• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 27.05.2014 г

Отправить по почте

2

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Минстрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 13 қаңтардағы № 3 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 14 ақпанда № 9153 тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 27.05.2014 жылғы № 251 Бұйрығына сәйкес
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 қыркүйектегі № 947 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Ә.С. Жұмаділдаев) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Сұлтанов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Орынбасары-
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің
2014 жылғы 13 қаңтардағы
№ 3 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. «Конкурстық басқарушының қорытынды есебінің нысанын және оны келісу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 12 тамыздағы № 398 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5293 болып тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2008 жылғы 10 қазанда № 155 (1381) болып жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген конкурстық басқарушының қорытынды есебінің нысаны Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтары тізбесінің 1-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Конкурстық басқарушының қорытынды есебін келісу ережесінде:
«1. Осы Конкурстық басқарушының қорытынды есебін келісу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің облыс, Астана және Алматы қаласы бойынша аумақтық бөлімшесінің (бұдан әрі - Комитеттің аумақтық бөлімшесі) конкурстық басқарушының конкурстық іс жүргізуді жүзеге асыру кезіндегі оның қызметі туралы қорытынды есебін (бұдан әрі - Есеп) келісу тәртібін белгілейді.»;
Ережеге 2-қосымша Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтары тізбесінің 2-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
2. «Сырттай байқау әкімшісінің қорытынды есебінің нысанын және оны келісу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 12 тамыздағы № 400 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5290 болып тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2008 жылғы 10 қазанда № 155 (1381) болып жарияланған), мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген сырттай байқау әкімшісі қорытынды есебінің нысаны Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтары тізбесінің 3-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сырттай байқау әкімшісінің қорытынды есебін келісу ережесі Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтары тізбесінің 4-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;
3. «Оңалтушы және конкурстық басқарушыларды, сырттай байқау әкімшісін тағайындау және шеттету қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 637 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7374 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Оңалтушы және конкурстық басқарушыларды, сырттай байқау әкімшісін тағайындау және шеттету қағидасында:
«Осы Оңалтушы және конкурстық басқарушыны, сырттай байқау әкімшісін тағайындау және шеттету қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша аумақтық бөлімшелерінің (бұдан әрі - Комитеттің аумақтық бөлімшелері) оңалтушы және конкурстық басқарушыны, сырттай байқау әкімшісін тағайындау және шеттету тәртібін белгілейді және оңалту, конкурстық іс жүргізу және сырттай байқау рәсімдеріне (банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының банкроттығын қоспағанда) қолданылады.»;
«1. Оңалтушы және конкурстық басқарушылар, сырттай байқау әкімшілері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетінде (бұдан әрі - Комитет) оңалтушы және (немесе) конкурстық басқарушылардың және (немесе) сырттай байқау әкімшілерінің қызметін жүзеге асыру мақсатында тіркелген тұлғалардың арасынан тағайындалады. Тіркелген тұлғалар туралы мәліметтер Бірыңғай тізілімге қалыптастырылады, ол Комитеттің www.salyk.gov.kz интернет-ресурсында (бұдан әрі - Комитеттің интернет-ресурсы) орналастырылады.»;
9-тармақтың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Оңалтушы және конкурстық басқарушыны, сырттай байқау әкімшісін тағайындау туралы бұйрық шығарылған күні Комитеттің интернет-ресурсында орналастырылады.
Комитеттің интернет-ресурсында оңалтушы және конкурстық басқарушы, сырттай байқау әкімшісі ретінде тұлғаны тағайындау туралы бұйрық орналастырылған сәттен бастап, тұлға өзінің өкілеттігін орындауға кіріскен болып есептеледі.»;
«Оңалтушы, конкурстық басқарушыларды және сырттай байқау әкімшілерін шеттету туралы бұйрық қабылданған күні Комитеттің интернет-ресурсында орналастырылады.»;
Қағидаға 1, 2, 3, 4, 5 және 6-қосымшалар тиісінше Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтары тізбесінің 5, 6, 7, 8, 9 және 10-қосымшаларына сәйкес редакцияда жазылсын.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің өзгерістер
енгізілетін кейбір
бұйрықтары тізбесіне
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2008 жылғы 12 тамыздағы
№ 398 бұйрығымен бекітілген
 ___________________________________________________________________________________________________________
 ___________________________________________________________________________________________________________
 (банкроттың ұйымдастыру-құқықтық нысанын көрсете отырып толық және қысқаша атауы/Т.А.Ә. (құрылтай құжаттарына сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде), жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН))
 ___________________________________________________________________________________________________________
1.1. Экономикалық қызметтің түрі, кодын көрсете отырып** (борышкермен өндірістік қызметті жүзеге асыру немесе оның жоқтығы жөніндегі ақпаратты көрсете отырып):
 ________________________________________________________________________________________________________;
 1.2. Басшының Т.А.Ә._____________________________________________________________________________________;
 (жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), байланыс телефондары (тұрғылықты жері (заңды мекен жайы), телефоны)
1.3. Құрылтайшылардың атауы/Т.А.Ә., жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН), олардың үлестері, байланыс ақпараттары (тұрғылықты жері (заңды мекен жайы), телефон)
 ________________________________________________________________________________________________________;
 1.4. Жарғылық капиталдың мөлшері (мың теңге)_______________________________________________________________;
 1.5. Жарғылық капиталдағы мемлекеттің қатысуы туралы мәліметтер, %___________________________________________;
1.6. Борышкердің мүлкінің меншік иесінің қатысуы туралы ақпарат (оған уәкілетті органмен), құрылтайшымен (қатысушымен) және/немесе борышкердің лауазымды тұлғасымен (тұлғаларымен) басқа да заңды тұлғаларға қатысуы ақпарат,үлесінің мөлшері % (атауы, орналасқан жері, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН) қатысу кезеңі);