• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 06.08.2015 г

Отправить по почте

"Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін есепке алу-бақылау таңбаларымен және акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1349 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 188 қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 6 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 23.07.2015 жылғы № 573 Қаулысына сәйкес
1. «Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін есепке алу-бақылау таңбаларымен және акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1349 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 49, 560-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
көрсетілген қаулымен бекітілген Шарап материалы мен сыраны қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі бұйымдарын акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) ережесінде:
«21. Субъектілерге жаңа үлгідегі таңбаларды беруді салық органы жүзеге асырады.»;
«23. Пайдаланылмаған ескі үлгідегі таңбаларды ескі үлгідегі таңбалары бар субъектілер және салық органдары жаңа үлгідегі таңбалар енгізілген күннен бастап үш ай ішінде ескі үлгідегі таңбаларды жою жөніндегі комиссияның қатысуымен жоюға тиіс.»;
«25. Ескі үлгідегі таңбаларды жою жөніндегі комиссияның құрамына салық органдарының бірінші басшылары, салық органының таңбалар үшін материалдық-жауапты адамдары және субъектінің уәкілетті өкілдері міндетті түрде енгізілуге тиіс.
26. Ескі үлгідегі таңбалардың іс жүзінде жойылғаны туралы осы Ережеге 1, 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша жойылған есепке алу-бақылау таңбаларының сериясы, нөмірлерін диапазоны, түрі мен саны, ескі үлгідегі акциздік таңбалардың түрі мен саны көрсетілетін ескі үлгідегі таңбаларды жою актісі (бұдан әрі – акт) екі данада жасалады. Жою актісінің әрбір данасына комиссия мүшелері мен субъектінің уәкілетті өкілі қол қояды, сондай-ақ салық органының және субъектінің мөрлерімен расталады.
Актінің бір данасы салық органында қалады, актінің екінші данасы субъектіге беріледі.»;
көрсетілген Ережеге 1-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 5 наурыздағы
қосымша
Шарап материалы мен сыраны
қоспағанда, алкоголь өнімін есепке
алу-бақылау таңбаларымен және темекі
бұйымдарын акциздік таңбалармен
таңбалау (қайта таңбалау) ережесіне
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы №