Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен тиімді өзара іс-қимыл жасау мақсатында:
-
Продукты:
Консультации
Отправить по почте
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 12 ақпандағы № 266 Өкімі
Редакция 29.06.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен тиімді өзара іс-қимыл жасау мақсатында:
1. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Кеңестің лауазымдық құрамы ;
2) Кеңес туралы ереже бекітілсін.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 12 ақпандағы № 266 өкімімен БЕКІТІЛГЕН
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс-қимыл жөніндегі кенестің ЛАУАЗЫМДЫҚ ҚҰРАМЫ
Лауазымдық құрам өзгертілді ҚР Президентінің 11.04.2014 жылғы № 795 Жарлығымен (12.02.2014 ж. редакцияны қараңыз) Лауазымдық құрам өзгертілді ҚР Президентінің 06.08.2014 жылғы № 888 Жарлығымен (11.04.2014 ж. редакцияны қараңыз) Лауазымдық құрам өзгертілді ҚР Президентінің 08.02.2016 жылғы № 191 Жарлығымен (06.08.2014 ж. редакцияны қараңыз) Лауазымдық құрам өзгертілді ҚР Президентінің 10.10.2016 жылғы № 357 Жарлығымен (08.02.2016 ж. редакцияны қараңыз) Лауазымдық құрам өзгертілді ҚР Президентінің 13.06.2018 жылғы № 701 Жарлығымен Лауазымдық құрам өзгертілді ҚР Президентінің 30.10.2018 жылғы № 782 Жарлығымен (13.06.2018 ж. редакцияны қараңыз) Лауазымдық құрам өзгертілді ҚР Президентінің 26.02.2019 жылғы № 862 Жарлығымен (30.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) Лауазымдық құрам өзгертілді ҚР Президентінің 01.06.2019 жылғы № 57 Жарлығымен (30.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) Лауазымдық құрам өзгертілді ҚР Президентінің 22.07.2019 жылғы № 74 Жарлығымен (01.06.2019 ж. редакцияны қараңыз) Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 28.10.2019 жылғы № 195 Жарлығымен (22.07.2019 ж. редакцияны қараңыз) Лауазымдық құрам өзгертілді ҚР Президентінің 20.02.2021 жылғы № 515 Жарлығымен (28.10.2019 ж. редакцияны қараңыз) Лауазымдық құрам өзгертілді ҚР Президентінің 03.01.2024 жылғы № 429 Жарлығымен (20.02.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Лауазымдық құрам жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 29.06.2024 жылғы № 591 Жарлығына сәйкес (03.01.2024 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі
Қазақстан Республикасының Әділет министрі
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі
Қазақстан Республикасының Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрі
Қазақстан Республикасының Көлік министрі
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі
Қазақстан Республикасының Сауда жəне интеграция министрі
Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрі
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі
Қазақстан Республикасы Президентінің әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін кеңесшісі
Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің басшысы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 12 ақпандағы № 266 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес туралы ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Кеңестің лауазымдық құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын , заңдарын, Мемлекет басшысының актілерін және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2. Кеңестің міндеттері мен құқықтары
3. Кеңестің міндеттері:
1) Қазақстан Республикасында жүзеге асырылатын Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (бұдан әрі - Ұйым) бастамалары мен бағдарламаларын үйлестіру;
2) мемлекеттік органдармен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Ұйыммен тиімді ынтымақтастық процесін қамтамасыз ету;
3) Қазақстан Республикасында ұйымның стандарттары мен ұсынымдарын енгізу бойынша ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.
4. Кеңес өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін өз құзыреті шегінде:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына Қазақстан Республикасы дамуының стратегиялық бағыттары бойынша ұсыныстар енгізуге;
2) Ұйым шеңберінде жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасауға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдар мен ұйымдардан Кеңестің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпарат сұратуға және алуға құқылы.
3. Кеңестің қызметін ұйымдастыру
5. Кеңес төрағадан, оның орынбасарларынан және Кеңес мүшелерінен тұрады.
6. Кеңесті:
1) Кеңестің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыратын;
2) Кеңес отырыстарының өткізілетін орны мен уақытын айқындайтын;
3) Кеңес отырыстарына төрағалық ететін төраға басқарады.
7. Кеңес төрағасы болмаған уақытта оның функцияларын Кеңес төрағасының орынбасарларының бірі орындайды.
8. Кеңестің жұмыс органы Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі болып табылады.
8-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 06.08.2014 жылғы № 888 Жарлығымен (11.04.2014 ж. редакцияны қараңыз)
9. Кеңес отырыстары Кеңес төрағасының бастамасымен шақырылады.
10. Қағида бойынша, отырыс басталғанға дейін кемінде бір жұмыс күні қалғанда Кеңес мүшелері өздерінің отырысқа қатысатынын растайды.
11. Кеңес отырыстары қажеттігіне қарай, бірақ жартыжылдықта бір реттен артық өткізілмейді. Кеңес төрағасының шешімі және жұмыс органының ұсыныстары бойынша кезектен тыс отырыстар шақырылуы мүмкін.
12. Кеңес отырысы оның құрамының кемінде жартысы қатысқан жағдайда, заңды болып табылады.
13. Кеңес шешімдері оның отырысына қатысып отырған Кеңес мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Кеңес мүшелерінің дауыстары тең болған кезде төрағалық етуші берген дауыс шешуші болып табылады.
14. Кеңестің шешімдері Кеңес төрағасы қол қоятын хаттамамен ресімделеді.
Кеңес хаттамасының көшірмелері тиісті мемлекеттік органдарға, ұйымдарға жіберіледі.
15. Кеңестің қызметі Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі негізінде тоқтатылады.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |