• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2016 г

Отправить по почте

«Кәсіби стандарттардың құрылымын, оларды әзірлеу, қайта қарау, сынақтан өткізу және қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2012 жылғы 24 қыркүйектегі № 374-ө-м бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 689-ө-м Бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 13 ақпанда № 9142 тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 15.12.2015 жылғы № 971 Бұйрығына сәйкес
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 616 қаулысымен бекітілген Ұлттық біліктілік жүйесін әзірлеудің кезеңдік жоспарын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Кәсіби стандарттардың құрылымын, оларды әзірлеу, қайта қарау, сынақтан өткізу және қолдану қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8031 тіркелген, «Заң» газетінде 2012 жылғы 15 қарашадағы № 173 (2181), 173 (2355) жарияланған) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2012 жылғы 24 қыркүйектегі № 374-ө-м бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәсіби стандарт құрылымы осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
1) көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәсіби стандарттардың құрылымын, оларды әзірлеу, қайта қарау, сынақтан өткізу және қолдану қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға  сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2) Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті (А.Ә. Оспанов) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Қ.Б. Әбсаттаровқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Т. Дүйсенова
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 689-ө-м бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі міндетін атқарушының
2012 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 374-ө-м бұйрығына
1-қосымша
Кәсіби стандарттың құрылымы
1. Жалпы ережелер
2. Кәсіби стандарттың паспорты:
1) экономикалық қызмет түрі ______________________________________________________________________________
2) кәсіби қызмет саласы ___________________________________________________________________________________
3) кәсіби қызмет саласының негізгі мақсаты __________________________________________________________________
4) еңбек қызметінің түрі, қызметкер (жұмысшы, қызметші) кәсібінің атауы, біліктілік деңгейі:
Р/с № Еңбек қызметі түрінің атауы Еңбек нарығының үрдісін ескергендегі кәсіптердің атауы Қызметкерлердің жалпыреспубликалық кәсіптер сыныптауышына және/немесе «Кәсіптер сыныптауышы» Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыныптауышына сәйкес кәсіп атауы (ҚР МС 01-2005) Ұлттық біліктілік шеңберіне (салалық біліктілік шеңберіне) сәйкес біліктілік деңгейі
3. Қызметкер кәсібінің карточкасы:
1) Қызметкер (жұмысшы, қызметші) кәсібінің атауы: ___________________________________________________________
2) Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланыс:
Қызметкерлердің жалпыреспубликалық кәсіптер сыныптауышы және/немесе «Кәсіптер сыныптауышы» Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыныптауышы (ҚР МС 01-2005)
Базалық топ (кәсіптер коды)
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтарының сыныптауышы (ҚР МС 08-2009)
Жоғары білім мамандығы (бакалавриат)
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандығы (магистратура)
Техникалық және кәсіптік білім беру мен орта білімнен кейінгі білім берудің мамандар мен кәсіптер сыныптауышы (ҚР МС 05-2008)
Мамандықтың атауы
Біліктілік
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (БТБА)
БТБА шығарылымы, бөлімі
БТБА бойынша кәсіптер атауы
Біліктілік деңгейі БТБА бойынша разрядтар
Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы (БА)
Біліктілік деңгейі Санаттар
Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары (ҮБС)
Біліктілік деңгейі Санаттар














3) Еңбек жағдайларына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар:
Кәсібі бойынша жұмыстың ықтимал орындары (ұйымдар, кәсіпорындар)
Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары
Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары
Ұлттық біліктілік шеңберіне (салалық біліктілік шеңберіне) сәйкес біліктілік деңгейі Кәсіби білім беру мен оқытудың деңгейі Талап етілетін жұмыс тәжірибесі




4) Функционалдық карта:
Еңбек функциясы (жеке және кәсіби құзыреттер) Білімі Ұлттық біліктілік шеңберіне (салалық біліктілік шеңберіне) сәйкес біліктілік деңгейі
4. Кәсіби (мансаптық) өсудің картасы:
Қызметкердің кәсібі Ұлттық біліктілік шеңберіне (салалық біліктілік шеңберіне) сәйкес біліктілік деңгейлері
8-ші
7-ші
6-шы
5-ші
4-ші
3-ші
2-ші
1-ші
5. Келісу парағы:
Ұйымның атауы Келісу күні
6. Кәсіби стандартты тіркеу парағы:
Осы кәсіби стандарт тіркелген және кәсіби стандарттар тізіліміне тірк. № _______________ енгізілген
Хат (хаттама) № _____________________________ Күні _____________________________________
Ескертпе:
1. «Жалпы ережелер» 1-бөлімде кәсіби стандарттың қолдану саласы, сондай-ақ терминдер және анықтамалар, қолданылатын қысқартулар сипатталады.
2. «Кәсіби стандарт паспорты» 2-бөлім:
1) экономикалық қызмет түрін;
2) кәсіби қызмет саласын;
3) кәсіби қызмет саласының негізгі мақсатын;
4) Ұлттық және/немесе салалық біліктілік шеңберіне сәйкес еңбек қызметінің, кәсіптің (жұмысшы, қызметші), біліктілік деңгейлерінің түрлерін айқындайды.
3. «Кәсіп карточкасы» 3-тарауы қызметкердің (жұмысшының, қызметшінің) әрбір кәсібіне толтырылады және мыналарды қамтиды:
«Кәсіп карточкасы» 1) тармақшасы мынаны қамтиды: (жұмысшы, қызметші) кәсібінің атауын;
«Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланыс» деген 2) тармақшада:
Қызметкерлердің жалпыреспубликалық кәсіптер сыныптауышымен және/немесе «Кәсіптер сыныптауышы» Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыныптауышымен (кәсіптер коды);
техникалық және кәсіптік білім беру және орта білімнен кейінгі білім берудің мамандар мен кәсіптер сыныптауышымен (мамандықтың атауы, біліктілігі);
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтарының сыныптауышымен (бакалавриат, магистратура мамандықтарының атауы);
жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығымен (шығарылымы, бөлімі, атауы, жұмысшының разряды);
басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығымен;
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 125-бабына сәйкес Басшылар, мамандар мен басқа да қызметшілер лауазымдарының үлгілік біліктілік анықтамалығымен (біліктілік деңгейі, санаты) өзара байланысы сипатталады;
«Еңбек жағдайларына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 3) тармақшада:
кәсібі бойынша жұмыстың ықтимал орындары;
зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары;
жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары;
ұлттық біліктілік шеңберіне (салалық біліктілік шеңберіне) сәйкес біліктілік деңгейі;
кәсіби білім беру мен оқытудың деңгейі;
талап етілетін жұмыс тәжірибесі қамтылады.
«Кәсіптердің функционалдық картасы» деген 4) тармақшада қызметкердің еңбек функцияларының (қажетті жеке және кәсіби құзыреттері), білімі мен білігіне талаптарының (білім деңгейі және еңбек өтілі) дәйекті сипаттамасы жүзеге асырылады.
4. Кәсіби стандарт қосымша біліктілік және құзыреттілік деңгейіне, кәсіптік қызметтің нақты саласындағы еңбек мазмұны, сапасы мен жағдайларына қойылатын талаптардың ерекшеліктерін ашу үшін орынды болатын басқа да тараулармен және/немесе қосымшалармен толықтырылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 689-ө-м бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
міндетін атқарушының
2012 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 374-ө-м бұйрығына
2-қосымша
Кәсіби стандарттарды әзірлеу, қайта қарау, сынақтан өткізу және қолдану
қағидалары
1. Жалпы ережелер
Кәсіби стандарттарды әзірлеу, қайта қарау, сынақтан өткізу және қолдану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен, жұмыс берушілердің салалық бірлестіктерімен және қызметкерлердің салалық бірлестіктерімен бірлесіп, тиісті қызмет салаларының уәкілетті мемлекеттік органдарының (бұдан әрі - уәкілетті мемлекеттік орган) кәсіби стандарттарды (бұдан әрі - кәсіби стандарт) әзірлеу, қайта қарау, сынақтан өткізу және қолдану тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
салалық біліктілік шеңбері - салада танылатын біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау;
кәсіби стандарт - кәсіби қызметтің нақты саласында біліктілік деңгейіне және құзыреттілікке, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт;
кәсіп - арнайы дайындық пен жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде алған арнайы теориялық білім мен практикалық дағдылар кешенін білуді талап ететін еңбек қызметінің түрі;
жұмысшы кәсібі - материалдық құндылықтарды жасау, өнім (қызметтер, жұмыстар) шығару процесімен тікелей айналысатын, сонымен қатар жөндеу, жүктерді алып өту, жолаушыларды тасымалдау, материалдық қызметтер көрсетумен айналысатын жұмыс берушінің құрылымдық бірлігі.
қызметші лауазымы - әкімшілік-шаруашылық, басқарушылық, инженерлік-техникалық, экономикалық функцияларын іске асыратын, сондай-ақ құжатнаманы дайындау және ресімдеу, есепке алу және бақылау, шаруашылық қызмет көрсету және басқа да ұқсас жұмыстармен айналысатын жұмыс берушінің құрылымдық бірлігі;
кәсіби қызмет саласы - жалпы интеграциялық негізі бар және оларды орындау үшін еңбек функцияларының және құзыреттерінің ұқсас жиынтығын қарастыратын саланың еңбек қызметі түрлерінің жиынтығы;
еңбек қызметінің түрі - еңбек функцияларының және оларды орындауға қажетті құзыреттерінің тұтас жиынтығынан құралған кәсіби қызмет саласының бөлігі;
біліктілік деңгейі - орындалатын жұмыстардың күрделілігін, дербестілігі мен жауапкершілігін сипаттайтын қызметкердің біліктілігіне (құзыретіне) қойылатын талаптар деңгейі;
біліктілік - қызметкердің нақты бір жұмыс түрін орындауға кәсіби дайындығының дәрежесі;
құзыреттілік - қызметкердің кәсіби қызметінде білімін, білігі мен дағдысын қолдану қабілеті;
үйлестіруші кеңес - Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту жөніндегі кеңес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жанындағы консультациялық-кеңесші орган болып табылады, тиімді Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту және құру жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында құрылған;
салалық кеңес - тиісті қызмет саласындағы мемлекеттік органның біліктілік жүйесін қалыптастыру жөніндегі кеңес мемлекеттік орган жанындағы салалық біліктілік шеңбері мен кәсіби стандарттарды әзірлеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіруші консультациялық-кеңесші орган болып табылады.
сынақтан өткізу - жобаланатын жұмыс құрамының (түрлерінің), білім деңгейінің және арнайы дайындығының нақты орындалатын жұмыстың құрамына және біліктілік деңгейіне сәйкестігін практикада, нақты жағдайларда тексеру;
пайдаланушы - мемлекеттік органдар, ұйымдар (кәсіпорындар), жеке тұлғалар;
кәсіби стандарттар тізілімі - еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жүргізетін кәсіби стандарттар туралы деректердің бірыңғай ақпараттық базасы;
еңбек функциясы - бизнес-процесс айқындайтын және оларды орындау үшін қажетті құзыреттердің болуын көздейтін еңбек іс-қимылдарының кіріктірілген және салыстырмалы түрде автономды жиынтығын білдіретін еңбек қызметі түрінің құрамдас бөлігі.
2. Кәсіби стандартты әзірлеу және сынақтан өткізу тәртібі
3. Кәсіби стандартты әзірлеуді салалық біліктілік шеңбері негізінде тиісті қызмет салаларының уәкілетті мемлекеттік органдары Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен, жұмыс берушілердің салалық бірлестіктерімен және қызметкерлердің салалық бірлестіктерімен бірлесіп жүзеге асырады.
Ұйымдар (кәсіпорындар) (бұдан әрі - әзірлеуші) кәсіби стандарттарды ұйымда тиісті құрылымдар болған кезде бастамашылық тәртіпте өз қаражаты есебінен өз бетінше әзірлейді және/немесе білікті мамандарды тартады не «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірлеуге тапсырыс орналастырады.
Кәсіби стандартты әзірлеу еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі - еңбек жөніндегі уәкілетті орган) бекітетін кәсіби стандарттың құрылымына сәйкес жүзеге асырылады.
Тиісті жылға арналған мемлекеттік бюджет есебінен әзірленетін, еңбек қызметінің сипаттауға келетін атауын, түрін (кіші түрін) қоса алғанда, кәсіби стандарттар жобаларының тізбесін уәкілетті мемлекеттік орган еңбек жөніндегі уәкілетті органмен келіседі.
4. Кәсіби стандарт Қазақстан Республикасы Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышына (бұдан әрі - ЭҚТЖС) сәйкес кәсіптерді (кәсіптер атауы: білімі туралы құжат бойынша жұмысшының кәсібі, қызметкердің лауазымы) қамтитын кәсіби қызмет саласындағы еңбек қызметінің түріне әзірленеді.
ЭҚТЖС-та экономикалық қызмет түрі болмаған кезде әзірлеуші сипаттауға жататын еңбек қызметінің түрін (кіші түрін) өз бетінше айқындайды (жекелеген жағдайларда еңбек қызметінің түрі мен кәсіби қызмет саласы бірдей болуы мүмкін).
5. Әзірлеуші кәсіби стандарт жобасын тиісті қызмет саласындағы (ұқсас жұмыс түрлері) ұйымдарға (кәсіпорындарға) сынақтан өткізу үшін жолдайды. Ұйымдар (кәсіпорындар) кәсіби стандарт жобасы келіп түскен күнінен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде кәсіби қызмет түріне, жұмыс құрамына, білім деңгейіне, арнайы дайындығына сәйкестігін тексереді және әзірлеушіге тиісті қорытынды (бұдан әрі - қорытынды) жолдайды.
Кәсіби стандарттың сынақтан өткен жобасы қорытындысымен бірге тиісті материалдар келіп түскеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде уәкілетті мемлекеттік органның салалық кеңесінде қаралады.
6. Салалық кеңестің шешімі оң болған кезде кәсіби стандарт жобасы негіздейтін материалдармен қоса (түсіндірме жазба, әзірлеуші ұйым туралы мәліметтер, кәсіби стандарт жобасын сынақтан өткізген ұйымдардың (кәсіпорынның) қорытындысы, салалық кеңестің хаттамасы) бес жұмыс күні ішінде еңбек жөніндегі уәкілетті органға қарауға және келісуге жолданады.
7. Еңбек жөніндегі уәкілетті органға келісуге ұсынылатын кәсіби стандарт жобасы мемлекеттік және орыс тілдерінде ресімделеді, әрбір парақ нөмірленеді және ұйым басшысының не басшының жетекші орынбасарының қолы қойылады.
8. Еңбек жөніндегі уәкілетті орган кәсіби стандарт жобасын негіздейтін материалдарымен қоса келіп түскеннен кейін бес жұмыс күні ішінде кәсіби стандарттың сапасын сараптамалық зерттеу үшін оны үйлестіруші кеңеске жолдайды.
Үйлестіруші кеңес туралы ережені және оның құрамын еңбек жөніндегі органның басшысы бекітеді.
9. Үйлестіруші кеңес кәсіби стандарт жобасын қарау қорытындылары бойынша келіп түскен күнінен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде хаттамалық шешімді еңбек жөніндегі уәкілетті органға жолдайды.
10. Еңбек жөніндегі уәкілетті орган:
ескертулер және/немесе ұсыныстар болған кезде тиісті уәкілетті мемлекеттік органға кәсіби стандарт жобасын пысықтау қажеттігі туралы дәлелді қорытындыны жолдайды;
ескертулер және /немесе ұсыныстар болмаған кезде кәсіби стандарт жобасын уәкілетті мемлекеттік органға жолдайды.
11. Уәкілетті мемлекеттік орган кәсіби стандарт жобасын бекітуге алғаннан кейін 10 күнтізбелік күн ішінде еңбек жөніндегі уәкілетті органға кәсіби стандартты бекіту бұйрығы мен мемлекеттік және орыс тілдеріндегі кәсіби стандартты келісуге ұсынады.
Уәкілетті мемлекеттік орган кәсіби стандартты әділет органдарында мемлекеттік тіркеу ресімдерін өткізгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде еңбек жөніндегі уәкілетті органға кәсіби стандартты бекіту туралы бұйрықтың көшірмесін, кәсіби стандарттың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық жеткізгіштегі бір нұсқасын ұсынады.
3. Уәкілетті мемлекеттік органдардың кәсіби стандарттарды қайта қарау тәртібі
12. Кәсіби стандартты қайта қарауды, оларды бекіткен уәкілетті мемлекеттік орган кемінде үш жылда бір рет қамтамасыз етеді.
13. Еңбек пен өндірісті ұйымдастыруды, өндіріс ерекшеліктері мен құрылымын өзгерту, жаңа техника, технологиялар және қызметкерлердің еңбек функцияларының мазмұнын, құзыретін, біліктілігін өзгертуге алып келетін ұйымдастыру-техникалық іс-шараларын енгізу кәсіби стандартты міндетті қайта қарау мен ауыстыру үшін негіз болып табылады.
Кәсіби стандартты қайта қарау мен ауыстыру олардың анықталуына қарай еңбек жағдайларына қате талаптар қойылған кезде жүргізіледі.
14. Кәсіби стандартты қайта қарау және ауыстыру бойынша жұмысты орындауға тиісті қызмет саласының мемлекеттік органы құрылымдық бөлімшелердің басшыларын, экономикалық және кадрмен қамтамасыз ету бөлімдерінің өкілдерін, содай-ақ басқа да мамандарды тартуы мүмкін.
15. Кәсіби стандарттарды қайта қарау және ауыстыру бойынша жұмыстар аяқталғанда уәкілетті мемлекеттік орган еңбек жөніндегі уәкілетті органға осы Қағидалардың 2-тарауына сәйкес оларды келісуге өтінім ұсынады.
4. Кәсіби стандарттарды қолдану
16. Еңбек жөніндегі уәкілетті орган бекітілген кәсіби стандартты Кәсіби стандарттар тізіліміне енгізеді және оған тіркеу нөмірін береді.
17. Пайдаланушыларды ақпараттандыру мақсатында еңбек жөніндегі уәкілетті орган әділет органдарында бекітілген және тіркелген кәсіби стандартты, сондай-ақ кәсіби стандарттар тізімін ведомстволық интернет-ресурсқа орналастырады.
18. Кәсіби стандарт:
еңбек нарығының қазіргі кездегі сұранысына жауап беретін қызметкердің біліктілік талаптарын жаңарту үшін, олардың кәсіби қызметінің мазмұнына қойылатын бірыңғай талаптар әзірлеуге;
персоналды басқару саласындағы кең ауқымды міндеттерді шешуге (персоналды ынталандыру және уәждендіру жүйесін, лауазымдық нұсқаулықтарды, персоналды іріктеу, таңдау және аттестаттау, мансапты жоспарлау жүйесін әзірлеу);
ұйымдарда (кәсіпорындарда) персоналды оқытудың, кәсіптік білім берудің, сондай-ақ осы бағдарламаларға оқу-әдістемелік материалдар әзірлеудің барлық деңгейінде білім беру бағдармаларын қалыптастыруға;
кәсіптік даярлықты бағалауға және қызметкерлердің біліктілігіне сәйкестігін растауды жүргізуге арналған.
19. Кәсіби стандарттарды:
білім беру ұйымдарының бітірушілері, қызметкерлер;
ұйымдардың басшылары, ұйымдардың персоналды басқару бөлімшелерінің басшылары мен мамандары;
мемлекеттік білім беру бағдарламаларын әзірлейтін мамандар;
кәсіби даярлықты бағалау және мамандардың біліктілігіне сәйкестігін растау саласының мамандары пайдаланады.