Жылжымайтын мүлік объектілерін мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 57 бұйрығы
Редакция 13.09.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабы 4-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жылжымайтын мүлік объектілерін мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жөніндегі нұсқаулығы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның белгіленген заңнамалық тәртіппен ресми жариялануын;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорынға Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерінің эталондық бақылау банкiнде орналастыру үшін жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментіне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2014 жылғы 13 ақпанда
№ 57 бұйрығымен
бекітілген
Жылжымайтын мүлік объектілерін мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жөніндегі нұсқаулығы
1. Осы жылжымайтын мүлік объектілерін мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жөніндегі нұсқаулығы (бұдан әрі - Нұсқаулық) «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі № 310 Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және құқықтары мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымайтын мүлік объектілеріне техникалық зерттеп-қарау жүргізілуін нақтылайды.
2. Осы Нұсқаулықта мынандай терминдер пайдаланылады:
1) акведук - ерекше мақсаттағы жасанды құрылыс, оның ішінде кеме қатынасына арналған көпір арналар, суару арнасы немесе су құбырына суағындысына арналған көпірлер, лотоктар;
2) арзан құнды құрылыс - күрделі құрылыстарда пайдаланылмайтын, уақытша сипаттағы, тозығы жеткен, жартылай бұзылған (тарихи және сәулеттік ескерткіштерден басқа) материалдардан салынған құрылыс; техникалық паспортқа енгізілмейді, алайда толық сипаттамасымен абристе көрсетіледі;
3) балкон - ғимарат қасбетінде орналасқан, тіреуіш қанаттармен қоршалған алаң;
4) виадук - үлкен жыраны, шатқалды, алапты өткен кездегі салынған жасанды құрылыс;
5) вестибюль - үздіксіз келушілерді қабылдауға және бөлуге арналған, тұрғын және тұрғын емес құрылыстың ішкі бөлігіне кірер алдындағы үй-жай;
6) дамба - суды уақытша ұстауға, су ағысы бағытын тосқауылдауға арналған, құрылуы бойынша жер бөгетіне ұқсас гидротехникалық құрылыс;
7) дюкер - кішкентай су ағандысын өткізу үшін соғылатын жасанды құрылыс, мысалы суаруарнасы, арық;
8) дәліз - тұрғын үйге тысқары салынған немесе оған қосарлана салынған, бөлігі 60 пайыздан аз емес әйнектелген ашық немесе әйнектелген жылытылмайтын жай. Сондай ақ көпқабатты құрылыстағы пәтердің құрамдас бөлігі, әдетінше жылытылмайды, терезелердің ашылатын желдетілетін, кейде күн көзінен сақтайтын құралдармен жабдықталады. Дәліз балалар, шипажай ұйымдарда, емханаларда кеңінен қолданылады;
9) жер асты қабаты (подвал) - жер бетінің үйдің биіктігінің жартысынан асатын жердің беткі белгісінен төмен белгідегі қабаты;
10) жер үсті қабаты - жер бетінің жоспарланған жер деңгейінен жоғары тұрған белгідегі қабаты;
11) кертік салу - жеке нүктелердің кординатын айқындайтын, оның алғашқы шығу пунктімен байланыстыратын әдіс, элементтердің өлшеуі;
12) коллектор - құбырсыз сұйықтықтарды және газдарды тасымалдауға арналған коммуникациялық жерасты созыла салынған құрылыс;
13) көлік қою орны - ғимараттың ішкі кеңістігінде орналасқан көлікті уақытша және тұрақты сақтау үшін арналған орын;
14) құрылыстар - автомобиль жолдары, теміржолдар, жасыл желектер, көпірлер мен өткерме жолдар, жағалаулар, электр желілері, қалалық электркөліктерінің жолдары, құбырлар, сумен жабдықтау және кәріз, жылу желілері, магистральдық мұнай құбырлары мен газ құбырлары объектілері, соның ішінде көпірлер, ауладағы жаяу жүргін жол, құдықтар, дуалдар, қаша;
15) қысқы бақ - экзотикалық және қысқа бейімді емес өсімдіктерді орналастыру үшін табиғи жарық көзі бар жылытылатын жай;
16) құрылыстың негізгісі - деп жер учаскесінде құрылысының күрделілігіне, сәулеттік белгісіне және өзінің мақсаты бойынша үстем болатын құрылысты айтады. Бір жер учаскесінде бір немесе бірнеше негізгі құрылыстар бола алады;
17) қызметтік құрылыс деп - жер учаскесінде негізгіге қатысты кейінгі орындағы маңызға ие құрылысты айтады. Қызметтік құрылыстарға сарайлар, гараждар, моншалар мен басқалар жатады;
18) лоджия – күрделі қабырғаларының үстіңгісінің үш жағынан шектелген және алдыңғы жағы ашық, жабындысы бар алаңша;
19) мансардтты қабат (мансарда) – қасбеті толығымен немесе жартылай еңкіс беттен (беттерден) немесе сынық төбеден пайда болған шатырдағы кеңістіктегі қабат;
20) өткерме жол - әртүрлі деңгейдегі жолдардың қиылысы орнына салынған жасанды құрылыс;
21) селөткізгіш - жол үстінен таулардағы балшық-тасты ағындар өткізу үшін соғылатын жасанды құрылыс;
22) сутартқыш - суқабылдағыштан, су жинағыш құрылыстан оны беру үшін арналған тоннель, арна, лоток немесе құбыр тәріздес құрылыс;
23) тұрғын үйдің (тұрғын ғимарат) жалпы ауданы - барлық тұрғын үйлердің жалпы ауданы мен барлық тұрғын емес үй жайлардың аудандары, сондайақ ортақ мүлік болып табылатын тұрғын үйдің аудандарының жиынтығы;
24) тоннель - ойқыс тау шатқалдарында қиылысатын көшелердің тарамдарына арналған таудың ішіне жолсалу үшін соғылатын жасанды құрылыс;
25) техникалық қабат - инженерлік құрал-жабдықтар мен коммуникация төсемдерін орналастыратын қабат, төменгі (техникалық астыртын орында) және/немесе жоғарғы (техникалық шатырда) қабатта орналасуы мүмкін;
26) техникалық жерасты бөлігі - жердің нөлдік белгісінде орналасқан және төбесінің биікті 1,5 метрден аспайтын жылытылмайтын үй-жай (техникалық жерасты жеріне сызбалық жоспар сызылмайды);
27) тамбур - үй-жайға, басқыш алаңға немесе асқа жайларға кіре берістегі суықтың, түтіннің, иістің өтпеуінен қорғау үшін қызмет ететін есіктер арасындағы өтпелі бөлме;
28) террасса - төбесі бар, қоршалған ашық құрылыс (алаң) немесе пайдаланылатын жабынды жайдың төменгі жағындағы демалысқа арналған аудан түріндегі, ғимаратқа қосылып салынған қосымша құрылыс;
29) тоғысқыр - тоғыспаның немесе доғаның жоғарғы нүктелерін байланыстыратын тік сызық;
30) үй төбесіндегі үйшік (мезонин) - бұл ауданы бойынша төменгі қабаттан кіші және олармен ішкі қатынастары бар, ортақ шатыр құрылысынан жоғары көтеріліп, үстіне салынған құрылыс;
31) үй асты қабаты (цокол) - жер бетінің жердің жоспарлы белгісінен төмен, бірақ үй биіктігінің жартысынан аспайтын белгідегі қабаты;
32) эркер - тұрғын үй қабырғасының жартылай дөңгелек, үш бұрышты немесе қырланып шыныланған шығыңқы жері. Көбінесе қасбет биіктігі бойынша бірнеше қабаттарға жасалады.
3. Жылжымайтын мүлік объектілері үш күрделілік санатына бөлінеді:
1) бірінші күрделілік санатына осы Нұсқаулыққа 1–қосымшаға сәйкес төрт үй жайдан аспайтын тікбұрышты нысандағы құрылыс жатады;