• Мое избранное
Оңалту және банкроттық туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 140

Оңалту және банкроттық туралы Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V Заңы

ҚР 27.12.2019 жылғы № 290-VІ Заңына сәйкес бүкіл мәтін бойынша «(активтерін)», «(активтерді)», «(активтері)», «(активтерінің)», «(активтерге)» деген сөздер алып тасталды, «Төлем қабілетсіздігін реттеу», «төлем қабілетсіздігін реттеу», кредиттер (қарыздар)», «кредиттер», «кредит» сөздері «Берешекті қайта құрылымдау», «берешекті қайта құрылымдау»,  «қарыздар», «қарыздар», «қарыз» сөздермен ауыстырылды (02.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Редакция 01.09.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
Осы Заң кредиторлардың талаптарын борышкер толық көлемде қанағаттандыруға қабілетсіз болған кезде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, берешекті қайта құрылымдау рәсімін, оңалту рәсімін қолдану және борышкерді банкрот деп тану, борышкерді банкроттық рәсімін қозғамай тарату үшін негіздерді белгілейді, сондай-ақ оларды жүргізу тәртібі мен шарттарын айқындайды.
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.12.2019 жылғы № 290-VІ Заңына сәйкес (02.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 10.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 
  • 2
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
1-бап өзгертілді ҚР 29.09.2014 жылғы № 239-V Заңымен (16.05.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-бап өзгертілді ҚР 13.11.2015 жылғы № 399-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.11.2015 жылы № 221 (28699) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-бап өзгертілді ҚР 16.11.2015 жылғы № 406-V Заңымен (ҚР 22.12.2016 жылғы № 29-VI Заңының өзгерісімен) (13.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2017 жылдан бастап)
1-бап өзгертілді ҚР 07.04.2016 жылғы № 487-V Заңымен (29.03.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 6 (алты) ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.04.2016 жылы № 67 (28795) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-бап өзгертілді ҚР 24.05.2018 жылғы № 156-VІ Заңымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.05.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-бап жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.12.2019 жылғы № 290-VІ Заңына сәйкес (02.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 10.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
  • 1
1) ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші – жердi пайдалана отырып, ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiретiн; мал шаруашылығының, құс шаруашылығының (оның iшiнде төл өсiруден бастап толық циклді асыл тұқымды), балара шаруашылығының ауыл шаруашылығы өнiмiн, егер осы өнiмдi, оның iшiнде қайта өңделген өнiмдi өткiзуден түсетiн кіріс жылдық кірістің жалпы сомасының елу пайызынан астамын құраса, өндiретiн дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;
2) әдейі банкроттық – құрылтайшының (қатысушының), лауазымды адамның, сол сияқты дара кәсіпкердің заңды тұлға немесе дара кәсіпкер банкрот деп танылғанға дейінгі үш жыл ішінде кредиторлар алдындағы міндеттемелерін орындаудан жалтару мақсатында мүлікті иеліктен шығару немесе жасыру арқылы жеке мүддесі немесе өзге тұлғалардың мүдделері үшін жасалған әрекеттері;
  • 1
3) әкімші – істі сотта қарау, сондай-ақ оңалту рәсімін және банкроттық рәсімін жүргізу кезеңінде осы Заңға сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асыратын уақытша әкімші, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылар;
4) әкімшілік шығыстар – оңалту рәсіміне немесе банкроттық рәсіміне бастамашылық жасауға және оларды жүргізуге байланысты шығыстар;
5) банкрот – заңды күшіне енген сот шешімімен дәрменсiздiгi белгiленген борышкер;
6) банкроттық – борышкердiң сот шешiмiмен танылған, оны тарату үшін негiз болып табылатын дәрменсiздiгi;
7) банкроттық рәсімі – кредиторлардың талаптарын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен банкроттың мүліктік массасы есебінен қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын рәсім;
8) банкроттықты басқарушы – банкроттық рәсімін жүзеге асыру үшін оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті орган тағайындаған адам;
9) борышкер – өзіне қатысты осы Заңда көзделген рәсімдер қолдану үшін негіздер бар немесе қолданылған, дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға (дара кәсіпкер) немесе заңды тұлға;
10) бiртектi кредиторлар тобы – борышкерге қоятын бiрдей талаптары бар және оларды қанағаттандыруда бiр-бірінiң алдында артықшылығы жоқ кредиторлар тобы.
10-тармақша өзгертілді ҚР 02.01.2021 жылғы № 399- VI Заңымен (07.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10-тармақша өзгертілді ҚР 02.08.2015 жылғы № 342-V Заңымен (22.04.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Бiртектi кредиторлар топтарын:
өмiріне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянның орнын толтыру туралы талаптар бойынша кредиторлар;
еңбек шарттары бойынша еңбекақы төлеу және өтемақыларды, сондай-ақ Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар бойынша, мiндеттi зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары бойынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешектердi төлеу бойынша кредиторлар;
кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттемелер бойынша кредиторлар;
салықтар және кедендік төлемдер бойынша кредиторлар;
тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi беру шарттарынан туындайтын талаптар бойынша кредиторлар;
кепiлмен қамтамасыз етiлмеген қарыз (микрокредит) алуға арналған шарттардан туындайтын талаптар бойынша кредиторлар – қаржы ұйымдары;
борышкердің облигацияларын ұстаушы кредиторлар құрауы мүмкін;
11) бірыңғай өндірістік кешен – жиынтығында ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, дайындау, сақтау, тасымалдау, қайта өңдеу немесе өткізу кезінде бірыңғай циклді қамтамасыз ету үшін қажетті мүлік;
12) дәрменсiздiк – кредиторлардың ақшалай мiндеттемелер бойынша талаптарын толық көлемде қанағаттандыруға, еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн адамдармен еңбекақы төлеу бойынша есеп айырысуды жүргiзуге, салықтарды және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдарды, сондай-ақ мiндеттi зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын және мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеудi қамтамасыз етуге борышкердiң сот белгiлеген қабiлетсiздiгi;
12-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.08.2015 жылғы № 342-V Заңына сәйкес (22.04.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
13) жоқ борышкер – «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әрекетсіз деп танылған, оның, сондай-ақ оның құрылтайшысының (қатысушысының), лауазымды адамының болмауы осы Заңда айқындалған тәртіппен белгіленген борышкер;
14) кәдімгі коммерциялық операциялар – борышкердің әдеттегі қызметіне жататын, тұрақты сипаты бар, мыналарды: үй-жайларды жалдау және коммуналдық көрсетілетін қызметтер үшін төлемдерді жүзеге асыруды, өнім берушілермен мәмілелерді, шикізат сатып алуды, жабдыққа техникалық қызмет көрсетуді, дайын өнімді өткізуді және қызметтер көрсетуді қоса алғандағы, бірақ олармен шектелмейтін әрекеттер.
Кәдімгі коммерциялық операцияларға жылжымайтын мүлікті немесе өзге активтерді иеліктен шығарумен байланысты мәмілелер, мүлікті кепілге беру, оның ішінде үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша кепілге беру жатпайды;
15) кепiлдi кредитор – Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттелетін, талаптары борышкердің мүлкiн кепілге салумен қамтамасыз етiлген мiндеттемелер бойынша кредитор;
15-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 12.07.2022 № 138-VII Заңына сәйкес (05.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
16) кредитор – еңбекке ақы төлеу, авторлық сыйақыны, еңбек шарттары бойынша өтемақыларды төлеу, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар, салықтар, кедендік төлемдер, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, пайыздар, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешекті төлеу жөніндегі міндеттемелерді қоса алғанда, борышкердің азаматтық-құқықтық және (немесе) борышкердің өзге де міндеттемелерінен туындайтын мүліктік талаптары бар тұлға;
16-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.08.2015 жылғы № 342-V Заңына сәйкес (22.04.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
17) кредиторлар комитеті –оңалту және банкроттық рәсімдерінде кредиторлар жиналысы сайлайтын және осы Заңда көзделген өкілеттіктерге ие, кредиторлардың өкілді органы;
18) кредиторлар талаптарының тізілімі – осы Заңда белгіленген тәртіппен оңалту немесе банкроттық рәсімдерінде қалыптасатын, мөлшері, негіздері мен туындау күні көрсетіле отырып, кредиторлардың борышкерге қоятын талаптарының тізбесі;
19) қала құраушы заңды тұлға – өңірлік даму жөніндегі уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес айқындалатын заңды тұлға;
20) лауазымды адам – акционерлік қоғамның директорлар кеңесінің мүшесі, борышкер – заңды тұлғаның басшысы (басшының орынбасары), сондай-ақ заңды тұлғаның алқалы атқарушы органына кіретін, заңды тұлғаны басқару бойынша тұрақты немесе уақытша өкілеттіктер берілген өзге тұлға, борышкер – заңды тұлғаның бас бухгалтері, сол сияқты оның міндеттерін уақытша атқаратын өзге тұлға;
21) мүліктік масса – банкроттың банкроттық рәсімінде өндіріп алу қолданылуы мүмкін мүлкi, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларда өзге де тұлғалардың мүлкi;
22) оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – оңалту және банкроттық саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын (қазыналық кәсіпорындарды, мекемелерді, банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда) мемлекеттік орган;
23) оңалтуды басқарушы – осы Заңда белгiленген тәртiппен оңалту рәсiмi кезеңiнде борышкерді басқару жөнiндегі өкiлеттiктер жүктелген тұлға;
24) оңалту жоспары – борышкердің төлем қабiлеттiлiгiн қалпына келтiру мен жұмыс орындарын сақтау мақсатында оңалту рәсiмiн қолдану кезiнде борышкердi сауықтыруға бағытталған және борышкер мен кредиторлар арасындағы өзара келiсiм негiзiнде жүзеге асырылатын, кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру графигін қоса алғанда, iске асырылу мерзiмдерi, сондай-ақ қол жеткiзiлетiн нәтижелер, пайдаланылатын ресурстар мен ықтимал тәуекелдер көрсетiлетiн өзара байланысты iс-шаралар кешенi;
25) оңалту рәсiмi – сот тәртібімен қолданылатын рәсiм, оның шеңберiнде борышкерге оның төлем қабiлеттiлiгiн қалпына келтiруге бағытталған қайта ұйымдастыру, ұйымдық-шаруашылық, басқарушылық, инвестициялық, техникалық, қаржылық-экономикалық, құқықтық және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн өзге де шаралар қолданылады;
26) реверсивті факторинг – борышкер (банкрот), оның дебиторы және үшінші тұлға арасында жасалған үшжақты шарт, мұнда дебитор өзінің борышкер (банкрот) алдындағы міндеттемесін үшінші тұлғаға береді, ал үшінші тұлға дебитордың борышкер (банкрот) алдындағы міндеттемесін орындайды;
27) салықтар және кедендік төлемдер бойынша кредитор – борышкерге салықтарды, кедендік төлемдерді, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, пайыздарды, сондай-ақ бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдерді төлеу жөніндегі борышкердің мiндеттемелерiнен туындайтын талаптары бар тұлға;
28) санация – оңалту жоспарында көзделген іс-шара, оның барысында борышкер мүлкiнiң меншік иесi (ол уәкiлеттiк берген орган), кредиторлар немесе өзге де тұлғалар борышкерге қаржылық көмек көрсетедi, сондай-ақ борышкердiң резервтерiн жұмылдыру мен оның қаржылық-шаруашылық жағдайын жақсарту жөнiндегі өзге де шаралар кешенiн iске асырады;
29) уақытша әкімші – оңалту туралы істі сотта қарау кезеңінде кредиторлар талаптарының тізілімін және борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытындыны жасау үшін өзімен келісім жасалған тұлға;
30) уақытша басқарушы – банкроттық туралы істі сотта қарау кезеңінде кредиторлар талаптарының тізілімін және борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытындыны жасау үшін, сондай-ақ банкроттықты басқарушы тағайындалғанға дейін банкроттық рәсімін жүргізу үшін өзімен келісім жасалған не осы Заңда белгіленген жағдайларда уәкілетті орган тағайындаған адам;
31) үлестес тұлғалар – шешiмдердi тiкелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) оңалту немесе банкроттық рәсiмiне қатысушы қабылдайтын шешiмдерге әсер ету, оның iшiнде жасалған шартқа орай әсер ету мүмкiндiгi бар жеке немесе заңды тұлға (өздерiне берiлген өкiлеттiктер шеңберiнде бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарды, ұлттық басқарушы холдингтi, Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторын қоспағанда) (оңалту немесе банкроттық рәсiмiндегi үлестес тұлғалардың тiзбесi осы Заңның 9-бабында белгiленедi);
31-тармақша өзгертілді ҚР 09.06.2020 жылғы № 341-VI Заңымен (27.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
32) факторинг – борышкер (банкрот), оның дебиторы және үшінші тұлға арасында жасалған үшжақты шарт, мұнда борышкер (банкрот) өз дебиторына қойылатын мүліктік талапты үшінші тұлғаға береді немесе беруге міндеттенеді, ал үшінші тұлға борышкердің (банкроттың) дебиторына қойылатын талап ету құқығының орнына борышкердің (банкроттың) билік етуіне ақша немесе басқа да мүлік береді немесе беруге міндеттенеді.
2-бап. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
  • 1
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгендегіден өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
2-1-бап. Оңалту және банкроттық саласындағы реттеудің мақсаты, міндеттері мен қағидаттары
1-тарау 2-1-баппен толықтырылды ҚР 01.07.2024 жылғы № 107-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 01.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)