• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 13.01.2017 г

Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының), шетел тасымалдаушыларының, авиациялық оқу орталықтары мен авиация персоналының, авиациялық қауіпсіздік пен әуе кеңістігін пайдалану қызметтері саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 наурыздағы № 240 қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 13 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 29.12.2016 жылғы № 901 Қаулысына сәйкес
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1) «Авиация персоналына куәлiктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты ;
2) «Халықаралық тұрақты емес ұшуды орындауға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты ;
3) «Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдiк тасымалдаушыларды тіркеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты ;
4) «Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты ;
5) «Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруы жөнінде сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты ;
6) «Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты ;
7) «Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органының сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты ;
8) «Аэронавигациялық ұйымның радиотехникалық жабдықты және байланысты пайдалану қызметінің сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты ;
9) «Экипаж мүшесінің куәлігін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты  бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2014 жылғы 14 наурыздағы
№ 240 қаулысымен
бекiтiлген
1
«Авиация персоналына куәлiктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. «Авиация персоналына куәлiктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі. 
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы не www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
1) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде;
2) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут. 
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – авиация персоналына берілетін куәлік (бұдан әрі – куәлік).
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
Куәлікті көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушы өзі келген кезде берілген куәліктерді есепке алу және тіркеу журналына қол қойғызып береді.
1) көрсетілетін қызметті беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.
Қабылдау және нәтижелерді беру алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады;
2) портал – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның уәкілетті өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі: 
2) азаматтық және эксперименттік авиация ұйымының қолымен және мөрімен расталған объективті деректері бар авиация персоналына ұсыным;
3) Қазақстан Республикасының азаматтығын немесе Қазақстан Республикасының тұруға ықтиярхатын растайтын құжаттардың көшірмелері;
5) азаматтық авиация оқу мекемесін (ұшу училищесі, авиациялық-техникалық училище, авиация институты, авиация техникумы, колледж, оқу орталығы) бітіргені туралы құжаттардың көшірмелері.
Ескертпе: әуе кемесіне қызмет көрсету жөніндегі инженерлер мен техниктер үшін – азаматтық авиацияның авиациялық-техникалық және ұшу орталығын, авиация институтын немесе әуе кемесі және оның жабдықтарын техникалық немесе ұшуға пайдалану мамандықтары бойынша авиация техникумын аяқтау туралы құжаттардың көшірмелері;
зертханалар немесе шеберханалар жағдайында құрауыштарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі инженерлер, техниктер, механиктер үшін – азаматтық авиацияның авиациялық-техникалық немесе ұшу орталығын, техникалық мамандықтар бойынша авиация институтын немесе авиация техникумын немесе техникалық колледжді, училищені немесе институтты аяқтау туралы құжаттардың көшірмелері;
аса жеңіл авиацияға қызмет көрсету жөніндегі техниктер үшін – аса жеңіл авиация технигі курсын аяқтау туралы құжаттардың көшірмелері;
6) «Міндетті медициналық тексеріп-қарау өткізілетін зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесін, Міндетті медициналық тексеріп-қарауды өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы № 166 қаулысына  сәйкес медициналық қорытынды көшірмелері (ұшу персоналы, экипаждың қызмет көрсететін персоналы және әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчерлері үшін);
7) мамандығы бойынша уақытына қарай біліктілікті арттырудың соңғы курстарын өту туралы құжаттардың көшірмелері.
Ескертпе: азаматтық авиацияның оқу мекемесінде тек теориялық курстардан өткен пилоттар мен штурмандар тренажерлық және ұшу даярлығы актілерін қосымша ұсынады;
әуе кемесіне қызмет көрсету жөніндегі инженерлер мен техниктер, аса жеңіл авиация техниктері, сондай-ақ құрауыштарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі техниктер үшін – «Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуге қатысты адам мүмкіндіктері» курсын өткені туралы куәліктің немесе сертификаттың көшірмесі, олардың өту мерзімі уәкілетті органның құжаттарды қарау үшін қабылдау күніне 3 жылдан аспауға тиіс;
авиация персоналының куәлігін алу үшін көрсетілетін қызметті алушы осы тармақта тізбеленген құжаттарды электрондық түрде қоса бере отырып, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға  сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш беріледі.