Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің сауда мақсатында теңізде жүзу, ұйымдарды және сынақ зертханаларын куәландыру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 наурыздағы № 173 қаулысы
Toggle Dropdown
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған:
Toggle Dropdown
1) «Кеме (жасалып жатқан кеме) ипотекасын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
2) «Теңіз кемелерінің мемлекеттік кеме тізілімінде кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
3) «Теңіз кемелерін бербоут-чартер тізілімінде мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
4) «Салынып жатқан кемелер тізілімінде салынып жатқан кемеге меншік құқықтарын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
5) «Шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кемелердің каботажды жүзеге асыруына рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
6) «Ұйымдарды және сынақ зертханаларын техникалық куәландыруды жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
Toggle Dropdown
1) «Теңіз көлігі саласында Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 шілдедегі № 1008 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж, № 64, 907-құжат);
Toggle Dropdown
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 612 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 38, 555-құжат).
Toggle Dropdown
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 4 наурыздағы
№ 173 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
«Кеме (жасалып жатқан кеме) ипотекасын мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. «Кеме (жасалып жатқан кеме) ипотекасын мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттiк қызметтi Министрліктің аумақтық бөлiмшесi болып табылатын Порттың теңiз әкiмшiлiгi (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Toggle Dropdown
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртiбi
Toggle Dropdown
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап жүгінген күні жүзеге асырылады;
Toggle Dropdown
2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезекті күтудiң рұқсат етiлетiн ең ұзақ уақыты – 20 минут;
Toggle Dropdown
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етiлетiн ең ұзақ уақыты – 30 минут.
Toggle Dropdown
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
Toggle Dropdown
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – кеме (жасалып жатқан кеме) ипотекасын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлікті беру немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауап.
Toggle Dropdown
7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі.
Toggle Dropdown
Кемелерді мемлекеттік тіркеу үшін алымдар «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексiнде (Салық кодексi) белгiленген мөлшерлемелер бойынша және тәртiппен жүзеге асырылады. Алым мөлшерлемесі:
Toggle Dropdown
1) жеке тұлғалар үшін – 1 (бір) айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК);
Toggle Dropdown
2) заңды тұлғалар үшін 5 (бес) АЕК-ті құрайды.
Toggle Dropdown
Алым сомасын төлеу екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақшалай және қолма-қол ақшасыз нысандарда жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесi: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін басқа, дүйсенбі – жұма аралығында, сағат 12.30-ден 13.30-ға дейiнгі түскі асқа үзіліспен сағат 8.30-ден 17.30-ға дейiн.
Toggle Dropdown
Мемлекеттiк қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiмен көрсетiледi.
Toggle Dropdown
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
Toggle Dropdown
1) кеме (жасалып жатқан кеме) ипотекасын мемлекеттiк тiркеу туралы еркін нысандағы өтініш, онда;
Toggle Dropdown
кеменi (кеменiң атауы, кеменің тіркелген нөмірі, тіркеу орны, тiркелiм нөмiрi, үлгiсi және сыныбы, тоннажы) немесе жасалып жатқан кеменi (кемені жасау жүзеге асырылып жатқан орын, жасалу нөмiрi, кеменiң үлгiсi, кильдiң ұзындығы және басқа да негiзгi өлшемдері, тiркелiм нөмiрi) сәйкестендіретін деректер;
Toggle Dropdown
ипотекаға көрсетілетін қызметті алушының (кепiл берушiнiң) аты және мекенжайы;
Toggle Dropdown
ипотекаға кепiл ұстаушының аты мен мекенжайы немесе оның ұсынушыға белгiленгенi туралы мәлiметтер;
Toggle Dropdown
екi немесе одан астам кемеге не жасалып жатқан кемелерге ипотеканы белгiлеген кезде ипотекамен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң ең жоғары мөлшерi - тараптардың ол туралы келiсiмi болған кезде мiндеттеменi жеке алғанда әрбiр кеме қамтамасыз ететiн мөлшер;
Toggle Dropdown
кеме немесе жасалып жатқан кеме ипотекасының аяқталу күнi көрсетiледі;
Toggle Dropdown
2) шартта көрсетілген құжаттармен кеменің немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасы туралы шарт.
Toggle Dropdown
Кемелердi мемлекеттiк тiркеуге ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптар:
Toggle Dropdown
1) құжаттар мемлекеттiк немесе орыс тiлдерiнде жасалады;
Toggle Dropdown
2) егер Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, ресми шетелдiк құжаттар Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерiнде заңдастырылады.
Toggle Dropdown
Егер ұсынылатын құжаттар шетел тiлiнде жасалған болса, оларға мемлекеттiк немесе орыс тiлдерiндегi нотариалды расталған аудармасы қоса берiледi;
Toggle Dropdown
3) құжаттардың мәтiндерi анық, заңды тұлғалардың атаулары мен деректемелерi қысқартусыз жазылған болуы тиiс;
Toggle Dropdown
4) құжаттарда тазарту не қосып жазу, сызылған сөздер және оларда өзге де ескертiлмеген түзетулері болмауы тиіс, қарындашпен орындалған құжаттар, сондай-ақ мазмұнын бiржақты түсiндiруге мүмкiндiк бермейтiн бүлiнген жерлерi бар құжаттар;
Toggle Dropdown
5) тiркеуге қажеттi құжат түпнұсқада көшiрмесiмен ұсынылады. Құжаттың түпнұсқасы көшірмемен салыстырғаннан кейін тұтынушыға қайтарылады. Құжаттың тұпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда, нотариалды куәландырылған көшірмесі ұсынылады.