• Мое избранное
Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері туралы
Внимание! Документ утратил силу с 18.09.2023 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 145 қаулысы

«Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 08.05.2015 жылғы № 11-1-2/177 Бұйрығын қараңыз
Осы Қаулы 2023 жылғы 18 қыркүйектен бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 01.09.2023 жылғы № 758 Қаулысына сәйкес
Редакция 15.01.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 15.01.2016 жылғы № 14 Қаулысымен (24.02.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.02.2016 жылы № 27 (28153) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі мен босқын куәлігін ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларында:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері арқылы:»;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) шетелдегі дипломатиялық қызмет персоналымен бірге тұратын дипломатиялық қызмет персоналының туыстарына Қазақстан Республикасы азаматының паспорты ресімделеді.».
3. «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту және Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 қаңтардағы № 6 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 11, 201-құжат) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов 
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 24 ақпандағы
№ 145 қаулысымен
бекітілген
«Шетелдердегі Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттарды ресімдеу және олардың паспорттарына қажетті белгілер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт күшін жойды 2016 жылғы 22 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 15.01.2016 жылғы № 14 Қаулысына сәйкес
1. Жалпы ережелер 
1. «Шетелдердегі Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттарды ресімдеу және олардың паспорттарына қажетті белгілер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi 
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап:
Қазақстан Республикасы азаматының паспортын (бұдан әрі – паспорт) ресімдеу: күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын, ал қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайда, күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.
құжаттарды ресімдеу және оларды дипломатиялық пошта арналары арқылы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне жолдау және олардың құжаттарды кері қайтару – күнтізбелік 60 (алпыс) күннен аспайды. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінде паспортты жасау мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
ата-анасының паспортына ата-аналарымен бірге шетелге шыққан жағдайларда, олардың фотосуреттерін жапсыра отырып, 16 (он алты) жасқа дейінгі балалар туралы жазбаны енгізу (бұдан әрі – паспортқа жазба енгізу) - күнтізбелік 3 (үш) жұмыс күнінен аспайды;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 60 минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 10 минут;
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасы азаматының паспортын ресімдеу не паспортқа жазба енгізу.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген консулдық алым мөлшерлемелері бойынша ақылы негізде көрсетіледі.
Консулдық алым сомасын төлеу банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүргізіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет:
1) Кеңес Одағының Батырларына, Социалистік Еңбек Ерлеріне; 
2) Үш дәрежелі Даңқ және үш дәрежелі Еңбек Даңқы, «Алтын Қыран», «Отан» ордендерімен наградталған, «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарына ие болған адамдарға; 
3) «Батыр ана» атағын алған, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналарға; 
4) Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және оларға теңестiрiлген адамдарға, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жан қиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға, 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жан қиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдарға, мүгедектерге, сондай-ақ бала жастан мүгедектің ата-аналарының біріне; 
5) қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын қарттарға, балалар үйлерiнде және (немесе) интернаттарда тұратын толық мемлекет қамқорлығындағы жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға; 
6) Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтарға тегін көрсетіледі. 
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: сәрсенбі, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.
Құжаттарды қабылдау сағат 09.30-дан 12.30-ға дейін, ал мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 16.00-ден 17.00-ге дейін жүзеге асырылады. 
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.
9. Көрсетілетін қызметті алушы қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі: 
1) паспортты ресімдеу үшін мынадай:
еркін нысандағы өтініш;
туу туралы куәлік (16 жасқа толмаған балаға паспорт алған кезде);
Қазақстан Республикасы азаматының паспорты (паспортты ауыстырған кезде);
мөлшері 3,5х4,5 см төрт түрлі түсті фотосурет (фотосурет көрсетілген қызметті алушының құжатын ресімдеу кезіндегі жасына сәйкес болуға және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсірілген болуы тиіс, бейтарап бет көрінісі мен ауызы жабық болуы қажет, әр адамның беті фотосуреттің жалпы ауданының 75%-ға жуығын алуы тиіс. Фотосурет фотобаспа әдісімен қалың фотоқағазға бір негативтен бастырылады. Компьютерлік сканерлеу, модельдеу немесе ксерокөшірмеден өткізу әдісімен дайындалған суреттерді пайдалануға рұқсат етілмейді);