Toggle Dropdown
БҰЙЫРАМЫН :
Отправить по почте

"Бюджет түсімдерін бюджеттер деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 22 сәуірдегі № 111 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2014 жылғы 7 сәуірдегі № 94 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 11 сәуірде № 9311 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2014 жылғы 26 қыркүйектен бастап ҚР Қаржы министрінің 18.09.2014 жылғы № 404 Бұйрығына сәйкес
1. «Бюджет түсімдерін бюджеттер деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 22 сәуірдегі № 111 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8459 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджет түсімдерін бюджеттер деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесінде :
2 «Салықтық емес түсiмдер» санатында:
04 «Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар» сыныбында:
1 «Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар» кіші сыныбында:
мына:
«
| Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын оның аумақтық бөлімшелері салатын әкiмшiлiк айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар | 2 | 04 | 1 | 21 | 100 | | | | |
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
| Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрл i г i , республикалық бюджеттен қаржыландырылатын оның аумақтық бөлімшелері салатын әк i мш i л i к айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар | 2 | 04 | 1 | 21 | 100 | | | | |
»;
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«
| Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын оның аумақтық органдары салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар | 2 | 044 | 1 | 56 | 100 | | | | |
»;
мына:
«
| Басқа да салықтық емес түс i мдер | 2 | 06 | | | | | | | |
| Басқа да салықтық емес түс i мдер | 2 | 06 | 1 | | | | | | |
»
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
| Өзге де салықтық емес түс i мдер | 2 | 064 | | | | | | | |
| Өзге де салықтық емес түсiмдер | 2 | 06 | 1 | | | | | | |
».
2. Бюджеттік жоспарлау және болжамдау департаменті (Ж.Т. Тоқабекова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн және оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оның мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Министр Е. Досаев