«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:










Отправить по почте

Электр энергетикасы, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында Қазақстан Республикасы Индустрия және технологиялар министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 наурыздағы № 235 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 5 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 27.08.2015 жылғы № 663 Қаулысына сәйкес
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Қосалқы (шунтталатын) электр беру желілері мен шағын станцияларды жобалауды және салуды келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты ;
2) «Электр энергетикасы объектілерін және (немесе) оның жекелеген бөліктерін меншік нысандарына қарамастан сатып алу-сатуды, жалға немесе сенімді басқаруға беруге келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты ;
3) «Тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт-тан жоғары электр қондырғыларын электр желілеріне қосуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты ;
4) «Энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты ;
5) «Электр зертханаларын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты ;
6) «Белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт-тан жоғары немесе белгіленген жылу қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз балансында кернеуі 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты ;
7) «Энергетикалық ұйымдардың басшылары мен мамандарын аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты ;
8) «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты ;
9) «Энергия өндіруші ұйымдардың инвестициялық міндеттемелердің орындалуы туралы жылдық есеп ұсынуы кезінде олардың жабдығының техникалық жай-күйі туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
2. «Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1133 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 68, 995-бабы) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.Ахметов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 наурыздағы № 235 қаулысымен бекітілген
«Қосалқы (шунтталатын) электр беру желiлерi мен шағын станцияларды жобалауды және салуды келісу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Қосалқы (шунтталатын) электр беру желiлерi мен шағын станцияларды жобалауды және салуды келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттiк көрсетілетін қызметті Министрлiк (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы;
2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезден бастап – 8 (сегіз) жұмыс күні;
2) құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең көп уақыты – 15 (он бес) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең көп уақыты – 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесі – қосалқы (шунтталатын) электр беру желiлерi мен шағын станцияларды жобалауды және салуды келiсу-хаты.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
2) порталдың – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттар тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге:
осы стандартқа қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтiнiш;
110 кВ және одан төмен объектiлер үшiн қосалқы (шунтталатын) электр беру желiлерi мен шағын станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы мемлекеттiк энергетикалық бақылау және қадағалау жөнiндегi органның аумақтық департаментiнiң оң қорытындысының көшiрмесi;
220 кВ және одан жоғары объектiлер үшiн қосалқы (шунтталатын) электр беру желiлерi мен шағын станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы мемлекеттiк энергетикалық бақылау және қадағалау жөнiндегi органның оң қорытындысының көшiрмесi;
қолданыстағы электр желiлерi бойынша тұтынушыны электр энергиясымен жабдықтаудың мүмкiн еместiгi туралы тиiстi энергиямен жабдықтаушы, энергия берушi ұйымдардың хаттары.
Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі, жеке куәлік құжаттары туралы мәліметтерді қызмет беруші мемлекеттік ақпараттық жүйелеріне тиісті, электронды цифрлық қолымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған (қызметті алушының) электронды құжат түрінде портал арқылы алады;
2) порталға:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындаға сұрау;
110 кВ және одан төмен объектiлер үшiн қосалқы (шунтталатын) электр беру желiлерi мен шағын станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы мемлекеттiк энергетикалық бақылау және қадағалау жөнiндегi органның аумақтық департаментiнiң оң қорытындысының көшiрмесi;
220 кВ және одан жоғары объектiлер үшiн қосалқы (шунтталатын) электр беру желiлерi мен шағын станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы мемлекеттiк энергетикалық бақылау және қадағалау жөнiндегi органның оң қорытындысының көшiрмесi;
қолданыстағы электр желiлерi бойынша тұтынушыны электр энергиясымен жабдықтаудың мүмкiн еместiгi туралы тиiстi энергиямен жабдықтаушы, энергия берушi ұйымдардың хаттары.
Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі, жеке куәлік құжаттары туралы мәліметтерді қызмет беруші мемлекеттік ақпараттық жүйелеріне тиісті, электронды цифрлық қолымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған (қызметті алушының) электронды құжат түрінде портал арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті берушіге жазбаша келісім береді.

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |