Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Отправить по почте
"Қазақстан Республикасының кедендік баж ставкалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 маусымдағы № 520 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 211 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 24 қазаннан бастап ҚР Үкіметінің 15.10.2015 жылғы № 829 Қаулысына сәйкес
1. «Қазақстан Республикасының кедендік баж ставкалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 маусымдағы № 520 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 36, 304-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының тауарлардың жекелеген түрлеріне кедендік әкету баждарының ставкаларында:
«2709 00 900 9 Шикі мұнай – 60 доллар 60 доллар» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«2709 00 900 9 Шикі мұнай – 80 доллар 80 доллар».
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екі апта мерзімде Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық Комитетінің Хатшылығын Қазақстан Республикасының Үкімет қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу шаралары туралы хабардар етсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов