• Мое избранное
"Республикалық бюджеттің қаражаты есебінен жүргізілетін тұқымның, оның ішінде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің себуіне арналған тұқымның сорттық және егістік сапасын сараптау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 12 тамыздағы № 805 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 24.02.2016 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

"Республикалық бюджеттің қаражаты есебінен жүргізілетін тұқымның, оның ішінде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің себуіне арналған тұқымның сорттық және егістік сапасын сараптау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 12 тамыздағы № 805 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 310 қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 24 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 30.01.2016 жылғы № 43 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен жүргiзiлетiн тұқымның, оның iшiнде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң себуiне арналған тұқымның, сорттық және егістік сапасын сараптау ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2003 жылғы 12 тамыздағы № 805 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 33, 327-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Тұқымның, оның iшiнде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң себуiне арналған тұқымның сорттық және егiстiк сапасына сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен жүргiзiлетiн тұқымның, оның iшiнде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң себуiне арналған тұқымның сорттық және егу сапасын сараптау ережесi осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2014 жылғы 2 сәуірдегі
№ 310 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2003 жылғы 12 тамыздағы
№ 805 қаулысымен
бекітілген
Тұқымның, оның iшiнде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң себуiне арналған тұқымның сорттық және егiстiк сапасына сараптама жүргізу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тұқымның, оның ішінде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің себуіне арналған тұқымның сорттық және егістік сапасына сараптама жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы № 385 Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 10) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Тұқымдық және отырғызу материалының сорттық және себу сапасын айқындау» республикалық бюджеттік бағдарламасы шеңберінде тұқымның, оның iшiнде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң себуiне арналған тұқымның сорттық және егістік сапасына сараптама жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Тұқымның сорттық және егістік сапасын сараптау жөніндегі көрсетілетін қызметті жеткізушіні таңдау Қазақстан Республикасының тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
3. Ауыл шаруашылығы дақылдары тұқымының сорттық және егістік сапасын тұқымдық сараптау (бұдан әрі – сараптау) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, бірінші, екінші және үшінші репродукциялы бірегей және элиталық тұқым өндірушілер, мемлекеттік сортсынау учаскелері мен станциялары, сондай-ақ мемлекеттік тұқым ресурстары үшін міндетті түрде жүргізіледі.
4. Тұқымдарды сараптауды тұқым сапасын сараптау жөніндегі аттестатталған зертханалар жүзеге асырады.
2. Тұқымның сапасына сараптама жүргізу тәртібі
5. Тұқымның сапасын сараптау қолданыстағы стандарттарға (бұдан әрі – стандарт) сәйкес өнгіштігі және (немесе) өміршеңдігі, ылғалдылығы, 1000 дәннің салмағы, тазалығы, ауруға шалдығуы, зиянкестермен залалдануы (толық талдау) көрсеткіштері не көрсетілген көрсеткіштердің біреуі немесе бірнешеуі (толық емес талдау) бойынша жүргізіледі. Мақта тұқымының сапасын сараптау мынадай көрсеткіштер бойынша жүргізіледі: өнгіштігі, ылғалдылығы, жетілгендігі, механикалық зақымдануы, 1000 дәннің салмағы, арамшөп араласуы, қамбалық зиянкестермен залалдануы, қызып кетуі, талшық қалдығы, түктену қалдығы.
6. Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердің, мемлекеттiк сорт сынау учаскелерi мен станцияларының, сондай-ақ сақтауында мемлекеттiк тұқым ресурстарын сақтап отырған астық қабылдау кәсiпорындарының әрқайсысы бойынша ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң түрлерi бойынша тұқымның сапасына зерттеу жүргізу санын жергілікті атқарушы органдардың аудандық (қалалық) ауыл шаруашылығы бөлімі (бұдан әрі – бөлім) басшысының бұйрығымен құрылған, кемінде бес адамнан тұратын комиссия айқындайды. Комиссияның құрамына бөлімнің, жер ресурстарын басқару жөніндегі органдардың, қоғамдық ұйымдардың өкiлдерi кіредi.
7. Тұқымды сараптауды жүргiзу үшiн бөлім мен тұқым сапасын сараптау жөнiндегi аттестатталған зертхана арасында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) бекіткен үлгіде тұқымның сорттық және егістік сапасын айқындау бойынша көрсетiлетін қызметтер туралы екi данада шарт жасалады.
8. Сапаның нормативтік-техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкестігін тексеру үшін құюға, сақтауға және себуге дайындалған партиялардан тұқым сынамалары алынады.
Тек себу үшін ғана арналған тұқым партияларынан сынамалар алуды тұқым өндірушілердің өтінімі бойынша тұқым сарапшылары және (немесе) тұқым сапасын сараптау жөніндегі аттестатталған зертханаларда тиісті дайындықтан өткен тұқым өндірушілер (олардың өкілдері) жүргізеді.
Сатуға жатқызылған тұқым партияларынан сынамалар алуды тұқым өндіруші өкілдің қатысуымен бөлімнің тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторлары жүргізеді.
Тұқымның партиясы ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттық егістерін сынаудан өткізу актісімен бірге жолданады.
Сынамаларды іріктеу стандарттарға сәйкес жүргізіледі және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 қарашадағы № 1279 қаулысымен бекітілген Тұқым сапасына сараптама жасауды жүзеге асыру қағидаларына (бұдан әрі – Тұқым сапасына сараптама жасауды жүзеге асыру қағидалары) сәйкес айқындалған нысан бойынша сынамаларды іріктеу актісімен екі данада ресімделеді. Актінің бір данасы сынама алынған отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушісіне қалдырылады, екінші данасы сынамамен бірге тұқым сапасын сараптау жөніндегі аттестатталған зертханаға жіберіледі.
9. Тұқым сапасын сараптау жөніндегі аттестатталған зертхана сынамаларды зертханалық талдау нәтижелері негізінде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге Тұқым сапасына сараптама жасауды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген нысандар бойынша тұқымның сапалылығы туралы куәлік немесе тұқымды талдау нәтижесін береді.
Тұқымның сапалылылығы туралы куәлік егістік сапасы осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген барлық көрсеткіштер бойынша тексерілген (толық талдау) және стандарт талаптарына сай келетін тұқым партияларына беріледі.
Тұқымның сапасы туралы куәлікті өнгіштігінің орнына тұқымның өміршеңдігі нормасын ескере отырып жиналған жылы себуге пайдаланылатын күздік дақылдардың тұқымына, егіске дейін он бес және одан аз күн бұрын ылғалдылығы мен зиянкестермен залалданғандығын айқындамай (сатуға арналған тұқымнан басқа) талдау жүргізілетін тұқымға беруге рұқсат етіледі. Тұқымды талдау нәтижесі осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген көрсеткіштердің бірі бойынша стандарттың талаптарына (толық талдау кезінде) сай келмейтін тұқымға, сондай-ақ сапалық көрсеткіштерінің барлығы бойынша тексерілмеген тұқымдарға да (толық емес талдау) беріледі.
10. Тұқым сапасын сараптау жөніндегі аттестатталған зертхана тұқымның сапасы туралы куәлікті немесе тұқымды талдау нәтижесін өнгіштігі айқындалған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде береді.
Тұқымдарға жүргізілген зерттеу қорытындысы бойынша тұқымның сапасын сараптау жөніндегі аттестатталған зертхана тұқымдардың сорттық және егістік сапасын анықтау үшін көрсетілген қызмет туралы актілерін Министрлік бекіткен нысан бойынша үш данада жасайды, бір данасы тұқым сапасын сараптау жөніндегі аттестатталған зертханада қалады, екінші дана отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге, үшінші дана бөлімге беріледі.
11. Сынаманың талдаудан қалған бөлігі ауданда осы дақылдың егісі аяқталғаннан кейін (аудандық статесептілікке сәйкес) бір ай ішінде тұқым сапасын сараптау жөніндегі аттестатталған зертханада сақталады.
Көрсетілген мерзім өткеннен кейін немесе тұқым сынамасын қайталап талдауға алған кезде сынаманың қалған бөлігі отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қайтарылып беріледі.
12. Тұқымның сорттық және егістік сапасын айқындау жөніндегі қызметтер көрсету туралы акті негiзiнде бөлім Министрлік бекіткен нысанда аудан бойынша көрсетiлген қызметтерді бағалау актiсiн екi данада жасайды, екiншi данасы жергілікті атқарушы органның облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына (бұдан әрі – басқарма) жiберiледi.
Басқарма бөлім ұсынған көрсетілген қызметтерді бағалау актiлерiн тексереді, Министрлік бекіткен нысанда облыс бойынша көрсетiлген қызметтердiң жиынтық актiсiн жасайды және оны бекiтеді.
Облыс бойынша көрсетiлген қызметтердің жиынтық актiсiнiң негiзiнде тұқымның сорттық және егістік сапасын айқындау жөніндегі көрсетiлген қызметтер үшiн белгiленген тәртiппен қаржыландыру жүргiзiледi.
Тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күніне (төртінші тоқсанда тиісті жылдың 25 желтоқсанынан кешіктірмей) басқарма тікелей және соңғы нәтижелердің нақты жетістіктерін көрсете отырып, бюджеттік бағдарламаның орындалуы туралы есепті, ал қорытынды есепті келесі қаржы жылының 1 ақпанынан кешіктірмей Министрлікке ұсынады.