Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 197 бұйрығы
Toggle Dropdown
Редакция 15.09.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 8-бабының 3-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексін , Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 2030 қаулысымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу ережесін » және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тарифтерді құру жөніндегі комиссиясының 2012 жылғы 30 наурыздағы № 11 хаттамасын басшылыққа ала отырып БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Toggle Dropdown
1) «Бейіндер бойынша жоғары мамандандырылған медициналық көмек технологияларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылға 27 желтоқсандағы № 920 бұйрығына :
Toggle Dropdown
көрсетілген бұйрыққа қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Toggle Dropdown
2) Тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
3) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
4) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
5) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
2. Осы өзгерістер мен толықтырулар 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап 30 сәуірге дейін туындаған қатынастарға қолданылатын осы бұйрықтың 1-тармағының 2) тармақшасының жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші абзацтарын қоспағанда, 2012 жылғы 1 мамырдан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Toggle Dropdown
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі А.Д. Құрманғалиеваға жүктелсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы С. Мусинов