Toggle Dropdown
1
"Бюджет түсімдерін бюджеттер деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 22 сәуірдегі № 111 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 68 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 31 наурызда № 9285 тіркелді
Toggle Dropdown
1. «Бюджет түсімдерін бюджеттер деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 22 сәуірдегі № 111 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8459 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Toggle Dropdown
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджет түсімдерін бюджеттер деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесінде:
Toggle Dropdown
2 «Салықтық емес түсiмдер» санатында:
Toggle Dropdown
01 «Мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер» сыныбында:
Toggle Dropdown
7 «Мемлекеттік бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар» кіші сыныбында:
Toggle Dropdown
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
04 «Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар» сыныбында:
Toggle Dropdown
1 «Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар» кіші сыныбында:
Toggle Dropdown
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
4 «Трансферттердің түсімдері» санатында:
Toggle Dropdown
01 «Төмен тұрған мемлекеттiк басқару органдарынан алынатын трансферттер» сыныбында:
Toggle Dropdown
1 «Облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен алынатын трансферттер» кіші сыныбында:
Toggle Dropdown
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
2. Бюджеттік жоспарлау және болжамдау департаменті (Ж.Т. Тоқабекова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн және оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.