Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Отправить по почте
"Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 767 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 наурыздағы № 231 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 12 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 01.09.2015 жылғы № 728 Қаулысына сәйкес
1. «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 767 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 45, 611-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасында :
үшінші, алтыншы, сегізінші, оныншы және он екінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«борт журналы – осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нөмiрленген және тiгiлген, тасымалдаушының мөрімен бекiтiлген жолаушылар мен багажды тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асыру кезінде автокөлiк құралында болатын журнал, оған автокөлiк құралының рейс алдындағы техникалық тексеруден және жүргiзушiнiң рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық куәландырудан өткенi туралы белгiлер қойылады;»;
«жол жүру құжаты (билет) – ресімдеу жолымен жолаушыны тасымалдау шарты жасалатын қағаз немесе электрондық нысандағы құжат;»;
«қозғалыс кестесi – жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршрутының әрбiр аялдама пунктi бойынша автобустардың, шағын автобустардың, троллейбустардың қозғалыс орны мен уақыты туралы мәлiметтерді қамтитын құжат (кесте, графикалық бейне);»;
«маршрут – автобустың, шағын автобустың, троллейбустың белгiленген бастапқы, аралық және соңғы аялдама пункттерi арасында белгiленген жүретiн жолы;»;
«рейс – маршруттың бастапқы пунктiнен соңғы пунктiне дейiнгi автобустың, шағын автобустың, троллейбустың жолы;»;
мынадай мазмұндағы он үшінші, он төртінші, он бесінші және он алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
«қолмен жуу – автокөлік құралдарын су берудің жоғары қысымды аппараттарын, су жеткізу жүйелерін және (немесе) ыдыстардағы суды пайдалану арқылы қолмен жуу;
механикаландырылған жуу – жуу құрамы және суды жеткізу үшін құрылғылармен, айналатын және (немесе) қозғалатын щеткалармен, сондай-ақ желдеткіш құрылғысымен жарақтандырылған арка үлгісіндегі ауыстырылатын тетіктерден тұратын автокөлік құралдарын автоматты жуу;
таксометр – жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдау құнын (бағасын) есептеуге арналған құрылғы;
техникалық аялдама – автобустар мен шағын автобустардың жолаушыларды маршруттан түсіруді және маршрутқа отырғызуды көздемейтін аялдамасы.»;
«5. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау – тасымалдаушылар автобустарды, шағын автобустарды, троллейбустарды пайдалана отырып, алдын ала келiсiлген жол жүру маршруттары, бастапқы және соңғы пункттерi, жолаушыларды отырғызу және түсiру пункттерi белгiленген қозғалыс кестелерi бойынша жүзеге асыратын тасымалдар.
Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру кезiнде тасымалдауды жүзеге асыру үшiн пайдаланылатын көлiк құралдары (автобустар, шағын автобустар немесе троллейбустар) алдын ала анықталады.
Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру кезінде маршруттан ауытқуға жол берілмейді.»;
«6. Осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде тасымалдаушы автокөлік құралында жол қағазының болуын қамтамасыз етеді, оны тасымалдаушы жүргізушінің рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық куәландырудан және автокөлiк құралының техникалық тексеруден өткенi туралы белгiлер бар, тасымалдаушы ауысымға немесе рейске ресiмдейді.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдауға Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес техникалық тексеруден өткен автокөлік құралдары жіберіледі, ал халықаралық жолаушылар мен багаж тасымалын жүзеге асыру үшін санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды болуы қажет.
Жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушылар рейс алдындағы (ауысым алдындағы) техникалық тексеруді және автобустар, шағын автобустар, троллейбустар жарамсыз болған жағдайда, олардың уақтылы ауыстырылуын қамтамасыз етедi.
Бұл ретте жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдау кезiнде пайдаланылатын автобустар, шағын автобустар, троллейбустар тиiстi стандарттардың талаптарына сәйкес келуi тиiс.»;
11-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Республикалық маңызы бар жолдар арқылы ұзақтығы 300 км астам қатынастарда жолаушылар мен багажды автомобильмен қалааралық және халықаралық тұрақты және тұрақты емес тасымалдау үшiн пайдаланылатын автобустар мен шағын автобустардың шалқаятын арқашалары бар жұмсақ орындықтары болуы тиiс.»;
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Автобустар, шағын автобустар, троллейбустар:»;
4) тармақшадағы «ақпараттық тақтайшалармен жинақталады.» деген сөздер «ақпараттық тақтайшалармен;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) дөңгелеуге қарсы құрылғылармен жинақталады.»;
«14. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдау кезiнде пайдаланылатын автобустарда, шағын автобустарда, троллейбустарда мыналар болуы тиiс:»;
15-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау кезiнде пайдаланылатын автобустардың, шағын автобустар мен троллейбустардың салондарын ылғалды жинау ауысымда кемiнде бiр рет және ластануына байланысты жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып жүргізіледі.»;
16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалааралық облысаралық және халықаралық тасымалдау маршруттарында пайдаланылатын автобустар мен шағын автобустардың багаж бөлiмшелерi автобус салонынан тыс болуы тиiс.
17. Тахографтармен:
1) жолаушылар мен багажды автомобильмен халықаралық тасымалдауды;
2) жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты қалааралық облысаралық тасымалдауды;
3) жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты емес қалааралық облысаралық, ауданаралық (қалааралық облысішілік) тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде пайдаланылатын автобустар мен шағын автобустар жабдықталуы тиiс.»;
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Автобустардың, шағын автобустардың және троллейбустардың салонында жүргiзушi кабинасының (орнының) жанында мыналарды қамтитын ақпарат орналасады:»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) тұрақты тасымалдауда пайдаланылатын автобустар, шағын автобустар және троллейбустар дауыс зорайтқыш қондырғылармен, ал басқарудың автоматтандырылған жүйесi (бұдан әрi – БАЖ) жұмыс iстеген жағдайда желiдегi жұмысты бақылау құрылғысымен жабдықталуы тиіс.»;
20 және 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) тұрақты тасымалдауда пайдаланылатын автобустар, шағын автобустар және троллейбустардың оң жағында, салонның жолаушылар есiктерi бiрiнің жанында маршруттың нөмiрi мен мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi қысқа сипаттамасы (аралық және соңғы аялдамалардың, маршрут өтетiн негiзгi көшелердiң, қоғамдық мәнi бар орындардың атауы) бар трафарет орнатылады.
21. Қалааралық облысаралық және халықаралық маршруттардағы автобустар мен шағын автобустарда жол жүрудiң бастапқы, соңғы және iрi аралық пункттерi көрсетiлген алдыңғы және бүйiрлiк (оң жағында) трафареттерi мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде, ал қажет болған жағдайда басқа тiлдерде ресiмделедi.»;
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |