Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі өңдеу өнеркәсібі саласында көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 6 наурыздағы № 202 қаулысы
Редакция 06.12.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2) «Кеден одағына мүше мемлекеттердiң аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларды жеңіл, тау-кен металлургиясы, химия, фармацевтика, ағаш өндеу салаларында, сондай-ақ машина жасауда және құрылыс индустриясында өнеркәсiптiк өңдеуге арналған тауарларға жатқызуды растайтын қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты ;
3) «Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына кірмейтін елдерге экспорты лицензия негізінде (лицензиясыз) жүзеге асырылатын бағалы металдарды (олардан жасалған бұйымдарды қоспағанда), бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын әкету кезінде мемлекеттік бақылау және құнын бағалау актісін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты ;
4) «Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына кiрмейтiн елдерден экспорты лицензия негiзiнде (лицензиясыз) жүзеге асырылатын бағалы металдарды (олардан жасалған бұйымдарды қоспағанда), бағалы металл сынықтары мен қалдықтарын әкелу кезiнде мемлекеттiк бақылау актiсiн беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты ;
5) «Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты ;
6) «Қазақстан Республикасының аумағында құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын өңдеудің экономикалық орынсыздығы немесе мүмкін еместігі туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты ;
7) «Қазақстан Республикасында шикізат тауарларынан бағалы металдарды өнеркәсіптік алудың мүмкіндігі (мүмкін еместігі) мен экономикалық орындылығы (орынсыздығы) туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 6 наурыздағы
№ 202 қаулысымен
бекітілген
«Тауарларды кеден аумағында/аумағынан тыс өңдеу және өнеркәсіптің ішкі тұтыну үшін жеңіл, тау-кен металлургиясы, химия, фармацевтика, ағаш өңдеу салаларында, сондай-ақ машина жасауда және құрылыс индустриясында өңдеу шарттары туралы құжат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. «Тауарларды кеден аумағында/аумағынан тыс өңдеу және өнеркәсіптің ішкі тұтыну үшін жеңіл, тау-кен металлургиясы, химия, фармацевтика, ағаш өңдеу салаларында, сондай-ақ машина жасауда және құрылыс индустриясында өңдеу шарттары туралы құжат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Өнеркәсіп комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) www.еgov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) құжаттардың топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берілген кезде – күнтізбелік 30 (отыз) күн;
2) құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі – тауарларды кеден аумағында/аумағынан тыс өндеу және өнеркәсіптің ішкі тұтыну үшін жеңіл, тау-кен металлургия, химия, фармацевтика, ағаш өңдеу салаларында, сондай-ақ машина жасауда және құрылыс индустриясында өңдеу шарттары туралы құжат (бұдан әрі – өңдеу шарттары туралы құжат).
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электронды.
Өңдеу шарттары туралы құжатты қағаз жеткізгіште алуға жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолымен расталады.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.
1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз, жедел қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
9. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорытынды алуға арналған өтiнiш;
сыртқы экономикалық мәміле, оған қосымшалар және (немесе) толықтырулар жасалғанын растайтын құжаттың көшірмесі;
шетелдiк тауарлардың және (немесе) Кеден одағы тауарларының және КО СЭҚ ТН-ға сәйкес олардың өңделген өнiмдерiнiң атауы мен сыныптамасын, олардың саны мен құнын растайтын құжаттың көшiрмесi;
тауарларды өңдеу жөнiндегi операцияларды (технологиялық процеске негiзделген), оларды жасау тәсiлдерiн, тауарларды сәйкестендiру тәсiлдерiн, сондай-ақ тауарларды өңдеу бойынша мерзiмдерді қоса алғанда, өңдеу өнiмдерiнің шығу нормаларын есептеу кестесi;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорытынды алуға арналған эдектронды өтiнiш
сыртқы экономикалық мәміле, оған қосымшалар және (немесе) толықтырулар жасалғанын растайтын құжаттың көшірмесі;
шетелдiк тауарлардың және (немесе) Кеден одағы тауарларының және КО СЭҚ ТН-ға сәйкес оларды өңдеу өнiмдерiнiң атауы мен сыныптамасын, олардың саны мен құнын растайтын құжаттың көшiрмесi;
тауарларды өңдеу жөнiндегi операцияларды (технологиялық процеске негiзделген), оларды жасау тәсiлдерiн, тауарларды сәйкестендiру тәсiлдерiн, сондай-ақ тауарларды өңдеу бойынша мерзiмдерді қоса алғанда, өңдеу өнiмдерiнің шығу нормаларын есептеу кестесi.
Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады, құжаттар көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмесі түрінде беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші жеке басын куәландыратын, лицензия туралы, заңды тұлғаны, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін уәкілетті адамдардың ЭСҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
1) көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол не пошта арқылы) – көшірмесінде құжаттардың топтамасын қабылдау уақыты мен күнін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;