа облысқа көшуі республикалық маңызы бар қаланы және астананы қоспағанда, уәкілетті органдар ұсынған жұмыс берушілердің өтінімдері негізінде Бағдарлама операторының шешімі бойынша жүзеге асырылады.»;
«7. Өңірлік комиссия шешімінің негізінде республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыс орталықтарының шегінде тұратын адамдар қатарындағы Бағдарламаға қатысушыларды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде 2013 жылғы 1 шілдеде құрылысы аяқталған қызметтік тұрғын үйлерге көшіруге жол беріледі.»;
15-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жатақханадан бөлмелер жиырма тоғыз жасқа толмаған еңбекші жастарға (соның ішінде балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айрылған балаларға) олардың бұрынғы тұрған жеріне, оның ішінде облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалада және астанада тұрғанына қарамастан жүзеге асырылады.
Мұндай адамдар әскери қызметке шақырылған кезде, жасы мерзімді әскери қызметті өткеру мерзіміне ұзартылады.
Қызметтік тұрғын үйлер, көшіруді және жұмысқа орналастыруды жұмыс берушінің өзі жүзеге асырған Бағдарламаға қатысушыларға, сондай-ақ басқа облыстарға қоныс аударушыларға, олардың бұрынғы тұрған жеріне, оның ішінде облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалада және астанада тұрғанына қарамастан беріледі.»;
16-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жастарға арналған жатақханадағы бөлмелер 5 жылға дейінгі мерзімге беріледі және жекешелендіруге жатпайды.»;
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Бағдарламаға қатысушының не оның отбасы мүшесінің екі айдан астам қолданыстағы еңбек шарты болмаған жағдайда, жастарға арналған жатақханадағы бөлмені жалға алу шарты мен онымен жасалған әлеуметтік келісімшарт бұзылады. Бұл шарттар Бағдарламаға қатысушы кәсіптік оқудан өту кезеңінде қолданылмайды.»;
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«23. Жалға алу шарты күнтізбелік бір жыл мерзімге жасалады және тараптардың біреуі шарт аяқталғанға дейін күнтізбелік бір ай қалғанда, жалға алу шартының талаптарына сәйкес хабарлама жіберген жағдайларды қоспағанда, жыл сайын автоматты түрде ұзартылады (жатақханадағы бөлмені жалға алудың бесжылдық мерзімі аяқталғанға дейін).
Қоныс аударған Бағдарламаға қатысушы қайтыс болған жағдайда, бұрын жасалған жалға алу шарты өңірлік комиссияның келісуімен тұрғын үй комиссиясының шешімі бойынша жалға алушы отбасының кәмелетке толған мүшесімен ұзартылуы мүмкін.
Жалға алушының ауысуы тұрғын үйді жалға алу шартын қайта ресімдеуге алып келеді.»;
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«29. Жергілікті атқарушы органдар Бағдарламаға қатысушыларды отбасылық үлгідегі жатақханалардан орын беру, осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген шарттарға сәйкес тұрғын үй сатып алу есебінен қамтамасыз ете алады.»;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |