Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлiгi көрсететiн байланыс саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 ақпандағы № 158 қаулысы
Toggle Dropdown
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса берiлiп отырған:
Toggle Dropdown
1) «Байланыс саласында қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
2) «Нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді беру, сондай-ақ оларды алып қою» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
3) «Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты;
Toggle Dropdown
4) «Радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты бекiтiлсiн.
Toggle Dropdown
2. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлiгi көрсететiн байланыс саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1152 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 69, 1004-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 28 ақпандағы
№ 158 қаулысымен
бекітілген
Toggle Dropdown
1
«Байланыс саласында қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. «Байланыс саласында қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Байланыс және ақпараттандыру комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Toggle Dropdown
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы;
Toggle Dropdown
2) «электрондық үкімет» www.еgov.kz веб-порталы немесе «Е-лицензиялау» www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
Toggle Dropdown
1
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ Портал арқылы өтініш берген кезде:
Toggle Dropdown
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны берген кезде – 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей;
Toggle Dropdown
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеген кезде – 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей;
Toggle Dropdown
лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын берген кезде – екі жұмыс күні ішінде;
Toggle Dropdown
2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 минут;
Toggle Dropdown
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 минут.
Toggle Dropdown
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық.
Toggle Dropdown
6. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1, 2-қосымшаларына сәйкес ресімделген байланыс саласында қызметтер көрсетуге лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу, телнұсқасы немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы дәлелді бас тарту.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады, көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен және мөрмен расталады.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушы Портал арқылы өтініш берген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолданады.
Toggle Dropdown
7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті алушы орналасқан жер бойынша бюджетке қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төленеді:
Toggle Dropdown
1) аталған қызмет түрімен айналысу құқығына лицензия берген кездегі лицензиялық алым 6 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды;
Toggle Dropdown
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ын құрайды, бірақ 4 АЕК көп емес;
Toggle Dropdown
3) лицензия телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 %-ын құрайды.
Toggle Dropdown
Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол және қолма-қол емес нысандарда екінші деңгейдегі банктер мен банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік қызмет алуға электронды сұраныс Портал арқылы берілген жағдайда, төлем «электронды үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
8. Жұмыс кестесі:
Toggle Dropdown
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
Toggle Dropdown
2) Порталдың – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
Toggle Dropdown
1
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
Toggle Dropdown
1) лицензия алу үшін:
Toggle Dropdown
көрсетілетін қызметті берушіге:
Toggle Dropdown
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес өтініш;
Toggle Dropdown
қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
Toggle Dropdown
қызметтің кіші түріне байланысты осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сай біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар;
Toggle Dropdown
2) Порталға:
Toggle Dropdown
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
Toggle Dropdown
төлем ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі түріндегі құжат;
Toggle Dropdown
қызметтің кіші түріне байланысты осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сай біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар.