• Мое избранное
Мәдениет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 03.09.2015 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Мәдениет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 140 қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 3 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 20.08.2015 жылғы № 654 Қаулысына сәйкес
«Мәдениет саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарттарын бекіту туралы» ҚР Мәдениет және спорт министрінің 22.04.2015 жылғы № 146 Бұйрығын қараңыз
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 
1. Қоса берiлiп отырған:
1) «Фильмге прокаттау куәлiгiн беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
2) «Тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензия беру, лицензияны қайта ресiмдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
3) «Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың объектілерді Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу туралы қолдаухаттарын қарау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
4) «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлiк беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
5) «Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 24 ақпандағы
№ 140 қаулысымен
бекітілген
«Фильмге прокаттау куәлігін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер 
1. «Фильмге прокаттау куәлігін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Мәдениет комитеті (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде www.e.gov.kz «электрондық үкiмет» веб-порталы (бұдан әрi – портал) арқылы көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі 
4. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмi:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 7 (жетi) жұмыс күні;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық нысан (ішінара автоматтандырылған).
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – фильмге берілетін прокаттау куәлiгiн беру (бұдан әрі – прокаттау куәлігі) не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру нысаны: электрондық нысан.
Прокаттау куәлiгiн қағаз жеткізгіште алуға өтiнiш бiлдiрілген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық форматта ресiмделiп, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының мөрімен және қолымен куәландырылады.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетiледi.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
9. Көрсетілетін қызметтi алушы (не сенiмхат бойынша оның өкiлi) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
көрсетілетін қызметті алушының фильмге немесе оны пайдалануға құқығын растайтын құжаттар (авторлық шарттардың және (немесе) лицензиялық келiсiмдердiң көшiрмелерi) шет тiлiндегi құжаттарға қазақ және (немесе) орыс тiлдерiнде нотариат куәландырған көшiрмесi қоса берiледi;
фильмге көрермендердiң жас шегiн анықтау үшiн, қолда бар барлық көрiнiстердi суреттей отырып, фильм туралы ақпаратты қамтитын фильмнiң аннотациясы;
отандық немесе бiрлесiп түсiрiлген фильмдерде пайдаланылатын әдебиет және өнер туындылары туралы мәлiметтер.
Жеке басын куәландыратын, заңды тұлға ретінде мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсiпкер ретінде мемлекеттiк тіркеу туралы құжаттардың мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәлiметтерiн көрсетілетін қызметті беруші уәкiлеттi органдардың уәкілетті адамдарының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады;
2) порталға:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
көрсетілетін қызметті алушының фильмге немесе оны пайдалануға құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері (авторлық шарттардың және (немесе) лицензиялық келiсiмдердiң көшiрмелерi) шет тіліндегі құжаттарға сұрау салуға қоса тіркелетін қазақ және (немесе) орыс тілдерінде нотариат куәландырған көшірмесі қоса берiледi;
сұрау салуға қоса тіркелетін, фильмге көрермендердiң жас шегiн анықтау үшiн, қолда бар барлық көрiнiстердi суреттей отырып, фильм туралы ақпаратты қамтитын фильм аннотациясының электрондық көшірмесі;
сұрау салуға қоса тіркелетін, отандық немесе бiрлесiп түсiрiлген фильмдерде пайдаланылатын әдебиет және өнер туындылары туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі.
Жеке басын куәландыратын, заңды тұлға ретінде мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсiпкер ретінде мемлекеттiк тіркеу туралы құжаттардың мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәлiметтерiн көрсетілетін қызметті беруші уәкiлеттi органдардың уәкілетті адамдарының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
1) көрсетілетін қызметті берушіге – өтініштің көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі өтініштің қағаз жеткізгіште қабылданғанын растау болып табылады;
2) портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алатын күн көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.
10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін:
1) көрсетілетін қызметті алушының дәйексіз немесе бұрмаланған ақпарат беруі;
2) көрсетілетін қызметті алушының осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының талаптарына сай келмейтiн құжаттарды табыс етуі;
3) фильмнiң мазмұны республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, ұлттық араздықты тудыруды насихаттауға немесе үгiттеуге бағытталуы негiз болып табылады.